
- •Билет №4
- •2.Септік жал
- •3.Берілген сөзді септе. Ту.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •3.Морфологиялық талдау жаса. Қаламыз – таза, өте әдемі..
- •Билет №8
- •Билет №9
- •2.Өткен шақ.
- •3.Берілген етістікті өткен шақта жікте. (зерттеу)
- •2.Келер шақ.
- •3.Берілген етістікті келер шақта жікте. (салу)
- •2.Етістік райлары.(наклонен.
- •Билет №16
- •Билет №20
- •3.Синтаксистік талдау жаса.
Билет №9
1.Киіз үй. (монолог)Киіз үй – қазақтың киелі баспанасы. Мұнда қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі жатыр. Киіз үйден құрылыс, сурет, қол өнері т.б. өнер туындысын көруге болады. Киіз үй көшіп-қонуға арналған, тез құрылып, тез жиналады. Ол қыста жылы, жазда салқын болады. Оның киізінен (кошма) жауын өтпейді.Киіз үйдің негізгі сүйектері: кереге, уық, шаңырақ және сықырлауық (киіз үйдің есігі). Киіз үйдің есігін ағаштан жасайды. Сыртында әдемі жапқыш болады.Киіз үйдің киіздері: туырлық (керегені жабады), үзік (уықты жабады), түндік (шаңырақты жабады). Киіз үй 4, 6, 8, 10, 12 қанатты болып бөлінеді. Қазір киіз үйді тек малшылар қолданады. Киіз үйді мұражайда немесе мереке күндері көруге болады. Жыл сайын біздің қаламызда Наурыз мерекесіне киіз үйлер тігіледі.
2.Етістік.Етістік - заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не істейді? қайтті? Құрамына қарай: дара (мысалы: келді), күрделі (келіп тұр)Тұлғасына қарай: негізгі (тұр), туынды (алып кел, биле)Мағынасына қарай: сабақты етістік(переходные) - Т.септігіндегі сөз. Мысалы – қітапты оқы, салт(не переходные) - Б.с, Ж.с, Ш.с, К.с. жалғаулары арқылы жасалған сөзді қажет етеді. Мысалы - мектепке келді. Етістіктің болымды және болымсыз түрі бар. Болымды (положительная) - бар, болымсыз(отриц.) -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнағы арқылы жасалады – барма
3.Морфологиялық талдау жаса. Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен құралады.
Құралады – етістік, сұрағы: не істеледі?
Құрамына қарай: дара
Тұлғасына қарай: туынды
Мағынасына қарай: салт етістік
Ауыспалы нақ осы шақ, ашық рай
Синтаксистік қызметі – баяндауыш
Билет №101.Ұлттық аспаптар. (монолог)Қазақстан мен Орта Азия халықтарының музыкасын зерттеушілердің ірі өкілдері Әбу Насыр әл-Фараби мен Әбу Әли ибн Сина болды. Ал 19 ғасырларда қазақ музыкасын зерттеушісі – Затаевич болды.Қазақ халқы – ән құмар халық болғандықтан, музыка өнерін ерекше бағалаған. Қазақ музыка аспаптарының түрлері: ішекті, үрмелі, дабылды-шулы.Ішекті аспаптарға: домбыра, қобыз, жетіген т.б. аспаптар жатады.Үрмелі аспаптарға: сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз т.б. аспаптар жатады.Дабылды-шулы аспаптарға: дабыл, астаяқ, қоңырау, тоқылдақ т.б. аспаптар жатады. Шаңкобыз, қобыз – қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Қобызды Қорқыт ата жасаған. 19 ғасырларда осы аспапта көбіне әйелдер ойнаған. Домбыра екі, үш шекті болады. Мысалы Абайдың домбырасында 3 шегі болды. Ақындар домбырамен айтысады. Домбырамен ойнаған күйшілер Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сүйінбай, Құрманғазы т.б.. Халық аспаптар музыкасының классигі - Құрманғазы.
2.Тұйық етістік.
Тұйық етістік – қимылдың атауын білдіретін етістік тұлғасы. Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады: қарау, ойнау, оқыту.
Етістіктің соңғы дыбысы «и,й,к,қ,п,ы,і» болса, тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда, мынадай өзгерістер болады:
п + у = бу жап+у=жабу
қ+у=ғу жақ+у=жағу
ы+у= у оқы+у=оқу
Тұйық етістіктің жасалуы
Негізгі етістік Туынды етістік Болымсыз етістік
ал - у ойла - у ал-ма-у
3.Сөз құрамына талдау жаса. Ойнау, халқының
ОйнаУ - ойна - туынды етістік, У – тұйық етістікхалқының - халық – зат есім, ының – ілік септіктің жалғауы
Билет №11Ахмет Байтұрсынұлы. (монолог)Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937). Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы. Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы Торғай ауданы Сартүбек деген жерде туған. Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал», «Маса», «Ақ жол» жинақтары бар. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазды. «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында 6-7 рет басылып шықты. А.Б. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарды.
2.Осы шақ.Етістіктің осы шағы сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Оның 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ және нақ осы шақ.
Олардың жасалу жолы:
Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ
Күнделікті болып жатқан іс-қимылды білдіреді Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді
Етістік+(-а,-е,-й көс.)+жіктік жалғау «жүр, отыр, тұр, жатыр» етістіктер + жіктік жалғау
ал+а+мын (возьму), кел+е+мін жүр+мін, отырмын, тұрмын, жатырмын
3.Сөз құрамына талдау жаса. (жазып отырмын, жазады)
жазып отырмын – етістік, сұрағы: не істеп отырмын?
Құрамына қарай: күрделі
Тұлғасына қарай: туынды
Болымды, күрделі нақ осы шақ, ашық рай
Синтаксистік қызметі – баяндауыш
Жазады - етістік, сұрағы: не істейді?
Құрамына қарай: дара
Тұлғасына қарай: туынды
Болымды, ауыспалы келер шақ, ашық рай
Синтаксистік қызметі – баяндауыш
Билет №12Шоқан Уәлиханов. (монолог)
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқиды. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше дем қойды. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы. Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болды.