
- •1.Меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар пәні
- •1.Субъективтік меншік құқығы
- •2.Азаматтардың меншік құқығының субъектілері
- •Емтихан билеті № 3
- •1.Объективтік меншік құқығы
- •2. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
- •Емтихан билеті № 4
- •1.Субъективтік меншік құқығы
- •2.Азаматтардың меншік құқығының объектілері
- •3.Пайдалану құқығы
- •1. Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы
- •3. Заттың қирауы және жойылуы
- •3. Жерге меншік құқығының түсінігі.
- •7 Билет
- •2. Реквизиция
- •3.Жай серіктестіктің ортақ меншігі
- •8 Билет
- •Емтихан билеті № 9
- •1.Шаруашылық серіктестіктің ортақ меншігі
- •2. Өңдірістік кооперативтің меншік құқығы
- •3. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттар
- •2.Ортақ меншіктің түрлері
- •3.Олжа ұғымы
- •2. Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы пайда болатын кез(238-бап)
- •2.(Шаруа фермер) қожалығының ортақ меншігінің құқықтық ерекшеліктері.
- •II. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру
- •III. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
- •I.Банкрот деп тану
- •II. Акционерлік қоғамды басқару
- •III. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару
- •Емтихан билеті № 19
- •Емтихан билеті № 20
- •Емтихан билеті № 21
- •Емтихан билеті № 22
Емтихан билеті № 4
1.Субъективтік меншік құқығы
Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз - азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы.
Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз-азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары. Қорғаудың заттық – құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.Меншік құқығын, қорғаудың заттық –құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз – меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы. Меншік құқығын тану туралы талапты құқығын өзімен міндеттемелік немесе басқадай салыстырмалы қатынастарда емес басқа адамдар даулаған, теріске шығарған немесе мойындамаған, жеке-белгілі бір заттың меншік иесі қоюы мүмкін. Меншік иесінің талабы, бұл ретте, барлық азаматтардың меншік құқығын бұзбауын, оның ішінде ол құқықты тануын міндеттейтін абсолюттік құқықтың мәніне негізделуі тиіс. Меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану туралы талап қоюдың қажетті шарттарының бірі-құқық бұзудың ұзаққа созылу сипаты. Құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншік иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету құқығына кедергі келтірген басқа адамдардың заңсыз әрекеттерінен келген зиянды төлету әдістермен қорғалады. Сондықтан, меншік құқығын тану туралы талапқа ескіру мерзімі таралмайды.
2.Азаматтардың меншік құқығының объектілері
Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты ықпал етеді. Меншік объектілерін құқықтық реттеуді екі принципте бейнелеуге болады. Біріншіден, азаматтардың меншігінде заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін. ( АК-ның 191-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл шектеулер заң құжаттарында белгіленеді. 3-баптың 1-тармағы бойынша заң құжаттарында тек заңдар, заң күші бар Президент жарлықтары, Парламент қаулылары, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары жатады. Азаматтардың меншік құқығының нысандарына қолданылатын екінші принцип АК-ның 191-бабы 2-тармағының 2-бөлігінде келтірілген - «жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді».
Азаматтық құқықтардың объектілері Азаматтық кодекстің 3-тарауында реттелген.
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады. 2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс. 3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi. 4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.
119-бап. Кәсiпорын
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады.
127-бап. Ақша (валюта)
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады. 2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады. 3. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма қол төлеп және қолма қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттерi, тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
128-бап. Валюталық қазыналар
1. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi және олар арқылы мәмiлелер жасау тәртiбi заң құжаттарында белгiленедi. 2. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады.
Меншік объектілері жалпы және арнаулы режимге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты бекітілген арнайы нормативтік ереженің болуы.
Арнаулы режим бірқатар объектілер үшін белгіленген. Бәрінен бұрын жылжымайтын мүлікті айтуға болады. Онымен мәміле мемлекеттік тіркеуден олар өткен кезден бастап жасалды деп саналады. Сонымен қатар, жерге байланысты мәміле жасау үшін бірқатар қосымша рұқсаттар керек. Автокөлік құралдары IIМ-нің аумақтық органдарында арнаулы тіркеуден өтеді. Бағалы қағаздардың айналымын арнаулы заңнама реттейді. Сонымен қатар, біраз объектілер азаматтық айналымда шектелген. Қару-жарақ, күшті әсер ететін улар, жарылғыш заттар, өнер туындылары және тағы басқалар жайында осыны айтуға болады. Біреулерін пайдаланғанда арнаулы есепке қою керек, басқалары үшін тиісті бір қызметте болу шарт, ал үшіншісінде, оларды иемдену мен сатудың ерекше ережесі қарастырылған.
Меншіктің ең маңызды объектілері жер мен тұрғын үй болып табылады.
2.«Жер туралы» заңнын 2-бабына сәйкес жер құқық объектісі болып табылады, яғни жерге жеке меншік азаматтардың меншігі түрінде болады. («Жер туралы заңның» 15-бабы, 2-тармағы). Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, заңның 33-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтың құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құндылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігі мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін арттырады, яғни ол меншік құқығының дербес объектісі ретінде көрінеді.
Жерге жеке меншік құқығы-азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексінде және басқа заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде иемдену, пайдалану және билік ету құқығы. Жер учаскесін жеке меншікке беру тиісті аумақтардағы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа), қалалық, поселкелік, ауылдық атқарушы органдардың құзырында.
Тұрғын үй азаматтардың меншік құқығының объектісі ретінде. Тұрғын үйдің құқықтық режимі тұрғын үй қатынастары туралы Заңда анықталған. Азамат өзінің Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұрғанына қарамастан, егер заң құжаттарында басқадай көзделмеген болса жеке меншігінде заңды түрде тұрғын үй иемденуге құқылы. Бір азаматтың меншігінде болатын тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.
3.Азаматтардың меншік объектісінің маңызды түрінің бірі тұрғын – жай болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес азамат, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратындығына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бұл орайда азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.
Қазіргі кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде кеңінен танымал. Олар азаматтардың меншік құқықтарының объектілері болып есептеледі (АК-тің 129-140 баптары). Азаматтардың меншік құқығының бұл объектісінің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген