Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptary_Menshik_1179_1201_1179_y_1171_y_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.88 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 20

1.Жерге меншік құқығының және өзге құқықтардың пайда болу негіздері. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы АК-ның 13-тарауында көзделген тәсілдермен және ҚР Жер кодексінің тиісті нормаларымен алынуы мүмкін. АК нормаларын қолданғанда ескеретін бір жағдай - меншік құқығын иемденудің бірқатар негіздері жер учаскесіне меншік құқығын иемденгенде негіздер бола алмайды. Мысалы, өндеу, олжа сияқты тәсілдер арқылы тек жылжитын мүлікке ғана құқықты иеленуге болады. Сонымен қатар, жер учаскесіне заттық құқықты иеленудің негіздерінде, кейбір жағдайларда, өзіндік ерекше сипат бар. Жерге жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын иеленудің негізгі тәсілдері, ҚР Жер кодексінің 22 және 31-баптарына сәйкес, мыналар болып табылады: көрсетілген құқықтарды әмбебап құқық мирасқорлық тәртібінде беру, басқаға беру немесе олардың өтуі. Беру дегеніміз - тиісті құқықты мемлекет арқылы иелену. Құқықты басқаға беру ондай құқықты қайталама рынокта иеленгенде болады. Әмбебап құқық мирасқорлық заңды тұлға қайта құрылғанда немесе мұраға алғанда орын алады. Жеке меншік құқығын иелену тәсілдерінің тізбесі жер пайдалану құқығын иемдену тәсілдеріне қарағанда кең. Мысалы, жер пайдалану құқығын иелену тәсілдеріне иелену көнелігін жатқызуға болмайды. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе қайталама рынокта немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібінде уақытша жер пайдалану құқығын иелену қозғалмайтын мүлікке құқықтардың туындауы үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріліп жүзеге асырылады. Атап айтқанда мұндай құқықтар, құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап туындайды. Бұл ретте көрсетілген құқықтардың субъектілері мен жер учаскесінің мақсатты пайдалануы үшін белгiленген заң талаптары сақталуы тиіс. Құқықтарды мемлекет бергенде сол құқықтардың туындауы жайындағы нормалар өзіндік ерекшелік сипатқа ие болады.

2.Өңдеу ұғымы.  237-бап. Өңдеу.1. Шартта өзгеше көзделмегендiктен, адам өзiне тиесiлi емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншiк құқығын материалдардың меншiк иесi алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуiр асып кетсе, жаңа затқа меншiк құқығын адал жұмыс iстеп, өңдеудi өзi үшiн жүзеге асырған адам алады. 2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, өз материалдарынан дайындалған затқа меншiк құқығын алған материалдардың меншiк иесi ол затты өңдеудi жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншiк құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншiк иесiне олардың құнын қайтаруға мiндеттi. 3. Өңдеудi жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде материалынан айрылған меншiк иесi жаңа затты өз меншiгiне берудi және өзiне келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

3.Акционерлік қоғамдардың меншік құқығы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік  құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді. Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде республика Үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады. Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады. Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылылығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады. Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді. Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға. Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін кандидатураларды ұсыну; қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау; дивидендтер алу; - қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам жарғысымен белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен танысу; - тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы қағаздардың меншік иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені алу; қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу және қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алу;- қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (сату) бағасы бойынша ондағы бар акцияларға теңбе-тең артықшылықпен сатып алу. Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционердің қоғамның жай акцияларына айырбасталатын жай акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционер қоғамның артықшылықты акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы бар.Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшін қажет акциялар санын білмеген жағдайда орналастырылатын бағалы қағаздарды басқа акционерлермен бірге жалпы меншік құқығы бойынша сатып алуға құқылы. - қоғам таратылған жағдайда жеке меншік мүліктің бөлігіне.Артықшылықты акция Заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын білдірмейді. Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің мынадай басымдықтары бар:- қоғам жарғысымен белгіленген кепілдік берілген мөлшерде алдын-ала анықталған дивидендтерді алуға жай акциялардың меншік иелері – акционерлер алдындағы және осы Заңмен белгіленген тәртіппен қоғамды тарату кезінде жеке мүліктің бөлігіне басым түрдегі құқығы; Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Қоғам қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.3. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын мемлекет меншігіне алып қою оларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]