Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
144 тест. осн рац пит 2 курс ОМ, Стом каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
164.35 Кб
Скачать

«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері үшін «Тиімді және үйлесімді тамақтану негіздері» элективтік пәні бойынша емтихандық тест тапсырмалары

1. Зат алмасу бір-біріне қарама-қарсы және бір мезгілде жүретін қандай процестерден тұрады?

1. Ыдырау өнімдерінің организмнен шығарылуы және тотығуы

2. Қажетті заттардың синтезі және олардың сіңірілуі

3. Энергияның бөлінуі

4. +Ассимиляция және диссимиляция

5. Жаңа құрылымдық түзілістердің биосинтезі мен қалыптасуы

2. «Ассимиляция» процесінің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. Заттардың ыдырау процесі, олардың оттегімен тотығып, организмнен шығарылуы

2. Ішкі ағзалардың қызметіне жұмсалатын энергия

3. +Организмнің өсуіне және дамуына қолданылатын қажетті заттардың синтезі

4. Органикалық заттардың ыдырау процесі мен олардың түсуін қамтамасыз ету

5. Белок, май, көмірсулардың синтезі

3. «Диссимиляция» процесінің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. +Заттардың ыдырау процесі, олардың оттегімен тотығып, организмнен шығарылуы

2. Органикалық заттардың ыдырау процесі мен олардың түсуін қамтамасыз ету

3. Организмнің өсуіне және дамуына қолданылатын қажетті заттардың синтезі

4. Организмге қажетті биохимиялық реакциялары үшін энергияның түзілуі

5. Бір тәулікте түсетін және жұмсалатын энергияның сәйкестігі

4. Заттек алмасу – түсінігінің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1.Ассимиляция процесінің диссимиляция процесінен басым болуы;

2. Организм үшін қажетті тағамдық заттектердің қолданылуын

қамтамасыз ететін және пластикалық, энергетикалық қажеттілікті

қанағаттандыратын биохимиялық процестер жиынтығы;

3. Энергия түзілу процестерінің қарқындылығын арттыру;

4. +Организмнің өсіп дамуы мен тіршілігіне қолданылатын қажет

заттектердің түзілуі мен сіңіріліп қорытылуы;

5. Организмнен ыдырау өнімдерінің тотығып шығарылу процесі;

5. 4. Бір мезгілде жүретін қандай процестер зат алмасуды құрайды?

1. Гормондардың ыдырауы мен синтезі

2. Ферменттердің ыдырауы мен синтезі

3. Көмірсулардың ыдырауы мен синтезі

4. + Катаболизм мен анаболизм

5. Ассимиляция мен диссимиляция

6. Ұзақ уақыт теріс энергиялық баланс нәтижесінде қандай ауыр дерт дамиды?

1. Семіздік

2. + Маразм

3. Атеросклероз

4. Гипертониялық ауру

5. Қант диабеті

7. Ұзақ уақыт оң энергиялық баланстың нәтижесінде қандай ауыр дерт дамиды?

1. Алиментарлық дистрофия

2. Маразм

3. Квашиоркор

4. + Семіздік

5. Зәр-тас ауруы

8. Негізгі алмасуға қандай энергия жұмсалады?

1. Тағамдық заттектердің организмде айналымы үшін

2. Еңбек қызметі барысында

3. + Тіршілік үшін маңызды жүйелердің қызметін ұстап тұру

4. Тағамның арнайы динамикалық әсері

5. Ақыл-ой жүктемесі кезінде

9. Қандай энергия шығыны реттелінетін энергия шығыны болып есептеледі?

1. Ішкі ағзалардың қызметіне жұмсалатын энергия

2. Тағамдық заттектердің организмде айналымы

3. Организмнен ыдырау өнімдерінің тотығып шығарылу процесі

4. +Ақыл-ой жұмысын орындау үшін

5. +Физикалық жұмыстарды атқару үшін

10. Реттелінбейтін энергия шығынына қайсысы жатады?

1.Еңбекке жұмсалатын;

2.Спортпен айналысқанда жұмсалатын;

3.Ойлауға жұмсалатын;

4.Белсенді дем алу барысында жұмсалатын;

5.+ Негізгі алмасуға жұмсалатын;

11. Негізгі алмасуға төмендегілердің қайсысы әсер етеді?

1. бұлшықет жұмысының көлемі мен сипаты

2. еңбек қызметінің сипаты

3. спортпен айналысу

4. + Орталық жүйке жүйесінің қызметі

5. үй жұмысының әртүрлілігі

12. Ересек еңбекке жарамды адамдар үшін белок, май, көмірсудың оңтайлы қатынасы қандай?

1. Б:М:К-1: 0,8 : 4

2. + Б:М:К-1: 1,2 : 4,6

3. Б:М:К-1: 1 : 3

4. Б:М:К-1: 2 : 4

5. Б:М:К-1: 2 : 7

13. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтерін атаңыз:

1. + Дұрыс тамақтану режимі, үйлесімді тамақтану

2. жеңілдетілген күнді қолдану

3. емдәмдік тамақтану

4. емдік тамақтану

5. Белоктар, майлар, көмірсулар

14. 3 реттік тамақтану кезінде ертеңгі ас үлестеріне қанша пайыз тиеді?

1. 10%

2. 40%

3. +25-30 %

4. 60%

5. 50 %

15. 3 реттік тамақтану кезінде түскі ас үлестеріне қанша пайыз тиеді?

1. 20%

2. 60%

3. +35-40%

4. 50%

5. 10%

16. 3 реттік тамақтану кезінде кешкі ас үлестеріне қанша пайыз тиеді?

1. 10%

2. 40%

3. +20-25%

4. 50%

5. 30%

17. Көпқаныққан май қышқылдарын атаңыз:

1. арахидон қышқылы

2. +пальмитин

3. линоль

4. линолен

5. +стеарин

18. Жануартекті белоктың көзі болып табылатын азық-түліктер:

1. жеміс-жидектер

2. бұршақтар

3. + ет

4. +сүт өнімдері

5. дәнді-дақылдар

19. Алмастырылмайтын амин қышқылдарды атаңыз:

1. глютамин

2. пролин

3. +метионин

4. +лизин

5. аргинин

20. Алмастырылмайтын амин қышқылдарды көрсетіңіз:

1. серин

2. +лейцин

3. цистеин

4. +фенилаланин

5. цистеин

21. Қай азықтың белогы халықаралық эталон ретінде басқа тағамдық белоктардың сапасын бағалауға мүмкіндік береді?

1. жұмыртқа белогы

2. сүт белогы

3. +сояның белогы

4. сиыр етінің белогы

5. балық етінің белогы

22. Ағзадағы белоктардың негізгі қызметтерін атаңыз:

1. эндогенді судың көзі

2. +пластикалық

3. витаминдерді ерітуші

4. +қорғаныстық

5. липидтерді ыдыратады

23. Ересек адамның тәуліктік рационындағы белоктың үлесін көрсетіңіз:

1. 0,3 г 1 кг дене салмағына

2. 0,5 г 1 кг дене салмағына

3. +1,0 г 1 кг дене салмағына

4. 2,0 г 1 кг дене салмағына

5. 3,0 г 1 кг дене салмағына

24. Ересек еңбекке жарамды адам үшін өсімдіктекті белоктардың неше %- ы жалпы белоктар есебінен өтелуі тиіс ?

1. 25%

2. +45%

3. 55%

4. 65%

5. 70%

25. Ересек еңбекке жарамды адам үшін жануартекті белоктардың неше %- ы жалпы белоктар есебінен өтелуі тиіс ?

1. 25%

2. 45%

3. +55%

4. 65%

5. 70%

26. Көпқанықпаған май қышқылдарын атаңыз:

1.+ арахидон қышқылы

2. Пальмитин

3.+ линоль

4.+ линолен

5. холестерин

27. Лецитин биологиялық белсенді заттектердің қай тобына жатады?

1. Стериндер

2. Қаныққан май қышқылдары

3. Қанықпаған май қышқылдары

4. +Фосфолипидтер

5. Белоктар

28. Қай заттек холестериннің артық мөлшерінің организмге жиналуына кедергі жасайды:

1. + лецитин;

2. қаныққан май қышқылдары;

3. белоктар;

4. май қышқылдары;

5. көмірсулар

29. Зоостериндердің негізгі өкілін көрсетіңіз:

1. Ситостериндер

2. КҚМҚ

3. +Холестерин

4. Фосфолипидтер

5. Д витамині

30. Жалпы толыққұнды тамақтануды анықтау кезінде қандай аминқышқылдары “триада” болып есептеледі?

1. Треонин, триптофан, метионин

2. Метионин, валин, цистин

3.+ Лизин, триптофан, метионин

4. Валин, глицин, цистин

5. Лизин, валин, гистидин

31. Сүт және сүт өнімдерінде ғана кездесетін көмірсу?

1. Глюкоза

2. Крахмал

3. +Лактоза

4. Пектин

5. Клетчатка

32. Жануартекті көмірсуларды көрсетіңіз?

1. Фруктоза

2. Сахароза

3. +Гликоген

4. Крахмал

5. Галактоза

33. Организмде 1грамм көмірсу ыдырағанда қанша энергия түзіледі?

1. +4 ккал

2. 5 ккал

3. 7 ккал

4. 10 ккал

5. 25 ккал

34. Күрделі көмірсуларға жатады?

1. Глюкоза

2. Фруктоза

3. +Крахмал

4. Сахароза

5. Мальтоза

35. Моносахаридтерге жатады?

1. Крахмал

2. Сахароза

3. Лактоза

4. Гликоген

5. +Глюкоза

36. Фруктозаның көзі болып табылатын азық-түліктер?

1. Сүт

2. Балық

3. Ет

4. Жарма

5. + Жеміс-жидектер

37. Клечатканың негізгі қызметтерін атаңыз:

1. Жеңіл қорытылады

2. Тез сіңіріледі

3. Ішекте шіру процесін тудырады

4. + Ішектің перистальтикасын ынталандырады

5. +Холестеринді ағзадан шығарады

38. Антиоксидантты витаминдерді көрсетіңіз:

1. +А

2. +С

3. Д

4. РР

5. В1

39. Өсімдіктердің жапырақтарында өзінің атымен байланысты қандай витамин кездеседі?

1. Аскорбин қышқылы

2. Лимон қышқылы

3. Алма қышқылы

4. Пантотен қышқылы

5. +Фолий қышқылы

40. Суда еритін витаминдерді атаңыз?

1. Д витамині

2. А витамині

3. Е витамині

4. + РР витамині

5. + В1 витамині

41. Қай категориядағы адамдардың рационына Д витаминін қосу қажет?

1. қоғамдық тамақтандыру мекемесінің жұмысшылары

2. спортшылар

3.+ жер асты жұмысымен шұғылданатын жұмысшылар

4. жасөспірімдер

5. ауыл шаруашылық жұмысшылары

42. С витаминінің негізгі көзі болып табылатын азықтар?

1. Нан және нан-тоқаш өнімдері

2. +Қара қарақат

3. Балық

4. +Итмұрын

5. Макарон өнімдері

43. Майда еритін витаминдерге жатады?

1. + А витамині

2. + Д витамині

3. С витамині

4. РР витамині

5. В1 витамині

44. Д витаминінің негізгі көзі болып табылатын азықтар?

1. Нан және нан-тоқаш өнімдері

2. +Балық майы

3. +малдың бауыры

4. Көкөністер

5. Макарон өнімдері

45. Суда еритін витаминдерді атаңыз?

1. Д витамині

2. + С витамині

3. Е витамині

4. А витамині

5. + В2 витамині

50. Қай витаминнің жеткіліксіздігі тіс тазалауда қызыл иектің қанағыштығына алып келеді?

1. А витамині

2. В 1 витамині

3. В 6 витамині

4. РР витамині

5. + С витамині

46. Қай витаминнің жеткіліксіздігі бұлшықеттің әлсіздігіне, жүрген кезде аяқта ауру сезімінің пайда болуына алып келеді?

1. Аскорбин қышқылы

2. +Тиамин

3. Рибофлавин

4. Пиридоксин

5. Ретинол

47. Қандай ауру рибофлавиннің жеткіліксіздігінде пайда болады?

1.+Ангулярлық стоматит

2. Гиперкератоз

3. Глоссит

4. Ақшам соқыр

5. Парестезия

48. Тиаминнің негізгі көзі болып табылатын азықтар?

1. Балық өнімдері

2. +Дәнді-дақылдар

3. Сусындар