
- •Пернетақта. Пернетақтаның қызметі.
- •Шина түрлері
- •Пернетақта арқылы компьютерді қосу.
- •2 Билет
- •Сұйық кристалды монитор.
- •Адрестік шина
- •Тышқан арқылы компьютерді қосу.
- •Билет № 5
- •1.Award bios опциялары.
- •Билет № 7
- •10.Екі қысқа сигнал
- •11.Үш ұзақ сигнал
- •2.Бейнеадаптер
- •3.Бір ұзақ қайталанушы сигнал нені білдіреді?
- •Билет № 8
- •Қатты дискінің негізігі мінездемелері.
- •Қатты дискінің негізі сипаттамалары
- •Бір ұзақ тоғыз қысқа сигнал?
- •Билет 9
- •11 Билет
- •3. Екі қысқа сигнал
- •12 Билет
- •Билет №13
- •Билет№14
- •Билет № 15
- •2.Қатқыл диск геометриясы
- •Билет № 16
- •Жедел есте сақтау құрылғыларының түрлері.
- •2.Винчестердің негізгі қызметі?
- •2. 8042 Gate a20 Error қателігі?
- •Билет № 17
- •1. Енгізу шығару базалық жүйесі?
- •3. Cmos Time And Date Not Set қателігі?
- •Билет № 18
- •2.Қоректендіру блогының қызметі?
- •Билет № 19
- •Билет №22
- •23 Билет
- •Дисплей түрлері
- •Оперативті жадының түрлері
- •Diskette Boot Failure қателігі?
- •24 Билет
- •Желілік карта
- •Оперативті жадының түрлері
- •Үш ұзақ сигнал?
- •Билет № 25
- •1.Операциялық жүйенің қызметі?
- •3. Екі қысқа сигнал?
11 Билет
1.Қатты диск – компьютермен жұмыс барысында қолданылатын ақпараттарды сақтап отыру құрылғысы. Қатты магнит дискілерінің жинақтаушысы бір немесе одан да көп магнитті қабаты бар пластиналардан, бүркеншіктен, позиционерлейтін құрылғысынан, корпус және бақылаушылардан құрастырылады.
Қатты дискінің көлемі оның қолданушылары үшін ең негізгі мінездемесі болып табылады. Ол қатты дискінің корпусындағы пластиналар санына және бір пластинаға жазылатын ақпарат тығыздығына тікелей байланысты. Пластина жазылатын ақпараттардың тығыздығы қатты дискілердің бағасын төмендетуге алып келеді. Қазіргі заманғы пластиналар алюминийден немесе әйнектен де жасалады. Қатты дискінің 2 негізгі параметрі – ақпараттарды оқу, жазу жылдамдығы. Ол ең біріншіден дискідегі пластиналардың айналым жылдамдығына байланысты ақпараттарды оқудың жылдамдығына жоғарыда қарастырылып кеткен жазылудың тығыздығы да әсер етеді. Қол жеткізу уақыты – ақпаратқа қол жеткізу уақыты. Бұл дискідегі жолдарды іздеу мерзімі болып табылады. Ол негізінен дискінің айналу жиілігіне тығыз байланысты.
2.Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез – келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайттан 25 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылғысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
Тұрақты жад (ПЗУ) – стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпараттарды энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалр орнатылған. Компьюьерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталға соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.
3. Екі қысқа сигнал
Негізінде бұл сигнал маңызды емес,қате кезінде беріледі: кейде BIOS-тың баптауын дұрыс емес бағытта өзгерткен кезде немесе шлейфтің аналық тақтамен, қатқыл дискпен дұрыс жалғанбаған кезінде баптауды реттейді және жалғауларын тексереді.
12 Билет
1.Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.
2. Шина дегеніміз- бұл сым-жолдарының жиынтығы,кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттері біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым –жолдары 3 типке бөлінеді:адрес,мәліметтер және басқару. Мультиплекстелген шина. Кейбір кезде бір өткізгіш арқылы әр уақытта адрес және мәліметтер беріледі. Бұндай шинаны- мультиплекстелген деп аталады. Шинаға қосылған құрылғылар 2 негізгі типке бөлінеді – басқарушы (master )және бағынушы (slave) . Адрестік шина. Осы шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32- разрядты, яғни ол 32 паралельді өткізгіштерден құралады. Мәліметтер шинасы. Бұл шина арқылы оперативті жарыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді. Intel Pentium негізіндегі процессорларда мәліметтер шинасы 64-разрядты. Командалық шина. Процессорда орындалған командалар осы шиналар мен оперативтік жадыдан келеді. Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады. Қазіргі заманғы процессорлардың көп бөлігінде 32-разрядты командалар шинасы бар,сонымен қатар 64- разрядты командалық шинасы бар процессорлар да кездеседі.Аналық тақшадағы шиналар тек процессормен байланыс орнату үшін ғана қолданылмайды. Аналық тақшадағы ішкі құрылғылар және де оған тікелей қосылатын құрылғылар бір-бірімен шиналар арқылы байланысады, әрекеттеседі.
Аналық тақшалардың негізгі шиналық интерфейстері. ISA (Industry Standart Architecture). Жүйелік блоктың барлық құрылғыларын байланыстыруға рұқсат береді, сонымен қатар жаңа құрылғыларды стандартты слоттар арқылы жеңіл қосуға мүмкіндіктер тудырады. Қазіргі заманғы компьютерлерде жоғары өткізгіштікті керек етпейтін сыртқы құрылғылар да қолданады. (дыбыстық карталар, модемдер және т.б.). PCI( Peripherial Component Interconnect). Pentium процессорының негізінде дербес компьютерлерге енгізілген сыртқы құрылғылардың қосудың стандарты. Бұл сыртқы компоненттері қосу үшін арналған бөліктеушілер мен локальді шина интерфейсі. Осы стандарттың жаңалығы ол plug-and-play механизмі. Оның негізгі PCI шинасының ажыратылатын қосылысына сыртқы құрылғы физикалық қосылғаннан кейін осы құрылғының автоматикалық конфигурациясы жүзеге асырылады. FSB (Front Side Bus). Pentium Pro процессорынан бастап, оперативті жадымен байланыс орнату үшін арнайы. FSB шинасының жүиелілігі негізгі параметр болып табылады, дәл осы параметр аналық тақшаның спецификасын көрсетеді. AGP (Advanced Graphic Port). Беинеадаптерлерді қосу үшін арналған арнайы шиналық интерфеис. USB(Uneversal Serial Bus). Бұл компьютерлердің перифериялық құрылғылармен байланысын анықтайтын бірінен кейін бірі орындалатын.
3. Бір ұзақ + екі қысқа сигнал
Бейнекартадағы қате. Мүмкін нұсқалар: бейнекартаның өзінің жады – бейнежад істемейді; аналық тақтаға дұрыс орналаспаған немесе монитормен дұрыс жалғанбаған.