
- •Пернетақта. Пернетақтаның қызметі.
- •Шина түрлері
- •Пернетақта арқылы компьютерді қосу.
- •2 Билет
- •Сұйық кристалды монитор.
- •Адрестік шина
- •Тышқан арқылы компьютерді қосу.
- •Билет № 5
- •1.Award bios опциялары.
- •Билет № 7
- •10.Екі қысқа сигнал
- •11.Үш ұзақ сигнал
- •2.Бейнеадаптер
- •3.Бір ұзақ қайталанушы сигнал нені білдіреді?
- •Билет № 8
- •Қатты дискінің негізігі мінездемелері.
- •Қатты дискінің негізі сипаттамалары
- •Бір ұзақ тоғыз қысқа сигнал?
- •Билет 9
- •11 Билет
- •3. Екі қысқа сигнал
- •12 Билет
- •Билет №13
- •Билет№14
- •Билет № 15
- •2.Қатқыл диск геометриясы
- •Билет № 16
- •Жедел есте сақтау құрылғыларының түрлері.
- •2.Винчестердің негізгі қызметі?
- •2. 8042 Gate a20 Error қателігі?
- •Билет № 17
- •1. Енгізу шығару базалық жүйесі?
- •3. Cmos Time And Date Not Set қателігі?
- •Билет № 18
- •2.Қоректендіру блогының қызметі?
- •Билет № 19
- •Билет №22
- •23 Билет
- •Дисплей түрлері
- •Оперативті жадының түрлері
- •Diskette Boot Failure қателігі?
- •24 Билет
- •Желілік карта
- •Оперативті жадының түрлері
- •Үш ұзақ сигнал?
- •Билет № 25
- •1.Операциялық жүйенің қызметі?
- •3. Екі қысқа сигнал?
1билет
Пернетақта. Пернетақтаның қызметі.
Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Олпернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі; г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранғашыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет; 2) түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.
Пернетақтаны санаттары б/ша жіктейді
Әріптік-цифрлық пернетақта : бұлар әріптер мен сандар пернелері.
Тыныс белгі пернелері: бұлар қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), дәйекше (') және тырнақшалар (") сияқты пернелер.
Арнайы пернелер: оларға, мысалы, жүгіргі пернелер, Control пернелері мен қызметтік пернелер (F1–F12) жатады. Бұл пернелер қолданылу мақсатына байланысты әр түрлі іс-қимыл жасайды. Мысалы, мәтін өңдегіште ENTER пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде ол қажетті мәтін енгізілгеннен кейін іздеу үрдісін белсендіреді..Қызметтік пернелер – бұл белгілі бір тапсырмалар орындауға арналған арнайы пернелер. Олар былайша белгіленеді: F1, F2, F3 және F12 пернесіне дейін. Бұл пернелердің мақсаты бағдарламаға байланысты болады. Мысалы, F5 пернесі әдетте бейнебетте көрсетілетін деректерді жаңарту қызметін атқарады.
Шина түрлері
Шина.Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар:
- мәліметтер шинасы
- адрестік шина
- командалық шина.
1. Мәліметтер шинасы– мәліметтерді жедел жады ұяшығынан процессордың регистрлеріне (және керісінше) көшіруге арналған.
2. Адрестік шина – мәліметтерді көшіргенде жедел жады ұяшығының адресін анықтайды.
3. Коммандалар шинасы. Мәліметтерді өңдеу үшін процессорге коммандалар қажет. Коммандалар жедел жадыдан жіберіледі, бірақ олар мәліметтер сақталған жерден келмейді. Олар программаны сақтайтын жерден жіберіледі. Коммандалар мәліметтер секілді байт түрінде берілген.