Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptary_Menshik_1179_1201_1179_y_1171_y_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.88 Кб
Скачать

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 1

1.Меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар пәні

Меншік құқығы дегеніміз-субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиісілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Меншік құқығы түсінігі және мазмұны

Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат.

Меншік құқығы — неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады.

Меншік Құқығы:

Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;

Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Ортақ меншік құқығы

Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады, - делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен, заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік қүқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да ортақ меншікке қатысушылар, ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 2

1.Субъективтік меншік құқығы

Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы.

2.Азаматтардың меншік құқығының субъектілері

Меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады. Бірақ, ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның кәсіпкер – құрылтайшысы қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат өзінің үлесін қосу арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады (АК-тың 58-бабы, 3-тармағы). Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөлінде болады.

3.Билік ету құқығы

Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]