Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жылу техника экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

50. Жылуалмасқыштарды есептеудің түрлері

Жылуалмасқышты құрылымдау есебі кезінде жылутасығыштардың бастапқы және соңғы параметрлері белгілі болады да, жылуберу бетінің ауданын есептеп шығару керек болады, демек жылуалмасқышты құрылымдап шығу керек. Осыны есептеудің тәртібі мынадай:

  1. Баланс теңдеуінен ыстық жылутасығыштан суығына берілетін жылу ағынының қуатын Q2 анықтайды.

  2. Арнайы әдебиеттердегі ұсыныстарға (рекомендация) сүйеніп жылутасығыштардың қозғалу жылдамдығын және жылуалмасқыштың құрылымдық ерекшеліктерін (құбыр, диаметрі, жылутасығыштар жүретін қиманың ауданы) алдын ала белгілейді.

  3. 14-ші тараудағы көрсетілген әдістеме бойынша жылуалмасу коэффициенттерін, сонан соң (16.11) формуласы бойынша жылуберіліс коэффициентін есептейді.

  4. (18.10) формуласы бойынша ∆t мәнін анықтайды.

  5. Жылуберіліс теңдеуінен (18.3) идеалды жылуалмасқыштың жылу беру бетінің ауданын F анықтайды.

  6. Жылуалмасу бетін пайдалану коэффициентін алдын ала белгілеп, нақты жылуалмасқыштың жылу беру бетінің ауданын есептейді.

Аталған аудан бойынша жылуалмасқыштың құбырларының ұзындығын есептейді.

Жылуалмасқышты дәлдік есептеу кезінде оның құрылымы, демек жылуберу бетінің ауданы белгілі болады, сонымен бірге жылутасығыштың алғашқы параметрлері алдын ала беріледі. Мұндай кезде жылутасығыштардың соңғы параметрлерін есептеу керек, демек берілген жылуалмасқыштың белгілі бір технологиялық процеске жарамдылығын тексеру керек. Бұл есептердің күрделілігі сонда, бастапқы кезден ақ жылутасығыштардың соңғы температураларын білу керек, себебі олар жылу балансының және жылуберілістің теңдеулеріне енеді. Одан бөлек, жылутасығыштардың физикалық параметрлерін де орташа температура бойынша анықтайды.

Дәлдік есептеудің бір әдісі ретінде біртіндеп жуықтау әдісі қолданылады. Ол үшін бір жылутасығыштың соңғы температурасы алдын ала беріледі де жылу балансының теңдеуі бойынша екінші жылутасығыштың соңғы температурасы есептелініп, сонан соң құрылымдық есептеу жүргізіледі. Есептеу нәтижесіндегі алынған жылуберу бетінің ауданы берілген жылуалмасқыштың бетінің ауданымен тұстас келмесе, басқа температура мәні беріліп, есепті қайталайды. Дәлдік есептеуді жүргізген кезде ЭЕМ-ді қолдану үлкен көмек көрсетіп, вариантты есептерді шығарудағы еңбек көлемін азайтады.