
- •Сызба геометриясыдегеніміз не?
- •Проекциялау тәсілдері
- •Нүкте мен түзү сызықтың кешенді сызбасы.
- •Дербес және жалпы жағдайдағы түзүлер.
- •Түзү сызықтың ізі
- •13. Позициялық және метрикалық есептер.
- •15. Буру әдістері. Бұру (айналдыру) тәсілі
- •16. Жазықтықтарды алмастыру. Жазықпараллельді ауыстыру
- •17. Жазықтықты параллель ауыстыру. Проекцияның түзу, параллель жазықтықтары төңірегінде бұру
- •21. Қисық сызықтар.
- •22. Жазықтың қисық сызықтары.
- •23. Кеңістік қисық сызықтар.
- •28. Беттің жазбасы.
- •29. Жазылатын беттердің жазбасы. Жазылатын беттер
- •30. Жазылмайтын беттер. Жазылмайтын беттер
- •31.Машина жасау сызбасы
- •32. Ажырамайтын қосылыстар.
- •33. Бұранда турлері, шартты белгілер. Бұранда
- •34.Қосылыстар түрлері Бұрандамалық қосылыс
- •§ 13.4 Бұрамасұқпалы қосылыс
- •§ 13.5 Бұрамалық қосылыс
- •§ 13.6 Құбырлы қосылыс
- •§ 13.7 Кілтекті қосылыс
- •§ 13.8 Сұққыш қосылысы
- •§ 13.9 Пісірмелі қосылыс
- •§ 13.10 Тойтармалы қосылыс
30. Жазылмайтын беттер. Жазылмайтын беттер
Өмірде,
күнделікті жұмыс барысында және өндірісте
әр түрлі техникалық пішімдерді жасағанда,
сол нәрселердің алдын ала жазбалары
жасалынады. Кей жағдайларда тегіс бір
жазықтық бетінде жазылмайтын денелер
немесе геометриялық кеңістік беттері
кездесіп қалады. Осындай жағдайларда
жуық шамамен беттің жазбасын жазуға
тура келеді. Сондықтан өмірде кездесетін
беттердің барлығы түгелдей жазылады
деген сөз. Осы жазылмайтын беттердің
көп тараған түрі сфера болғандықтан,
сфераның жуық жазбасына мысал қарастырайық
(164-сурет).
Көбіне айналу беттерінің жуық жазбалары көмекші конус немесе көмекші цилиндр әдісімен шешіледі. Ал сфераның жуық жазбасын көмекші цилиндр әдісімен шешу қолайлы. Вертикальді жазықтықтардың көмегімен сфера ортасы арқылы тең он екі бөлікке бөлеміз. Енді әр бөлікті цилиндр ретінде қарап, сфераның үстін сегіз бөлікке бөлеміз. Сфераның ортасын шеңбердің жазбасы тәріздес етіп жазамыз да, бөлінген он екі бөлікті суреттегідей етіп салып қоямыз. Бөліктегі сызылған горизонталь (қызыл) сызықтар жуық шамамен нақты шамасымен жүргізілген сызықтар.
31.Машина жасау сызбасы
32. Ажырамайтын қосылыстар.
33. Бұранда турлері, шартты белгілер. Бұранда
Бұранда дегеніміз - өзектегі (стержень) немесе тесіктегі бұрама қобы (ойық). Ол цилиндрлік немесе конустық беттегі бұрама қобы бұрандасының жанабы (профилі), сол беттерде бірқалыпты айнала қозғалуынан пайда болады. Бұранданы сызбада кескіндеу және белгілеу ережелері стандарт бойынша тағайындалған. Өзектегі немесе ойықтағы бұрандалар тұтас жіңішке сызықпен, ал шеңберде ¾ бөлігіне тең доға жүргізіледі. Бұранданың аяқталуы тұтас жалпақ сызықпен белгіленеді.
Цилиндрлік бұранда деп цилиндрлік бетке салынған бұранданы айтады (185-сурет).
Конустық бұранда деп конустық бетке салынған бұранданы айтады (186-сурет).
Бұранданың жанабы (профилі) деп бұранда салынған беттің ось бойымен қиып өтетін жазықтықтағы кескінді айтады. Бұранданың бағытына байланысты оңқай немесе солақай түрлері болады. Сағат тілінің қозғалу бағытымен айналдырғанда өзек (бұрандама, бұрамасұқпа, бұрама т.с.с.) ілгері жылжыса - оңқай, ал кері жылжыса солақай болады.
Бұранда жанабының түріне қарай үшбұрышты, тікбұрышты, трапеция тәрізді, жұмыр (жанабы - шеңбердің доғасы) бұрандалар деп бөлінеді. Атқаратын міндетіне қарай бекіту және жүрістік бұрандалар болып ажыратылады. Тетіктерді біріктіріп бұйым құрастыру үшін қолданылатын бұрандаларды бекіту бұрандалар деп, ал басқа тетіктерді қозғалысқа келтіретін болса, жүрістік бұрандалар деп атайды (1-кесте).
1-кесте
-
№
Бұранда жанабының көрінісі
Бұранда жанабының сызбада көрсетілуі
Бұранда жанабының түрлері мен белгіленуі
1
Метрикалық М
2
Трапециялық Tr
3
Тіректік S
4
Тікбұрышты
5
Жұмыр (жанабы шеңбердің доғасы)