
- •Билет №4
- •2.Септік жал
- •3.Берілген сөзді септе. Ту.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •3.Морфологиялық талдау жаса. Қаламыз – таза, өте әдемі..
- •Билет №8
- •Билет №9
- •2.Өткен шақ.
- •3.Берілген етістікті өткен шақта жікте. (зерттеу)
- •2.Келер шақ.
- •3.Берілген етістікті келер шақта жікте. (салу)
- •2.Етістік райлары.(наклонен.
- •Билет №16
- •Билет №20
- •3.Синтаксистік талдау жаса.
Билет№1 Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. (монолог)Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына: қарақалпақ, ноғай, татар, қырғыз, өзбек, т.б. тілдер жатады.Қазақтілінееңжақынтілдер : қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт. Қазақстанда қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі - өте бай тіл әрі көркем тілдердің бірі. Қазір қазақ тілі балбақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылады. Елімізде тұратын барлық ұлттар мәдениетін, білімін жоғарылатқысы келсе, қазақ тілін білуі керек.Маған қазақ тілі сабағы ұнайды. Біз сабақта оқуды, жазуды, сөйлеуді үйренеміз.
Фонетика. Дыбыстар.Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін зерттейтін сала.
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
Дауысты дыбыстар 3 түрге бөлінеді:Тілдің жақтың еріннің қатысына қарай қатысына қарай қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік
(а,о,ұ,ы,у) (ә,ө,е,э,і,и,ү,у) (а,ә,о,ө,е,э) (и,ы,і,у,ұ,у) (о,ө,ү,ұ,у) (а,ә,е,э,ы,і,и)
Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай 3 түрге бөлінеді:
үнді -7 ұяң - 8 қатаң -11
(м,н,ң,л,р,й,у) (б,в,г,ғ,д,ж,з,һ) (п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч)
3.Фонетикалық талдау жаса. Мәртебе (авторитет, слава)
Мәртебе – 3 буын -мәр-те-бе, 1-ші буын - бітеу, 2,3-ші буын – ашық, 3 дауысты, 4 дауыссыз дыбыс бар.
М – д-сыз, үнді
Ә – д-ты, жіңішке, ашық,езулік
Р - д-сыз, үнді
Т - д-ты, жіңішке, ашық,езулік
Е - д-ты, жіңішке, ашық,езулік
Б - д-сыз, ұяң
Е - д-ты, жіңішке, ашық, езулік
7 әріп, 7 дыбыс
Билет№2Менің елім – Қазақстан. (монолог)Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіз ел болды. Халқының саны 17 миллионнан асады. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттық өкілдері тұрады. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын свинец, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. Осыларды игеру барысында (во время освоения) жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, т.б. Ал жалпы Қазақстанда 14 облыс бар.Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Бүгінгі Қазақстан әлемге танымал, ауыр индустриясы мен ауыр шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті елге айналды.Үндестік заңы.Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуы үндестік заңы деп аталады.(Гармония звуков)үндестік заңы Буын үндестігі Дыбыс үндестігі
Сөздің соңғы буыны жуан болса, 1. Ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция)келесі буын да жуан болады: бала-лар, оқу-шы 2. Кейінді ықпал (регрессивная)
Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, 3. Тоғыспалы ықпал (прогрессивно-регрессивная)
келесі буын да жіңішке болады: әже- ме, ән-ші
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: көмектес септік жалғауы, -нікі,-дікі,-тікі,-тай,-тал,-дар –хана,-паз,-кер,-ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина. Мысалы:емхана, Әуезов, сәнқой т.б.
1.Берілген сөзді тәуелде. (халық)
2.Жекеше Көпше
3.I. Менің – халқым I. Біздің - халқымыз
4.II. Сенің – халқың II Сендердің халық-тар-ың
5.Сіздің – халқыңыз Сіздердің халық-тар-ыңыз
6.III. Оның – халқы III.Олардың халық-тар-ы
Билет №3Ежелгі қалалар (монолог)Қазақстанда ежелгі қалалар көп. Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол VI – VIII ғасырларда Сырдария өзенінің жанында ірі мемлекеттің астанасы болған. XVI – XVII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталған. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған. Отырар – XVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрген қала.
Тараз, Түркістан, Қашғар, Баласағұн тағы басқа қалалар Қазақстанның ежелгі қалалары. Таразда Айша бибі және Бабаджа қатын кесенесі бар. Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі – Тараз моншасы2) Жіктік жалғау. Жекеше. Көпше.
I жақ -мын,-мін, -бын, -бін, пын,-пін I жақ -мыз,-міз, -быз,-біз,-пыз,-піз II жақ -сың,- сің II жақ -сыңдар, -сіңдер
Сыпайы түрі:-сыз,-сіз Сыпайы түрі:-сіздер, -сыздар
III жақ жалғауы жоқ III жақ жалғауы жоқ
Мысалы: Жекеше. Көпше.
I жақ Мен дәрігер-мін I жақ Біз дәрігер-міз
II жақ Сен дәрігер-сің II жақ Сендер дәрігер-сіңдер
Сіз дәрігер-сіз Сіздер дәрігер-сіздер
III жақ Ол дәрігер III жақ Олар дәрігер
Тәуелдік жалғау – притяжательные окончания
ЖекешеКөпше
I. Менің – ым, -ім,-м
II. Сенің - ың,-ің,-ң
Сіздің – ңыз,-ңіз,-ыңыз,-іңіз
III. Оның – сы,-сі,-ы,-і I. Біздің - ымыз, -іміз, -мыз, -міз
II. Сендердің - + К.Ж + ың, -ің, -ң
Сіздердің - + К.Ж + ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз
III. Олардың – + К.Ж + сы,-сі,-ы,-і
Мысалы:..үй
3. Берілген сөзді жікте. Ғалым
I жақ Мен ғалым-мын I жақ Біз ғалым -быз
II жақ Сен ғалым -сың II жақ Сендер ғалым -сыңдар Сіз ғалым -сыз Сіздер ғалым -сыздар
III жақ Ол ғалым III жақ Олар ғалым
Билет №4
Мемлекеттік рәміздер (монолог)
Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз мемлекеттік рәміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір түсті. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, тыныштықтың және ашық аспанның белгісі. Тудың ортасында күн орналасқан, ал күннің астында қыран құс бейнеленген. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік елтаңбада шаңырақ, қанатты пырақ, бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
2.Септік жал
Қазақ тілінде 7 септік бар. Олар: атау с., ілік с., барыс с., табыс с., жатыс с., шығыс с., көмектес септік. Септіктер келесі сұрақтарға жауап береді:
Атау с. - кім? не? (жалғауы жоқ)
Ілік с. – кімнің? ненің? жалғаулары - ның, -нің, -дың,- дің,- тың,- тің
Барыс с.- кімге? неге? қайда? жалғаулары - ға,-ге,- қа,- ке, - на,-не,-а,-е
Табыс с. - кімді? нені? жалғаулары - ны,-ні, ды,- ді,- ты,- ті- н
Жатыс с. - кімде? неде? жалғаулары - да,-де,-та,-те,-нда,-нде
Шығыс с. - кімнен? неден? қайдан? жалғаулары - нан, -нен,- дан,- ден,- тан,- тен
Көмектес с. - кіммен? немен? жалғаулары -мен, -бен, -пен
3.Берілген сөзді септе. Ту.
Атау с. - не? ту
Ілік с. – ненің? ту-дың
Барыс с. - неге? ту-ға
Табыс с. - нені? ту-ды
Жатыс с. - неде? ту-да
Шығыс с. - неден? ту-дан
Көмектес с.- немен? ту –мен
Билет №5
Ел ордасы – Астана. (монолог)
Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор, одан кейін Қызылорда, Алматы қалалары болды. Ал 1997 жылы Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы Ақмола Астана деп өзгертіліп, Астананың салтанатты рәсімі ашылды. Астана - әсем қала. Ол Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Астанада елбасы резиденция, Парламет үйі, « Интерконтиненталь» қонақ үйі, Гумилев атындағы Еуразиялық университет, қазақ және орыс драма театрлары, мәдениет сарайлары, «Бәйтерек» ғимараты орналасқан. Астананың болашағы әлі алда. Астана –Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы.
2.Зат есім.
Зат есім - заттың атын білдіреді. Зат есім кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.
Зат есім құрамына қарай: дара, күрделі болады.
Мағынасына қарай: жалқы (собственные), жалпы (нарицательные), деректі (абстрактные), дерексіз ( не абстрактные)
Тұлғасына қарай: негізгі(непроизводные), туынды (производные)
Мысалы:...
3.Морфологиялық талдау жаса. Астана Сарыарқа даласында орналасқан.
Сарыарқа – зат есім, себебі заттың атын білдіреді. Сұрағы - не?
Құрамына қарай – күрделі
Тұлғасына қарай – негізгі
Мағынасына қарай – жалқы, деректі
Синтаксистік қызметі – пысықтауыш