Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IG.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
57.65 Mб
Скачать

§ 13.4 Бұрамасұқпалы қосылыс

Бұрамасұқпа (шпилька) дегеніміз - екі ұшына да бұранда салынған цилиндр тәрізді бекіткіш тетік (196-сурет). Бір ұшы біріктіріліп, бекітілетін тетіктің біріне енгізіледі де, екінші ұшына сомын бұралады. Сұқпа ұшындағы бұранданың ұзындығы бекітілетін тетіктердің қандай заттан (материал) жасалғанына байланысты болады (2-кесте).

Т етіктегі ұяға сұғылатын ұшы бұрамасұқпаның ұзындығына есептелмейді. Бұрамасұқпаның екінші ұшына сомын бұралады, оны қыспа ұшы деп атайды. Қыспа ұшының ұзындығы l0 әрпімен белгіленеді. Бұрамасұқпаның ұзындығы l әрпімен белгіленеді, алайда бұл өлшемге сұқпа ұшының ұзындығы кірмейді. Бұрамасұқпа екі түрге бөлінеді А түрі және Б түрі. Бұрамасұқпаның сызбада сызылуы 197-суретте кескінделген.

2-кесте

Бұрамасұқпаның

сұқпа ұшының ұзындығы

Қолдану аумағы

l1 = d

Болат, жез және қолаға қолданылады.

l1 = 1,25d

Шойынға қолданылады.

l1 = 1,6d

Шойынға және болатқа, қолаға қолдануға болады.

l1 = 2d

Жеңіл қорытпаларға қолданылады.

l1 = 2,5d

Бұрамасұқпалы қосылыс. Бекітілетін тетіктердің қалыңдықтары жуан болса немесе бұрандама бекіту үшін орын болмаса, онда бұрамасұқпалы қосылыс қолданылады. Бұрамасұқпалы қосылыстың тетіктері мен бұрамасұқпалы қосылыстың көрінісі 198-суретте көрсетілген.

Бұрамасұқпалы қосылыстың біріктіру реті 199-суретте көрсетілген: 1) бірінші тетікке бұрандаға арналған тесік бұрғыланады (сверло);

2) бұранда салғыш (метчик) құралдың көмегімен бұранда салынады; 3) бұрамасұқпаның сұқпа ұшы ұзына бойына бұрандалы 1-тетікке тұйық

(өткермесіз) тесігіне бұрап сұғылады;

4) бұрамасұқпаға 2-тетік кигізіледі, 2-тетіктің тесігінің диаметрі

бұрамасұқпаның диаметрінен сәл үлкен болады;

5) бұрамасұқпаға тығырық кигізіледі;

6) бұрамасұқпаға сомын бұралады.

«Бұрамасұқпа М 10×60» жазуы мынаны білдіреді: М - бұрамасұқпаның метрикалық бұрандасы, 10 мм - бұранданың сыртқы диаметрі, ал 60 мм бұрамасұқпаның ұзындығы. Тесіктің түбіндегі тескіштің ұшы конустық – тесік (отверстие) төбесіндегі бұрышы 1200 тең. Бұрамасұқпалы қосылыстың сызбасы 200-суретте көрсетілген.

Бұрамасұқпалы қосылыстың өлшемдері:

  • бұранданың сыртқы диаметрі d;

  • бұранданың ішкі диаметрі - d1 =0.85d;

  • сомынның сыртқы диаметрі - D =2d;

  • сомын қиықжиегінің диаметрі - D1=(0,90.....0,95)S;

  • тығырықтың сыртқы диаметрі - De =2.2d;

  • сомынның қалыңдығы - H =0.8d;

  • қиықжиек - C =0.12d;

  • тығырықтың қалыңдығы – SТ =0.15d;

  • бұранданың сомыннан артық шығатын өлшемі - K =0.25d;

  • қиықжиектің радиусы - R =1.5d; R1 =d;

  • бұрамасұқпаның ұзындығы - l = A+Se+H+K;

  • бұранданың ұзындығы - l0 =1.7d;

  • бұранданың ұзындығы - l1 =d;

  • бұранданың тереңдігі - l2 =1.25d+6мм;

  • бөлшектегі тесіктің тереңдігі - l3 =l2+4мм;

  • 2-ші тетік – A. А тетігінің ішкі диаметрі d2=1,1 d.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]