Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BILETY po kazahskomu (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51.72 Кб
Скачать

2.Мемлекеттік елтаңба

-Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не?

-Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі – шаңырақ.

-Шаңырақтың айналасында не бар?

-Уықтар.

-Уықтарды не қоршап тұр?

-Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.

-Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар?

-Бесбұрышты жұлдыз.

-Елтаңбаның астыңғы жағында не орналасқан?

-«Қазақстан» деген жазу орналасқан.

-Елтаңбаның авторлары кімдер?

-Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

-Елтаңба қашан қабылданы?

-1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. Оңтүстіктен жылы жел соқты да, қар жауды. Күн суық әрі қар борап тұр.Жаз шықты да, шопандар жайлауға көшті.

7 Билет

1.Көне қалала

Қазақ жерінде көне қалалар көп. Олардың бірі – Түркістан қаласы. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Бұл қала орнында IV-X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. IX-X ғасырларда бұл қала Йаса деп аталады. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада Ахмет Йасауи кесенесі бар.

Ежелгі қалалардың бірі - Отырар. ХVI-ХVIII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталады. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

VII ғасырда Тараздан Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл қалада Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі бар.

2.Қазақ ақындары

-Қазақ халқының қандай ақындарын білесің?

-Абай Кұнанбаев, Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов, Ыбырай Алтынсарин және тағы басқалар.

-Абай Кұнанбаев туралы не білесің?

-Абай – ұлы ақын, философ, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

-Жамбыл Жабаев қандай ақын?

-Ол қазақ халқының 100 жасаған ақыны.

-Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?

-«Қазақ хрестоматиясы», «Кел, балалар, оқылық», «Өнер, білім бар жұрттар», «Өзен» және т.б.

3.Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Біздің ауылға жету қиын. Автобустар аз жүреді. Күн кешкіріп кетті. Амалсыз тура қонуға келді. Сенбілікке шығу Заукенқажыға тапсырылды. Салих тапсырманы тиянақты орындайды. Жобамен жұмыс істеу кеңінен тараған. Оқушыларды ол ынталандырады және қызықтырады.

8 Билет

1.Киіз үй

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанмен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.

2.Алматы қаласына саяхат

-Сен Алматыға бардың ба?

-Иә, мен Алматыға бардым.

-Сен Алматыға кіммен бардың?

-Алматыға ата-атаммен бардым.

-Алматының қай жерлеріне бардың?

-Мен «Медеу» мұз айдына, «Алатау» кинотеатрына, аквапаркке бардым.

-Саған Алматыда несімен ұнады?

-Маған Алатау таулары, опера және балет театры, «Достық» қонақ үйі ұнады.

-Сен қандай көлікпен бардың?

-Мен пойызбен бардым.

-Сапарың сәтті болды ма?

-Иә, сәтті болды.

3.Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.

Есік тарс ашылды да, отырғандар жалт қарады. Ал енді қонақ та демалсын, біз де демалайық. Күз түсті, күн салқындады. Біз бүгін сабақ оқыдық және концертті тамашаладық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]