
- •Тақырып № 1 Индустриалды және инновациялық дамудың негізі
- •Тақырып №2 2003-20015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы және оның нәтижелері
- •Тақырып №4. Қазақстандағы экономикалық құрылымдарға сәйкес индустриалды – инновациялық даму кезеңдері
- •Тақырып №5. Индустриалды-инновациялық дамуды ынталандырушы және тежеуші факторлар
- •Тақырып №6 Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •Тақырып №7. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты
- •Тақырып №7. Отандық және шетел тәжірибесіндегі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы
Тақырып № 1 Индустриалды және инновациялық дамудың негізі
Сұрақтар:
Инновация, инновациялық қызмет ұғымына түсінік
Инновациялық саясаттың объектісі, субьектілері және құралдары
Инновация және инновациялық қызметтің экономикалық мәні
Мақсаты: Индустриалды және инновациялық дамудың негізін сипаттау
ҚР-ның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы Заңына сәйкес, инновация бұл- өндірісті және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-технологиялық қызметтің нәтижесі. Инновацияны инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет, технологиялық үрдіс түрінде іске асырылған нәтижесі ретінде де сипаттайды. Ал инновациялық қызмет дегеніміз инновацияларды өндірістік және қоғамдық басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану. Кең мағынада инновациялық қызмет өндірісті және қоғамды басқарудың әр түрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет ретінде сипаттауға болады. Мұндай қызмет нәтижелері көбінесе экономикалық өсу мен бәсеке қабілеттілік үшін пайдаланылады. Ал кәсіпорынның инновациялық қызметі деп жаңа немесе жетілдірілген өнім алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық әлеуетті пайдалану жөніндегі іс-шаралар жүйесін айтамыз.
Инновациялық қызметтің мотивтері ішкі және сыртқы факторлардан туындауы мүмкін. Осыған байланысты сыртқы мотивтерге келесілерді жатқызуға болады:
Кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігі;
Тұтынушылық талғам мен өткізу нарықтарының динамикасы және жетілуі;
Бәсекелестердің белсенді әрекет етуі;
Салалық, құрылымдық өзгерістер;
Салық, ақша-несиелік және қаржы саясатындағы өзгерістер және т.б.
Ішкі факторлар:
Сату көлемін арттыруға ұмтылу;
Жаңа нарықтарға өту, нарықтағы үлесін кеңейту;
Фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру немесе жақсарту;
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Ұзақ мерзімді кезеңде таза табысын арттыру және т.б.
Ғылыми әдебиеттерде инновацияның бірнеше түрлері қарастырылады. Ең алдымен, технологиялық параметрлеріне байланысты инновацияны өнімдік және үрдістік деп бөлуге болады. Өнімдік инновация - жаңа өнімдерді алуды қамтамасыз ететін жаңа материалдар, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Үрдістік инновация – кәсіпорын құрамында жаңа ұйымдық құрылымды құруды, жаңа технологияны, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қамтиды. Сонымен қатар, инновацияның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар: ғылыми, ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық- басқарушылық, әлеуметтік және кешенді инновация.
Ғылыми инновация жаңа ғылыми бағытты қалыптастыру немесе қандай да бір өзге облыста белгілі бір ғылымның жетістіктерін пайдалану.
Ғылыми-техникалық инновация бұл инновациялық цикл ішінде ғылыми- техникалық жаңашылдықты жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылық- басқарушылық инновация деп бұрынғы қалыптасқан жүйеден айтарлықтай айырмашылықтар бар шешім қабылдаудың жаңа жүйесін, ұйымдық құрылымның, өндірісті немесе еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын басқарудың жаңа әдістерін айтамыз.
Әлеуметтік инновация еңбек жағдайын, экологиялық және басқа да аспектілерді жақсарту, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік топтардағы өзара қарым- қатынасты өзгертуге бағытталған.
Кешенді инновацияға интеллектуалдық еңбектің бірнеше бағыттарын және ғылыми, ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық және басқа да инновацияларды қамтиды.
Инновациялық процестің дамуында ең маңызды рольді – мемлекет атқарады.
Мемлекеттiк инновациялық саясаттарды құрайтын болып:
мемлекеттің тапсырмасымен немесе билік субьектілерінің атынанинновациялық саясаттағы нақтылы мерзiмдерiнде жетуi керек болатын мақсаттар;
Мақсатқа жету үшін обьектілердің анықталуы;
Белгіленген обьектілердің шикізат ,ресурс көлемін анықтау,
Инновацилық саясаттың субьектілері болып билік құрылымдары,яғни әлеуметтік бағыттарға негізделген және қоғамдық қатынастарға әсер теу жолымен анықталады.
Ал инновациялық саясаттың объектісі болып, ғалымдар, технологтар, иноваторлар, яғни жаңа шыққан жаңалық емес,сол жаңалықты ашушы адамдарды жатқызамыз.
Негізгі мемлекетің инновациялық саясатының құралдары болып:
нұсқаушы шаралар;(стандартизациялау, патент заңы, т.б.)
инфрақұрылым саласына қызмет көрсету( ұйымдарды мадақтауы);
дотацияларды беру және шарт жасасу жолымен инновациялық жобалардың төте мадақтауы ;
жанама ынталандыру(салықтан босату, салықтық жеңілдіктер).
Инновациялық қызмет алдын ала игерiлген стратегияға, яғни нақты шаралар және инновациялық саясаттың айтылған мақсаттарының табысына бағытталған заң шығару және ұйымдастыру сипаттарының шараларының жоспарлалатын жүйесiне тұрақтанады.
Инновациялық стратегияның бас мақсаты мемлекеттiң инновациялық саясатының мақсаттармен және есептерiмен сәйкес тиiмдi реттеу және корпорациялар, фирмалар және әр түрлi жеке меншiк түрлерiнiң кәсiпорындарының инновациялық қызметiнiң негiзгi бағыттарының дамытуы үшiн қолайлы жағдайлардың жасауы болып табылады.