Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора по каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.33 Кб
Скачать

Билет №20

1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. (монолог) Адам өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген салт – дәстүрлер орындалады. Соның бірі – бала тәрбиесіне байланысты салттар. Себебі қазақ халқы: «-Бала -өмірдің жалғасы, болашағы...»,- деп оның тәрбиесіне көп уақыт, көңіл бөледі. Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. Сәби дүниеге келгеннен кейін жасалатын салт-дәстүрлер:

Ат қою ( имя наречение) – нәрестеге ат қою тойы

Шілдехана( той в честь новорожденного) – бала дүниеге келген кезде жасалатын қалжа.

Бесік тойы( ложить в колыбель) – ісмер адам дайындаған бесікке салған күнге мереке.

Қырқынан шығару ( сороковины новорожденного) - 40 күнге толғанда мереке

Тұсау кесу ( разрезание пут) – баланың жүре бастағанда аяғына ала жіп байлап, оны жолы үлкен кісі қиятын мереке түрі.

Тілашар ( учиться грамоте) – оқуға бару тойы

Мүшелтой - он үш жасқа толғанына жасалатын той

Кәмелет (совершенолетие) – кәмелет жасына келген той

Қыз ұзату , не үйлендіру тойы ( замужество дочери или женитьба сына)

2.Еліктеу сөздер.

Еліктеу сөздер – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.

Құрамына қарай: дара - мысалы: арс, гүрс,тарс т.б.күрделі - мысалы: жарқ-жұрқ, тарс-тұрс т.б.

Тұлғасына қарай: негізгі - мысалы: арс, гүрс,тарс т.б.туынды - «-аң,-ең,-ың,-ің,-ң» жұрнақтары арқылы жасалады мысалы: жылтың, қисаң-қисаң т.б.

Мағынасына қарай: еліктеуіш - мысалы: арс-арс етті, тарс-тарс етті т.б. бейнелеуіш - мысалы: жалт қарады, дір-дір етіп тоңды, бүлк-бүлк су қайнады

3.Синтаксистік талдау жаса.

Соңынан мерекелік дастарқан жайылды.

Билет №21Төле би. (монолог)Төле би – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би Ұлы жүзді басқарған шешен. Ол 15 жасында әділдігімен, шешендігімен елге танылды. Абылайханға көп қызмет еттіп, Тәуке ханның кеңесшісі болған. Төле би туралы көп тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер кең тараған. Халық оны көзі тірісінде «Қарлығаш әулие» деп атаған. Ташкент қаласында Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. Алматыда оның атында көше бар және Астанада оған ескерткіш орнатылған.

2.Оқшау сөз. (обособлен.сл.) Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. Оқшау сөздер үш топқа бөлінеді: Олар: қаратпа (обращ.), қыстырма (вводн.сл.), одағай(межд.).

Қаратпа сөздер (обращение) - біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер. Мысалы: Балалар, мектепке келіңдер. Қаратпа сөзден кейін үтір қойылады. Қаратпа сөз сөйлем мүшесі болмайды.

2.Қыстырма сөздер - сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөздер. Мысалы: менінше, біріншіден, әрине, мүмкін, кім білсін.

Мысалы: Біріншіден, жақсы оқу керек. Мүмкін, әжем бүгін келер.

3.Одағай сөздер:

1)көңіл-күй одағайы – аһ, ой, алақай, бәрекелді және т.б 2)жекіру одағайы – тәйт, тек, жетер, тсс; 3)шақыру одағайы – малдарды шақыруға байланысты қолданылатын сөздер: шөре-шөре, кә-кә, құру-құру; 4)тұрмыстық өмірде қолданылатын одағайлар - сәлем, рақмет, қош.

3.Синтаксистік талдау жаса.

Ол тоқсан үш жасында дүние салған.

Билет №22Қазыбек би. (монолог)Қазыбек би (1667-1764) – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты биі. Қазыбек би орта жүзді басқарған, шешендік сөздің майталманы. Ол «Жеті жарғы» заң жинағын жасаушылардың бірі.Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен,ақы; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен би болған; үшіншіден,, ол-халықаралық дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері. Қазыбек би Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген. Оның атында көшелер, ескерткіштер бар.

2.Сөйлем мүшелері. (члены предл.)Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді:

Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құрайтын мүшелер: бастауыш пен баяндауыш.

Тұрлаусыз мүшелер – сөйлемдегі ойды толықтыратын мүшелер: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, қимылдың, ойдың иесін білдіреді. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Зат, сын, сан есімдерді, есімдікті білдіреді. Шартты белгісі- сызық.

Баяндауыш – қимылды білдіріп, ойды аяқтайды. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Етістікті, зат, сын, сан есімдерді білдіреді. Шартты белгісі - қос сызық.

Тұрлаусыз мүшелер

1. Толықтауыш – зат есім, есімдік (Атау және Ілік септігінен басқа сұрақтарға жауап береді)

2. Анықтауыш – сын есім (Қандай? Қай?) заттың сын-сипатын анықтап тұрады.

3. Пысықтауыш – үстеу (Қайда? Қашан?) сөйлемде іс-қимылдың мекенін аңықтайтың мүше. Мағынасына қарай 5 түрге бөлінеді. Мекен – қайда?,қайдан?; мезгіл – қашан?, қашаннан бері?; Себеп-салдар – неліктен?, не себептен?; қимыл-сын – қалай?; мақсат – неге?, не үшін?, не мақсатпен?

3.Синтаксистік талдау жаса.

Ол халықаралық дәрежедегі елші болған.

Билет №23Әйтеке би. (монолог) Әйтеке би (1644-1700) – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты билердің бірі. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би.Әйтеке би «Жеті жарғыны» шығаруға зор үлес қосты. Ол өте ақылды, шешен болған. Әйтеке бидің толғаулары, шағын әңгімелері өте көп. Оның атында көшелер, ескерткіштер бар.

2.Жай сөйлем. (простые предл.)Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы сөйлем деп аталады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті болады.

Құрамына қарай:

Жақты Жақсыз Жалаң Жайылма

Бастауышы бар сөйлем

М-лы: Қар жауды. Бастауышы сөйлем.

М-лы: Бұл жерде суға түсуге болмайды Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем

М-лы: Жұмыс жүріп жатыр. Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем

М-лы: Ол нан сатып алды.

Толымды Толымсыз Атаулы

Іс оқиғаны бааяндамай, тек соған қатысты

мезгілді, мекенді көрсететін сөйлем.

М-лы: Аппақ қар. Алтын күз.

Ойға қажетті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлем.

М-лы: Адам үшін ең қымбат нәрсе-уақыт. Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем (диалогта жиі кездеседі).

М-лы: -Балам, қайдан келдің?

-Астанадан.