
- •1 Билет
- •Қазақ отбасы
- •Қазақстан – менің Отаным
- •1.Шоқан Уәлиханов
- •2.Менің бос уақытым
- •3 Билет
- •1.Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар
- •2.Менің сүйікті кітабым
- •4 Билет
- •2.Тәрбие отбасынан басталады
- •5 Билет
- •1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері
- •2.Қазақстан туы
- •6 Билет
- •1.Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
- •2.Мемлекеттік елтаңба
- •7 Билет
- •1.Көне қалала
- •2.Қазақ ақындары
- •8 Билет
- •2.Алматы қаласына саяхат
- •9 Билет
- •1.Ыбырай Алтынсарин
- •2.Менің мектебім
- •10 Билет
- •2.Қазақ батырлары
- •11 Билет
- •1.Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
- •2.Қазақ халқының ұлттық тағамдары
- •12 Билет
- •1.Музыка аспаптары
- •2.Ас атасы – нан
- •13 Билет
- •1.Ахмет Байтұрсынов
- •2.22 Қыркүйек – Тілдер мерекесі
- •14 Билет
- •1.Ұлттық киім
- •2.Еңбек етсең ерінбей
- •15 Билет
- •1.Қаныш Сәтпаев
- •2.Қазақтың дастарқаны
- •16 Билет
- •1.Әбілхан Қастеев
- •2.Бейнелеу өнерінің жанрлары
- •17 Билет
- •2.Радио
- •18 Билет
- •1.Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайлова
- •2.Қазқстан суретшілер
- •19 Билет
- •1.Қазақтың билері
- •2.Қазақстанның байлығы
- •3.Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.
- •20 Билет
- •1.Түркістан қаласы
- •2.Мұражайлар
- •21 Билет
- •2.Менің қалам
- •22 Билет
- •1.Абайдың мұражай үйі
- •2.Астана – арман қала
- •23 Билет
- •1.Кино өнері.
- •2.Теледидар
- •24 Билет
- •1.Шәкен Айманов
- •2.Театр
- •25 Билет
- •1.Шешендік сөздердің түрлері
- •2.Қазақстан мерекелері
12 Билет
1.Музыка аспаптары
Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар. Қазақ музыка аспаптары мұражайында «өлі» экспонат жоқ. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен көзбе-көз танысуға мүмкіндік жасалған. Музыкалық аспаптар ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа жіктелген. Ішекті аспаптарға домбыра,қобыз,сазген,жетіген, адырна жатқызылса, үрмелі аспатарға сыбызғы,керней, сазсырнай жатқызылады. Ал дабылды- шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдақ, асатаяқ, қонырау, дауылпаз жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай,сырнай жатқызылады.
2.Ас атасы – нан
-Біздің дастарқанға нан қалай келіпті?
-Біздің дастарқанға келу үшін көп кезең өтті
-Білесің бе, олар қандай кезеңдер?
-Біріншіден, астықты далаға егеді. Ол астық жаздығүні өседі. Кузде астық өседі. Осыдан кейін үлкен комбайндармен жинайді.
-Содан кейін дәнмен не істейді?
-Сол дәнді ұн зауыттарда ұнтақтайды. Сосын бұл ұнды наубайханаға апарады.
-Қалай ойлайсың, нансыз өмір сүруге бола ма?
-Күнсіз, сусыз, ауасыз өмір бола алмайтыны сияқты нансыз да өмір сүру мүмкін емес.
-Нан туралы бір мақал айтып берші.
- Ас атасын — нан дейді,
Сөз атасын —«шал» дейді.
Олай болса, наннан қасиетті ешнәрсе жоқ.
3.Екі жай сөйлемнен талғаулы салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.
Бүгін қар жауады. Жаңбыр жауады. Біз ауылға автобуспен кетеміз. Пойызбен кетеміз. Басты рөлді Асан ойнайды. Үсен ойнайды. Сен далаға шығарда тон ки. Пальто ки.
13 Билет
1.Ахмет Байтұрсынов
Көрнекті тілші-ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда “Қазақ” газетін шығарады.
2.22 Қыркүйек – Тілдер мерекесі
- 22 қырқүйекте кандай мереке өткізіледі?
- 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі
- Бұл мереке қалай тойланады?
- мекемелерде көптеген шаралар өткізіледі: сайыстар,интеллектуалды ойындар және т.б.
- Tiл туралы заң қашан қабылданды?
- 20 қаңтарда 1998 жылы қабылданды
- Тіл туралы заң қанша баптан, тараудан тұрады?
- 27 бап, 6 тараудан
- Бұл заң не үшін қабылданды?
- Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Бұнда 140 астам ұлт өкілдері өмір сүреді.
- .Қазақстан Республикасының мемлекеттік ТІЛІ қай тіл?
- Қазақ тілі
3.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Ән басылды. Домбыра сазы тоқталған жоқ. Оқу аяқталды. Оқушылар жиналысы ұзаққа созылды. Күн бұлтты болды. Жаңбыр жаумады. Әңгімені маған аудару қиын болды. Аудардым.
14 Билет
1.Ұлттық киім
Қазақ халқының қолөнері – көне заманнан бастап келе жатқан бай қазына. Қолөнердің бір саласы – киім тігу. Ұлтттық киім халықтың негізгі кәсібіне байланысты. Қазақтың ұлттық киімі мал шаруашылығымен байланысты, көшіп-қонып жүруіне ыңғайлы етіліп тігіледі. Ұлттық киімдері бес түрге бөлуге болады:
Ішкі киімдер (жейде, көйлек, шалбар, қамзол, желет)
Сыртқы киімдер (шапан, тон, ішік)
Ерлердің бас киімдері (бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия)
Әйелдердің бас киімдері (кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле)
Аяқ киім (мәсі, кебіс, әйел етігі, ерлер етігі)
Ұлттық киімдерді қымбат маталардан тігеді. Жастар күнделікті киіммен бірге зергерлер жасаған күміс пен алтын әшекейлер тағады. Олардың ішінде: сырға, алқа, білезік, жұзік.
Қазіргі уақытта ұлттық киімдерді көбіне театрларда, мейрамдарда киеді.