Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IG.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
57.65 Mб
Скачать

§ 13.7 Кілтекті қосылыс

Бөлшектерден ең көп тараған ажырайтын қосылыстардың бірі – кілтекті (шпонка) қосылыс. Кілтек дегеніміз - білікке қондырылған тетіктерді төлкемен, шкифпен, тісті дөңгелекпен, маховикпен т.б. қосып біріктіруге арналған. Білік пен шкифті кілтек арқылы айналдыру үшін, буатқа арналған тетіктерге ойық салынады. 230-суретте кілтектің үш түрі көрсетілген: а) дөңгелектелген призмалы кілтек; ә) сегменттік кілтек; б) жазық призмалы кілтек.

Барлық кілтектердің пішімі мен өлшемдері стандарт бойынша анықталады (231-сурет).

Кілтекті қосылыстар құрайтын тетіктердің көрнекі кескіндері 232-суретте көрсетілген.

Т етіктер қосылыстарының кілтек арқылы қосылуы 233-суретте көрсетілген.

Құрастыру сызбасында бойлық тілікті орындаған кезде кілтек шартты түрде тілінбей көрсетіледі (234-сурет). Білік пен төлкенің ойықтары стандартталған, сондықтан кілтектің өлшемдері стандарт бойынша алынады. Бұл өлшемдер қосылыстың бөлшегі біліктің диаметріне байланысты алынады. Біліктің диаметрі - d, оған сәйкес келетін кілтектердің өлшемдері ені – b, биіктігі -h және кілтек ойықтарының тереңдіктері біліктегі ойық – t, төлкедегі ойық - t1. Сызбада кілтек шартты түрде белгіленеді. Мысалы, «Кілтек 12×8×60», бұл өлшемдер кілтектің қалыңдығы 12 мм, ені 8 мм, ұзындығы 60 мм екенін білдіреді.

§ 13.8 Сұққыш қосылысы

С ұққыш (штифт) дегеніміз - тетіктерді қосу үшін қолданылатын цилиндрлік немесе конустық өзек. Кейбір сұққыштар бөлшектерді біріктірумен қоса айналмалы қозғалысты жеткізуші міндетін де атқарады. Тетіктерді өзара дұрыс қондыру үшін көбінесе сұққыш қосылысы қолданады. Тұрмыста ең көп тараған цилиндрлік және конустық сұққыштың екі түрі 235-суретте көрсетілген. Цилиндрлік және конустық сұққыштардың сызбасы мен өлшемдері 236-суретте көрсетілген.

Т етіктердің сұққыш арқылы біріктіріліп қосылуы 237-суретте көрсетілген. Сұққыш бірінші бөлшек (білік) пен екінші бөлшек (тұрық) тесілген тесікке сұғылады. Құрастыру сызбаларында, сұққышта тілік орындалмайды (238-сурет).

§ 13.9 Пісірмелі қосылыс

Бөлшектерді пісіру арқылы ажырамастай етіп қосуды пісірмелі қосылыс деп атайды. Металдарды балқытып қатайтқаннан кейін, бөлшектердің түйіскен жерінде пісіру жапсары пайда болады. Пісіру дегеніміз - әртүрлі металдардан жасалған тетіктерді бір-біріне жалғастыратын жерлерін балқытып пісіру. Пісірілетін тетіктердің өзара орналасуына байланысты пісіру жапсарының мынадай түрлері болады: түйістіре пісіру С әрпімен, бұрыштап пісіру У әрпімен, қапсыра пісіру Н әрпімен, тәріздендіріп пісіру Т әрпімен белгіленеді.

Түйістіре пісіру қосылысы 239, 240-суреттерде көрсетілген.

Бұрыштап пісіру қосылысы 241, 242-суреттерде көрсетілген.

Қопсыра пісіру қосылысы 243, 244-суреттерде көрсетілген.

Тәріздендіріп пісіру қосылысы 245, 246-суреттерде көрсетілген.

Пісіру жіктеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: шахмат тәріздес (247, а-сурет), тізбекті пісіру (247, ә-сурет), тұйықталған (247, б-сурет), тұйық-талмаған (247, в-сурет).

Пісірмелі қосылыстың жіктерінің шартты кескіндері мен белгіленулері стандарт бойынша орындалады. Сызбада пісірмелі қосылыстың жіктері шартты түрде кескінделеді. Пісірмелі қосылыстың жіктері көрінетін болса, тұтас негізгі сызықпен сызылады, ал көрінбейтін болса, үзілме сызықпен көрсетіледі. Нүктелі жіктер «+» таңбасымен кескінделеді (248-сурет).

Шығарма сызығының үстіңгі жағында орналасқан жіктің кескіндемесі 249, а-суретте көрсетілген. Ал шығарма сызығының астыңғы жағында орналасқан жіктің көрінісі 249, ә-суретте көрсетілген.

Стандартты пісіру жіктерінің шартты белгілену құрылымы 250-суретте, шартты белгілеудің анықтамалары 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте

Белгіленуі

Анықтамалары

1

О

Тұйықталған сызық арқылы өтетін жік. (Көмекші белгі).

Құрастыру жігінің белгісі. (Көмекші белгі).

2

-

Жіктің түрі мен құрылымын анықтайтын стандарт нөмірі.

3

-

Жіктің стандарт бойынша алынатын әріпті-сандық белгісі.

4

-

Жікті пісіру тәсілінің стандарт бойынша алынған шартты белгісі.

5

Үшбұрыш және жік катетінің өлшемі.

6

-

Үзілмелі жіктің өлшемдері мен белгілері.

Тізбекті жік.

Z

Шахмат тәртібімен орналасқан жік.

Тұйықталмаған сызық арқылы өтетін жік.

7

Жіктің күшеюін алып тастау. (Көмекші белгі).

8

Жіктің түзу емес жерлерін балқыту арқылы негізгі металға біркелкі ауысуы (көмекші белгі).

9

-

Пісірмелі жіктің кедір-бұдырлығы.

10

-

Бақылау кешенінің белгіленуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]