Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IG.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
57.65 Mб
Скачать

34.Қосылыстар түрлері Бұрандамалық қосылыс

Бұрандамалық қосылысқа жататын тетіктер: бұрандама, сомын және тығырық.

Бұрандама - бір жақ ұшында бұрандасы, ал екінші ұшында қалпақшасы бар жұмыр өзек (стержень). Қалпақша кілтке арналған 4 немесе 6 бұрышты призма тәрізді жасалады, басқа пішіндері де (құлақша, қисық, конус, сфера, цилиндр, т.б.) кездеседі (187-сурет).

Бұрандаманы сызбада кескіндегенде жалпы ережелерге сәйкес екі көрінісін орындайды. Бұрандаманың қалпақшасының биіктігі h бұрандаманың ұзындығына саналмайды. Бұрандама басының конустық қиықжиегі мен оның жақтарының қиылысуынан жасалған гиперболалар шеңбер доғаларымен алмастырылады. Стандарт бойынша тағайындаған алты бұрышты призма тәрізді бұрандаманың сызбасы 188-суретте көрсетілген.

Бұрандаманың өлшем белгілері:

  • бұранданың сыртқы диаметрі - d;

  • бұранданың ішкі диаметрі - d1;

  • бұрандама қалпақшасының биіктігі h;

  • бұрандама қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;

  • бұрандама қалпақшасының қиықжиегі - D1;

  • кілтке арналған өлшем S;

  • бұрандама өзегінің ұзындығы l;

  • бұрандама бұрандасының ұзындығы - l0;

  • қиықжиек C;

  • қиықжиектің радиусы – R; салу бойынша – r.

Қиықжиек (фаска) - тетіктің өткір жиектерінің тайқыланған жері. Металл тетіктерді өңдеген (жонған, қиған, ұңғыған т.с.с.) кезде қырларына, жиектеріне қылау тұрады да, өте өткір болып шығады. Өткір қырларының, жиектерінің сыртқы әсерінен майысуы, тойтарылуы, жапырылуы бұйымды құрастыруды қиындатады. Қиықжиек жасау тетіктерді біріктіріп бұйымды құрастыруды жеңілдетеді, сонымен қоса адамды жарақаттанудан сақтайды.

Ойың (галтель) - бұйымның элементі. Тетіктің бір бетінен екінші бетіне біртіндеп жатық ауысатын жері. Ойың тетіктің беріктігін арттырады.

Сомын - өткірме тесігіне (ойығына) салынған бұрандасы бар бұрандалық қосылыстың, бұрандалық берілістің тетігі. Сыртқы пішініне және атқаратын міндетіне байланысты бекіткіш, бастырма, қосқұлақ, бүркеншек, қатырма, жалғастырма, арнайы сомын т.б. деп аталатын түрлері бар. Тұрмыста ең көп қолданылатын алты қырлы сомын 189-суретте, ал сызбадағы сызылуы 190-суретте көрсетілген.

Сомынның өлшем белгілері:

  • сомын бұрандасының сыртқы диаметрі – d;

  • сомын бұрандасының ішкі диаметрі - d1;

  • сомын қалпақшасының биіктігі H;

  • сомын қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;

  • сомын қалпақшасының қиықжиегі -D1;

  • кілтке арналған өлшем S;

  • қиықжиек C.

Тығырық (шайба) - сомынның немесе бұрандама, бұрама қалпақшасының астына салынатын жалпақ немесе тілінген серпімді сақина тәрізді төсем. Тығырық қалпақшаның (сомынның) тірек аумағын ұлғайтады, сонымен қоса сомынды өздігінен бұралып кетуден сақтайды. Атқаратын міндетіне байланысты жалпақ тығырық қиықжиекпен, жалпақ тығырық қиықжиексіз және қисық тығырық болып бөлінеді. Қисық тығырықтың тіректік беттері параллель болмайды (191-сурет).

Жалпақ тығырықтың сызбада сызылуы мен өлшем белгілері 192-суретте көрсетілген.

Тығырықтың өлшем белгілері:

Тығырықтың сыртқы диаметрі –DТ;

Тығырықтың ішкі диаметрі –dТ;

Тығырықтың қалыңдығы –SТ.

Б ұрандамалық қосылыс - екі немесе одан да көп бұйымдарды бекіту үшін қолданылады. 193-суретте бұрандама, сомын және тығырықтың көріністері мен бұрандамалы қосылыстың суреті көрсетілген.

Бұрандамалық қосылыстың біріктіру реті 194-суретте бейнеленген. Бұл сызбаны оңай түсіну үшін, кезең-кезеңге бөліп көрсетілген. Бұрандамаға кигізілетін тетіктердің тесігі, бұрандама өзегінің диаметрінен сәл үлкен болады.

Ең алдымен бұрандаманың үстіңгі жағынан қосылатын екі тетік кигізіледі, содан кейін тығырықты отырғызып сомын бұралады.

Бұрандамалық қосылыстың үш көрінісінің сызбасы мен өлшем белгілері 195-суретте көрсетілген.

Бұрандамалық қосылыстың өлшемдері:

  • бұранданың сыртқы диаметрі – d;

  • бөлшектердің ішкі диаметрі - d2 =1,1d;

  • бұранданың ішкі диаметрі - d1 =0.85d;

  • бұрандама ұзындығы - l = A+В+Ее+Н+К;

  • бұранданың өлшемі - l0=2d+6мм;

  • бұрандама қалпақшасының қалыңдығы - h=0,7 d;

  • сомын қиықжиегінің диаметрі - D1 =(0,90…0,95)S;

  • кілтке арналған өлшем, салу бойынша табылады-S;

  • сомынның сыртқы диаметрі - D=2 d;

  • сомынның қалыңдығы - H =0.8d;

  • тығырықтың сыртқы диаметрі -De =2.2d;

  • тығырықтың қалыңдығы - Se =0.15d;

  • бұранданың сомыннан артық шығатын өлшемі - K =0.25d;

  • қиықжиек - C =0.12d; қиықжиектің радиусы - R =1.5d; R2 =d;

  • 1-ші тетік – A; 2-ші тетік – B.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]