Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып эиим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
139.78 Кб
Скачать

Тақырып №4. Қазақстандағы экономикалық құрылымдарға сәйкес индустриалды – инновациялық даму кезеңдері

Сұрақтар:

  1. Индустриалды – инновациялық даму кезеңдері

  2. Инновациялық жүйе

  3. ҚР-дағы ауыл шаруашылығының жағдайы

Мақсаты: Еліміздің экономикалық құрылымдарға сәйкес индустриалды – инновациялық даму кезеңдерін қарастыру

Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, ҚҚT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.

      Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзу, Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электротехникалық комиссиясына, т.б. кiруi жоспарланады. Қазақстан экономикасының тұрақты өсу қарқыны республиканың еңбек рыногына оң әсер етуде, ол экономика салаларында жұмыс істеушілер қатарының тұрақты көбеюімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша республика экономикасында 7.1 млн. адам жұмыс істейді, бұл өткен жылмен Еңбек рыногындағы жағдайды жақсартуға Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру әсер етіп отыр. Мәселен, 2005 жылы жұмыссыздық деңгейі (алдын ала деректер) 8,4 % (2003 жылы 8,8 %) болды. Өңірлер бойынша оның ең төмен деңгейі ШығысҚазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.

Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады.

Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi.

Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi. Өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобаларды iске асыру басталады. Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.

Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.

Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.