
- •Пернетақта. Пернетақтаның қызметі.
- •Шина түрлері
- •Пернетақта арқылы компьютерді қосу.
- •2 Билет
- •Сұйық кристалды монитор.
- •Адрестік шина
- •Тышқан арқылы компьютерді қосу.
- •Билет № 5
- •1.Award bios опциялары.
- •Билет № 7
- •10.Екі қысқа сигнал
- •11.Үш ұзақ сигнал
- •2.Бейнеадаптер
- •3.Бір ұзақ қайталанушы сигнал нені білдіреді?
- •Билет № 8
- •Қатты дискінің негізігі мінездемелері.
- •Қатты дискінің негізі сипаттамалары
- •Бір ұзақ тоғыз қысқа сигнал?
- •Билет 9
- •11 Билет
- •3. Екі қысқа сигнал
- •12 Билет
- •Билет №13
- •Билет№14
- •Билет № 15
- •2.Қатқыл диск геометриясы
- •Билет № 16
- •Жедел есте сақтау құрылғыларының түрлері.
- •2.Винчестердің негізгі қызметі?
- •2. 8042 Gate a20 Error қателігі?
- •Билет № 17
- •1. Енгізу шығару базалық жүйесі?
- •3. Cmos Time And Date Not Set қателігі?
- •Билет № 18
- •2.Қоректендіру блогының қызметі?
- •Билет № 19
- •Билет №22
- •23 Билет
- •Дисплей түрлері
- •Оперативті жадының түрлері
- •Diskette Boot Failure қателігі?
- •24 Билет
- •Желілік карта
- •Оперативті жадының түрлері
- •Үш ұзақ сигнал?
- •Билет № 25
- •1.Операциялық жүйенің қызметі?
- •3. Екі қысқа сигнал?
Үш ұзақ сигнал?
Аналық тақтадағы қате пернетақтаның бақылаушысымен байланысты. Жалғауларын тексеріңіз және қайтадан қосып көріңіз.
Билет № 25
1.Операциялық жүйенің қызметі?
Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасатудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.
ОС-тың екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-нің жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОС-тың негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру функциялар жатады. ОС-тың негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.
Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.
2. Жүйелік блоктың құрылымы.
Компьютердегі ең негізгі құрылғысына жүйелік блок жатады, оның ішінде ДЭЕМ нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок құрамында микропроцессор, жедел жад, аналық тақша, қоректену блогы, енгізу шығару порттары және дискідегі мәлімет жинақтауыш болады.
Процессор (CPU = Central Processing Unit) – мәліметтерді өңдеп, компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын микросхема.
Дискжетектер – дисклерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғылар.
Порттар – сыртқы құралғыларды қосуға қажетті шұңғыл тесіктер.
Жедел есте сақтайтын (ЖЕҚ) құрылғы өзгермелі ақпаратты қысқа мерзімде сақтауда пайдаланылады, әрі есептеу операцияларын процессормен орындау барысында өзіндегі өзгерістерді мүмкін етеді. Жедел есте сақтайтын құрылғы (орысша баламасы ОЗУ )белгілі бір уақытта орындалатын бағдарламаларды дискіден көшіріп отырады.
Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.
Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.