Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptary_Menshik_1179_1201_1179_y_1171_y_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.88 Кб
Скачать

II. Акционерлік қоғамды басқару

1. Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

2. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi.

3. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды.

4. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлiк қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлiк қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.

5. Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады.

6. Акционерлiк қоғамда заң актiлерiне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.

7. Акционерлiк қоғам органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және қоғам атынан әрекет жасау тәртiбi осы Кодекске, заңдарға және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.

III. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:

республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті саланың уәкілетті органымен;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының жергілікті атқарушы органмен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.

2. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, мемлекеттік кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.

3. Басшыны тағайындау, осы Заңда көзделген жағдайларда басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін осы Заңда және мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

5. Мемлекеттік кәсіпорын басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады.

6. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, осы Заңда белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

7. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды.

Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) басшының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.

8. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін басшы белгілейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]