Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
007.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
346.67 Кб
Скачать

2.Винчестердің негізгі қызметі?

Қатты диск немесе винчестер компьютер жұмысына керекті

мәліметтерді тұрақты түрде сақтау үшін керек. Ол төрт негізгі бөліктен

— магниттік пластиналардан, оларды өз өсіне байланысты тұрақты

жылдамдықпен айналдыратын шпиндельден, мәлімет оқу/жазу бас-

тиектерінен және компьютер командаларын өндейтін ішкі

электроникадан тұрады.

Дербес компьютердің мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік

дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей

оқуға не жазуға болады. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар

(винчестер ) ақпаратты тұрақты түрде сақтайды. Иілгіш дискідегі

жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет

алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою

үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшін

керек болады. Дискетке қарағанда винчестерге өте коп мәлімет көлемі

сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.

2. 8042 Gate a20 Error қателігі?

Пернетақтаны басқарумен пайда болған қателіктер (адрестік түзу A20, микросхема типі – 8042). Қажеттілік жағдайында жөнделмейтін жабдықтарды ауыстырыңыз (контроллер немесе аналық плата).

Билет № 17

1. Енгізу шығару базалық жүйесі?

BIOS –компьютер іске қосылғаннан кейін құрылымды автоматты түрде тестілеу, операциялық жүйе жадыға қосу үшін арналған бағдарламалар жиынтығы.

BIOS –тың рөлі екі түрлі болады:

-бір жағынан бұл аппаратураның (Hardware) ажырамас элементі

-бұл кез-келген операциялық жүйе (Software) негізі модулі болып табылады

Компьютер жүктелуіндегі жүру процессін BIOS анықтайды.Компьютер қосылғанда бірінші тестілеу жүреді, содан кейін барып компьютерді басқару операциондық жүйеге береді.Базаның енгізу- шығару функцияларының және бір-бірімен әрекеттесу функцияларын BIOS атқарады. BIOS-қа кіру үшін ең алдымен компьютерді қайта жүктеу керек немесе компьютерді іске қосқан кезде құрылғыларға тестілеу жүріп жатқанда <<Delete>> (немесе BIOS-тың кейбір нұсқаларында F2) пернесін бірнеше басу керек.Компьютер жүктелгенде керекті пернені басқан соң, BIOS SETUP бас мәзіріне кіреміз.

BIOS – тың түрлері:

1. Phoenix-Award BIOS

2. AMI BIOS

2. Компьютердің сыртқы жадына жататындар? Сыртқы есте сақтайтын құрылғы (СЕҚ) ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған.Сыртқы есте сақтайтын құрылғыға магниттік таспаға (магнитная лента) жинақтаушы (магнитофон, стример), қатқыл дискіге (жесткий диск) жинақтаушы (винчестр), иілгіш дискіге (гибкий диск ) жинақтаушы, оптикалық дискіні ойнатқыш (проигрыватели оптических дисков) жатады. ОЕҚ –мен салыстырып қарағанда сыртқы есте сақтау құрылғысы негізінен еске сақтаудың үлкен көлеміне ие болады, бірақ шапшаңдығы көп төмен.

3. Cmos Time And Date Not Set қателігі?

CMOS Date\Time Not Set

CMOS Time And Date Not Set

Жүйеде күн мен уақытты дұрыс орнатпағанда туындайды. Қателікті жөндеңіз де (BIOS та) компьютерді қайта қосыңыз. Сонымен қатар батарейканы тексеріңіз.