Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptary_Menshik_1179_1201_1179_y_1171_y_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.88 Кб
Скачать

8 Билет

1.Иесіз заттар242-бап. Иесiз заттар1. Меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.2. Егер меншiк иесi бас тартқан заттарға меншiк құқығын алу туралы (осы Кодекстiң 243-бабы), олжа туралы (осы Кодекстiң 245-бабы), қараусыз жануарлар туралы (осы Кодекстiң 246-бабы) және қазына (осы Кодекстiң 247-бабы) туралы ережелер терiске шығармаса, иелену көнелiгiне (осы Кодекстiң 240-бабы) сәйкес иесiз қозғалмалы заттарға меншiк құқығы алынуы мүмкiн.

3. Иесiз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергiлiктi атқарушы органның мәлiмдеуi бойынша қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлдiк берiлген орган иесiз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiне алады.Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.Мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.Сот шешiмi бойынша коммуналдық меншiкке түстi деп танылмаған иесiз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншiк иесiнiң иелiгiне, пайдалануына және билiк етуiне қайта қабылдануы, не иелену мерзiмiне орай (осы Кодекстiң240-бабы) меншiкке алынуы мүмкiн.

2.Жекешеленген тұрғын үйге ортақ меншік

227-бап. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк.Жекешелендiру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегiн алған мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiндегi тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерiнiң бiрлескен меншiгiне көшедi.Жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi тұрғын үй қатынастары туралы заң актiлерiнде белгiленедi.

Тұрғын үйге меншік қүқығы заңы Тұрғын үйге меншік қүқығы, оның өзінше бөлек үй, үйдің бір бөлігі, пөтер немесе пөтердің бір бөлігі екеншіге қарамастан, өзінің туындау негіздері, өкілеттіктерінің мазмұны, тоқтау жөне қорғау жағынан жылжымайтын мүлікке меншік қүқығына жататын жалпы қүқықгық міндеттеулерімен толықтай қамтылады. Тұрғын үйдің белгілі бір өлеуметтік функцияларымен байланысты бірқатар ерекшелікгер ғана сақталады, олар да біртіндеп реттеліп келеді. Мысалы, Тұрғын үй заңы кабылданғанға дейін тұрғын үйде тұруға емес,белгілі бір мақсатқа пайдалануға тыйым салынды, ол меншік иесінің өкілетгігін ,шекгеді. Тұрғьн үй заңының 4-ші жөне 18-баптары меншік иесінің тұрғын үйді немесе оның бір бөлігінде тұруға емес,белгілі бір мақсатына пайдалануы үшін оған мемлекеттік оргаңдардың рүқсаты керек емес екендігін тікелей белгіледі.Жекешелендіру шарты заңнамада анықталған, ол өтемді немесе өтемсіз болуы мүмкін. Мемлекеттік пөтердің онда тұратын адамның меншігіне жекешелендіру төртібінде өткен барлық жағдайларда иемденушіге мүңдай пөтерді сатып алу-сату шарты бойынша иемденудің өдеттегі жағдайымен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер берілді.Жекешелендіргенде пәтер қандай да бір жекешелендіру жеңілдікгері берілген негізігі жалдаушының ғана емес, петерді жекешелендіру кезінде онымен бірге тұратьш, оның кейбіреуі сол кезде жоқ болса да, барлық басқа отбасы мүшелерінің меншігіне өтеді. Бүл адамдардың барлығы тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік қүқығына ие болады.Егер жекешелендіруге жататьш пәтерде бірнеше жалдаушы (бірнеше отбасы) тұрып жатса, онда жекешелендіру үшін барлық жалдау-шылардың жөне олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімі керек. Мұндай пәтер өрбір отбасының үлесі нақты бөлініп, олардың ортақ үлестік меншігіне өтеді. Ол нақты үлес мүндай отбасы мүшелерінің ортақ бірлескен меншігінде болады.Жер учаскесінің мемлекеттік қажеттер үшін алынуына (мәжбүрлеп сатып алынуына) байланысты үйге меншік қүқығьнан бұрын айырылған адамдардың тұрғын үй алуын Тұрғын үй заңының 15-бабы меншік қүқығының өзінше бөлек негізі деп атайды. Бұл жағдайда ескі үйдің меншік иесі өз қалауы бойьнша немесе, ақшалай немесе затгай (жаңа тұрғын үй түрінде) өтем талап етуге қүқылы.Меншік иесінің тұрғын үйге қүқығы тоқтаған жағдайда оның отбасы мүшелерінің ішіндегі кәмелетке толмаған балаларының мүддесі қосымша қорғауға алынған (13-баптың 3-тармағы, 30-баптың 2-тармағы).Бұл баяндалғандар меншік иесінің отбасы мүшелерінің оған тиесілі тұрғын үйге заттық қүқығы ретіндегі құқығын бағалауға мүмкіндік береді, ал бұл қүқық меншік иесінің қүқығының туындысы және оған тәуелді болғандықтан біршама шектелген.

3.Меншік құқығын меншіктенушінің міндеттемелері бойынша тоқтатылуы.

249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi

      1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.        2. Мүлiктi меншiк иесiнен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:        1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;        2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;        3) реквизицияланған;        4) тәркiлеген;        5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi мәжбүрлеп иеліктен шығарған;        6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған;       7) мемлекет меншігіне алып қойған реттер кірмейді.       3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:        1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіндекөзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен;       2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;        3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.        3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.        4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]