
- •Сызба геометриясыдегеніміз не?
- •Проекциялау тәсілдері
- •Нүкте мен түзү сызықтың кешенді сызбасы.
- •Дербес және жалпы жағдайдағы түзүлер.
- •Түзү сызықтың ізі
- •13. Позициялық және метрикалық есептер.
- •15. Буру әдістері. Бұру (айналдыру) тәсілі
- •16. Жазықтықтарды алмастыру. Жазықпараллельді ауыстыру
- •17. Жазықтықты параллель ауыстыру. Проекцияның түзу, параллель жазықтықтары төңірегінде бұру
- •21. Қисық сызықтар.
- •22. Жазықтың қисық сызықтары.
- •23. Кеңістік қисық сызықтар.
- •28. Беттің жазбасы.
- •29. Жазылатын беттердің жазбасы. Жазылатын беттер
- •30. Жазылмайтын беттер. Жазылмайтын беттер
- •31.Машина жасау сызбасы
- •32. Ажырамайтын қосылыстар.
- •33. Бұранда турлері, шартты белгілер. Бұранда
- •34.Қосылыстар түрлері Бұрандамалық қосылыс
- •§ 13.4 Бұрамасұқпалы қосылыс
- •§ 13.5 Бұрамалық қосылыс
- •§ 13.6 Құбырлы қосылыс
- •§ 13.7 Кілтекті қосылыс
- •§ 13.8 Сұққыш қосылысы
- •§ 13.9 Пісірмелі қосылыс
- •§ 13.10 Тойтармалы қосылыс
§ 13.5 Бұрамалық қосылыс
Бұрама (винт) – екі немесе одан да көп тетіктерді біріктіріп бекітуге арналған бір ұшында бұрандасы бар, ал екінші ұшы қалпақша болып келетін жұмыр өзек (стержень). Бұрама біріктірілетін тетіктің бірінің ойығына салынған бұрандаға бекітіледі. Бұрама қалпақшасы бұрауыш (отвертка) арналған қобысы бар цилиндр, жарты сфера, қиық конус кейде призма тәрізді болады. Бұраманың үш түрі 201-суретте көрсетілген.
201-сурет


Бұраманың үш түрінің сызбалары және өлшем бірліктері 202-суретте көрсетілген.
Бұрамалық қосылыс. Бұрамалық қосылыста сомын қолданылмайды. Бұрама қосылатын тетіктердің бірінің бұрандалы тесігіне бұрап кигізіледі де, екінші тетікті өзінің басымен қысып тұрады. Бұрамалық қосылыстардың түрлері 203-суретте көрсетілген. Бұрамалық қосылыс бұрамасұқпалы қосылыс сияқты ұқсас қылып сызылады. Тек бұрамадағы бұранданың аяқталуы тетіктердің ажырату сызығынан жоғары болады. Бұл жағдай бұраманы түбіне дейін бұрап енгізуге мүмкіндік береді. Сызбада бұрамалық қосылыстың үстінен қарағанда бұрауышқа арналған тесігі (шлиц) шартты түрде қалыңырақ тұтас бір сызықпен кескінделіп 450 бұрыш жасап жүргізіледі.
§ 13.6 Құбырлы қосылыс
Құбырлы қосылысты су құбырларында, газ құбырларында және жылумен жабдықтау жүйелерінде кең қолданады. Құбырларды бұранда арқылы арнайы жалғауда пайдаланылатын ажыратқыны (фитинг) қолданады. Ажыратқы құбырларды біріктіретін құрал. Олардың ішінде бұранда салынған төлке түрінде жасалады. Олардың стандартқа сәйкес мынадай түрлері бар:
тік ажыратқы; бұрыштық ажыратқы; үштармақты ажыратқы; төрттармақты ажыратқы; бүрлеуленген сомын.
Жалғаулық тетіктер (ажыратқы, құбыр) негізгі өлшемдері стандарттық кестеде шартты тесік Dу бойынша анықталады. Бұл өлшем жалғастырылатын құбырдың ішкі диаметріне тең, 204-суретте көрінісі бейнеленген, ал 205-суретте құбырдың сызбасы мен өлшемдері көрсетілген.
Тік ажыратқының көрінісі - 206-суретте, ал сызбадағы сызылуы 207-суретте көрсетілген.
Бұрыштық ажыратқының көрінісі - 208-суретте, ал сызбада сызылуы 209-суретте көрсетілген.
Үштармақты ажыратқының көрінісі - 210-суретте, ал сызбада сызылуы 211-суретте көрсетілген.
Төрт тармақты ажыратқының көрінісі - 212-суретте, ал сызбада сызылуы 213-суретте көрсетілген.
Бүрлеуленген сомын көрінісі - 214-суретте, ал сызбада сызылуы 215-суретте көрсетілген.
Қ
ұбырлы
қосылыстар. Құбырлы
қосылыстың 216-суретте
тік ажыратқының құбыр және бүрлеуленген
сомынмен біріктірілген көрінісі мен
қимасы көрсетілген.
217-суретте бұрыштық ажыратқының құбырмен біріктірілген көрінісі мен қимасы көрсетілген.
218-суретте үштармақты ажыратқының құбырмен біріктірілген көрінісі мен қимасы көрсетілген.
Төрттармақты ажыратқының құбырмен біріктірілген көрінісі мен қимасы 219-суретте көрсетілген.