Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
346.67 Кб
Скачать

Билет № 18

Операциялық жүйе-бұл компьютер мен пайдаланушы арасындағы өзара байланысты ұйымдастыруға және барлық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыруға арналған жүйелік бағдарламалар кешені.Операциялық жүйе бір жағынан , компьютердің аппарттық бөлігі, екінші жағынан орындалатын бағдарламалар,сонымен қатар пайдаланушы арасында байланысты үйлестіруші қызметін атқарады.Компьютерлік жүйеге қатысушылар арасындағы өзара байланыс интерфейс(ағылшын.inter-аралық, face-бет) деп аталады.Операциялық жүйе келесідей негізгі функцияларды атқарады:

  • Пайдаланушымен сұхбат ұйымдастыру;

  • Жедел жадқа орындалуға қажетті бағдарламаларды жүктеу,

  • Барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын қамтамсыз ету;

  • Бағдарламаларды өңдеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

  • Ресурстарды бөлу(жедел жад,процессор,ішкі құрылғылары);

  • Барлық бағдарламалық қамтаманың тиімділігін арттыруға септігін тигізетін файлдар жүйесін басқару жұмысын қаматамасыз ету;

  • Бағдарламаларды орындауға жіберу;

  • Мәліметтерді сақтауды қамтамсыз ету;

  • Әртүрлі ішкі құрылғылар арасында ақпарат тасымалдау;

  • Перифериялық құрылғылар жұмысын бағдарламалық қолдау(дисплей,пернетақта,дискілік жинақтағыштар,принтер және т.с.с) және т.б;

Операциялық жүйе, нақты айтқанда оның жүйелік файлдарды компьютер іске қосылған соң автоматты түрде компьютердің жедел жадына жүктеледі.

2.Қоректендіру блогының қызметі?

Компьютердің электрондық сызбасына берілетін кернеуі аз тұрақты тоқтағы электрмен қоректендіретін желілердің қалыптастыратын қоректендіру блогі.

3.Diskette Boot Failure қатеілгі?

Diskette Boot Failure қатеілгі

Жүйелік болып табылмайтын дисководта тұрған дискетаны енгізу кезінде пайда болады.Дискетаны алып тастаңыз,қайта қосыңыз.

Билет № 19

1.Ұлғайту тесіктерінің түрлері?

Порттар барлық компьютерлерде болатын бақылаушылардың бірі аналық тақтаға енгізу-шығару порттарының бақылаушылары.

Енгізу-шығару порттарының түрлері:

-Параллель (LPT1-LPT4 деп белгіленеді) принтерді қосу үшін;

-Тізбекті (COM1-COM3 деп белгіленеді ) тышқан,модем және басқа құрылғыларды қосу үшін;

-Ойын порты джойстикті қосу үшін.Бұл порт барлық компьютерлерде кездесе бермейді.

2. Оперативті жадының түрлері?

Оперативті жад

ЖЖҚ = жедел(оперативті) жадтайтын құрылғы

RAM = random access memory (ерікті таңдау мүмкіндігі)

128 Мб-тан жоғары. SIMM, DIMM SDRAM, DDR, DDR2, DDR3

Оперативті жадта тоқты өшіргенде информация жоғалады.

Оперативті жадта ақпаратты оқуға,жазуға (RAM) болады.Деректерді жеткізу жылдамдығы жоғары.

3.BIOS ROM Checksum Error – System Halt?

BIOSпен бақыланатын және дұрыс қосылуын қамтамасыз ететін (қосылуы осы үшін дұрыс жұмыс атқармайды) тақшаның микросхемасындағы қателіктер (бақылау суммасындағы қателіктер). Компьютерді қайта қосыңыз, егер іске аспаса, микросхеманы алмастырады немесе қайта жазады.

Билет № 20

  1. Компьютерді қосқанда BIOS-тың атқаратын жұмысы?

BIOS-компьютер іске қосылғаннан кейін құрылғыларды автоматты түрде тестілеу операциялық жүйені жадыға қосу үшін арналған бағдарламалар жиынтығы. BIOSтың

pөлі 2 түрлі:

-бір жағынан аппаратураның ажырамас элементі.

-кез-келген операциялық жүйенің негізгі модульі.

Компьютердің жіктелуіндегіжүру процессін BIOS анықтайды.

  1. Бейнеадаптер

Бейнетақта(бейнеадаптер,бейнеконтроллер)-монитордың көмегімен арнайы тақша басқарады,оны бейнеадаптер деп атайды.Монитормен бірге бейнекарта дербес компьютердің бейне бағыныңқы жүйесін құрайды.Бейнеадаптер,бейнекантроллер,бейнепроцессор бейнежады функцияларын атқарады.

ДК пайда болғаннан бері бейнеадаптердің бірнеше стандарттары өзгерді:

-MDA-монохромдар ең алғашқысы.

-CGA- 4 түске дейінгі.

-EGA- 16 түске дейінгі.

-NGA- 256 түске дейінгі.

-SVGA- 16,7млн түске дейінгі.

3. BIOS Update For Installed CPU Failed қателігі

  • BIOS Update For Installed CPU Failed

BIOS Update программасымен қателерді түзеуде одан да көп мөлшерде процессор архитектурасында қателер туындауына алып келеді. Бұл қиындық BIOS версиясы мен процессор моделінің сәйкес келмеуінен туындайды.

Билет № 21

1) Аналық тақшалардың негізгі шиналық интерфейстері. ISA (Industry Standart Architecture). Жүйелік блоктың барлық құрылғыларын байланыстыруға рұқсат береді, сонымен қатар жаңа құрылғыларды стандартты слоттар арқылы жеңіл қосуға мүмкіндіктер тудырады. Қазіргі заманғы компьютерлерде жоғары өткізгіштікті керек етпейтін сыртқы құрылғылар да қолданады. (дыбыстық карталар, модемдер және т.б.). PCI( Peripherial Component Interconnect). Pentium процессорының негізінде дербес компьютерлерге енгізілген сыртқы құрылғылардың қосудың стандарты. Бұл сыртқы компоненттері қосу үшін арналған бөліктеушілер мен локальді шина интерфейсі. Осы стандарттың жаңалығы ол plug-and-play механизмі. Оның негізгі PCI шинасының ажыратылатын қосылысына сыртқы құрылғы физикалық қосылғаннан кейін осы құрылғының автоматикалық конфигурациясы жүзеге асырылады. FSB (Front Side Bus). Pentium Pro процессорынан бастап, оперативті жадымен байланыс орнату үшін арнайы. FSB шинасының жүиелілігі негізгі параметр болып табылады, дәл осы параметр аналық тақшаның спецификасын көрсетеді. AGP (Advanced Graphic Port). Беинеадаптерлерді қосу үшін арналған арнайы шиналық интерфеис. USB(Uneversal Serial Bus). Бұл компьютерлердің перифериялық құрылғылармен байланысын анықтайтын бірінен кейін бірі орындалатын.

2) Оперативті жады – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жады. Оперативті жадыны осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадыда деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадыдағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадыға қайта жүктейді. Сондықтан да оперативті жадыдағы дүниелеріңіз өшіріліп кетпейді.

Тұрақты есте сақтау құрылғысы(ТЕСҚ немесе ROM – read-onlу memorу) – ақпаратты тұрақты есте сақтауға арналған, яғни арнаулы құрылғының көмегіме бір рет жазылады да сонан соң одан тек оқуға болады. ТЕСҚ-сы компьютерді тоққа қосқан соң өзін тексеретін процедура – енгізу-шығару базалық жүйесін (BIOS) қамтиды.

Жедел жадының көлемі үшін қатты дискінің сыйымдылығы көрсетіледі. Қатты магниттік дискіге жинақтауыш (НЖМД немесе винчестер) компьютермен жұмыс жасағанда пайдаланатын ақпаратты сақтауға арналған. Тоққа қосылмаған жағдайда да ақпарат қатты дискіде сақталып тұрады, диск сыйымдылығы біршама үлкен. Қажет болса дискіні бірнеше бөліктерге бөлуге болады, әр бөлігі бөлек логикалық дискінің ролін атқарады.

Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад және тұрақты жад деп екіге бөлінеді.

ОЗУ – оперативтік жады

ПЗУ – тұрақты жады

Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сйымдылығына байланысты.

Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады.

1) Д.К. қайта қосқан кезде жүйелік блоктың жұмыс істеуін тексеретін тестті бағдарлама.

2) Шеткі аймақтық құрылғылар (дискжетек, пернетақта, монитор және т.б.) жұмысын басқаратын бағдарлама.

3) Дискінің қай жерінде операциялық жүйе жазылғандығын білдіретін ақпарат.

Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады.

Регистрдегі триггерлер саны компьютердің разрядтылығы немесе өнімділігі деп аталады. 8, 16, 32, 64 және т.с.с.

3) CMOS Date\Time Not Set

 CMOS Time And Date Not Set

 Жүйеде күн мен уақытты дұрыс орнатпағанда туындайды. Қателікті жөндеңіз де (BIOS та) компьютерді қайта қосыңыз. Сонымен қатар батарейканы тексеріңіз.