- •1 Билет
- •Қазақ отбасы
- •Қазақстан – менің Отаным
- •1.Шоқан Уәлиханов
- •2.Менің бос уақытым
- •3 Билет
- •1.Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар
- •2.Менің сүйікті кітабым
- •4 Билет
- •2.Тәрбие отбасынан басталады
- •5 Билет
- •1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері
- •2.Қазақстан туы
- •6 Билет
- •1.Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
- •2.Мемлекеттік елтаңба
- •7 Билет
- •1.Көне қалала
- •2.Қазақ ақындары
- •8 Билет
- •2.Алматы қаласына саяхат
- •9 Билет
- •1.Ыбырай Алтынсарин
- •2.Менің мектебім
- •10 Билет
- •2.Қазақ батырлары
- •11 Билет
- •1.Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
- •2.Қазақ халқының ұлттық тағамдары
- •12 Билет
- •1.Музыка аспаптары
- •2.Ас атасы – нан
- •13 Билет
- •1.Ахмет Байтұрсынов
- •2.22 Қыркүйек – Тілдер мерекесі
- •14 Билет
- •1.Ұлттық киім
- •2.Еңбек етсең ерінбей
- •15 Билет
- •1.Қаныш Сәтпаев
- •2.Қазақтың дастарқаны
- •16 Билет
- •1.Әбілхан Қастеев
- •2.Бейнелеу өнерінің жанрлары
- •17 Билет
- •2.Радио
- •18 Билет
- •1.Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайлова
- •2.Қазқстан суретшілер
- •19 Билет
- •1.Қазақтың билері
- •2.Қазақстанның байлығы
- •3.Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.
- •20 Билет
- •1.Түркістан қаласы
- •2.Мұражайлар
- •21 Билет
- •2.Менің қалам
- •22 Билет
- •1.Абайдың мұражай үйі
- •2.Астана – арман қала
- •23 Билет
- •1.Кино өнері.
- •2.Теледидар
- •24 Билет
- •1.Шәкен Айманов
- •2.Театр
- •25 Билет
- •1.Шешендік сөздердің түрлері
- •2.Қазақстан мерекелері
4 Билет
1.ҚР –ның мемлекеттік рәміздерді
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті. Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінбейді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшілігін көрсетеді.
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған. Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
2.Тәрбие отбасынан басталады
-Сенің отбасың үлкен ба?
-Иә.
-Сенің отбасыңда сыйлыстық бар ма?
-Иә, менің отбасымда сыйлыстық бар.
-Сенің ойынша, ең алдымен кімді сыйлау керек?
-Менің отбасымда үлкенді сыйлау керек.
-Қиын істі шешу үшін кіммен ақылдасасың?
-Мен ағаммен немесе анаммен ақылдасамын
-Әр баланың парызы неде деп ойлайсың?
-Үлкенді сыйлау, білім алу керек, ата-аналарға көмектесу керек.
3.Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз.
Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды. Тілшілерді сыныбымызға кездесуге шақырайық.Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.
5 Билет
1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер – шілдехана, бесікке салу, қырқыан шығару, тұсау кесу, тілашар. Ұйлену тойына байланысты көп салт-дәстүрлер бар. Олар – құда түсу, ұрын келу, қыз ұзату, беташыр.
Дана халықтың өзі осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
2.Қазақстан туы
-Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі – көгілдір.
-Тудың ортасында не орналасқан?
-Күн.
-Күннің астында не бар?
-Күннің астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.
-Туда тағы қандай белгілер бар?
-Тудың сол жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
-Тудағы бейнелердің түсі қандай?
-Күн шұғылалы, қыран мен өрнек алтын түсті.
-Тудың өлшемі қандай?
-Ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр.
-Тудың авторы кім?
-Шәкен Ниязбеков.
-Мемлекеттіқ туымыз қашан қабылданды?
-1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
-Саған тудың осы түсі ұнай ма?
-Иә, ұнайды.
3.Кезектес салалас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.
Оқу залында кейде кино болады, ……….. Автобус бірде тез жүреді, ………….. Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде,…………. Мектепке оқушылар кейде кітап әкеледі, ……………….
6 Билет
1.Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
В.В. Радлов – белгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Ол қазақ, өзбек, қыпшақ, қырғыз, қарақалпақ тілдері зерттеген.
В.В. Бартольд – академик, шығыстану ғылымның аса көрнекті өкілі, белгілі тарихшы.
Н.Т. Сауранбаев – қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.
Ғ. Айдаров – ғалым, филология ғылымының докторы. Оның 250-ден астам еңбегі бар.
