
- •1. Негізгі термодинамикалық күй параметрлері. Термодинамикалық жүйе
- •2. Қысым. Қысым өлшегіш құралдар.
- •3.Идеал газдардың күй теңдеуі
- •4. Бойль-Мариотт заны.
- •6. Газ қоспалары
- •7. Қоспаның берілу тәсілдері
- •9. Термодинамиканың бірінші заңы
- •10.Термодинамиканың екінші заңы
- •11. Iшкi энергия
- •12. Ұлғаю жұмысы
- •13. Энтальпия
- •14. Газдардың жылусыйымдылығы
- •15. Энтропия
- •16. Циклдардың термиялық пәк-і және суыту коэффициенті
- •17. Тура және кері Карно циклдары
- •18. Изохорлы процесс
- •19. Изобарлы процесс
- •20. Изотермалы процесс
- •21. Адиабатты процесс
- •22. Политропты процесс
- •23. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі
- •24. Су буы. Бу түзілу процесі
- •25.Су және су буының параметрлерін анықтау
- •26. Су буының Ts және hs- диаграммалары
- •27. Су буының негізгі термодинамикалық процестері
- •Изохорлы процесс
- •Изобаралы процесс
- •Изотермалы процесс
- •Адиабатты процесс
- •28. Ылғалды ауа
- •29. Ылғалды ауаның Нd-диаграммасы
- •30. Газдар мен булардың ағып шығуы
- •31. Тарылған саптамадан ағып шығу. Критикалық жылдамдық
- •32. Су буының ағып шығуы
- •33. Жылу беріліс әдістері
- •34. Жылуөткізгіштіктің негізгі заңы
- •35. Жылуөткізгіштік коэффициенті
- •36. Жылу беріліс әдістері
- •37. Масса алмасу жөнінде түсінік
- •38. Конвективті жылуалмасудың негізгі заңдары
- •39. Сұйықтың құбырдағы ламинарлық қозғалысындағы жылуалмасу
- •40. Сұйықтың құбырдағы турбулентті қозғалысындағы жылуалмасу
- •41. Алмасу тәртібіндегі жылуалмасу
- •42. Сұйықтың еркін қозғалысындағы жылуалмасу
- •43. Сұйықтың қайнау кезіндегі жылуалмасу
- •44. Будың сұйылу кезіндегі жылуалмасу
- •45. Күрделі жылуберіліс
- •46. Қабырға арқылы бөлінген сұйықтар арасындағы жылуберіліс
- •47. Жылуберілісті қарқындату
- •48. Термиялық жұқа денелерді қыздыру және суыту мәселелері
- •49. Жылуалмасқыш аппараттың түрлері
- •50. Жылуалмасқыштарды есептеудің түрлері
2. Қысым. Қысым өлшегіш құралдар.
Қысым. Қысым деп молекулалық-кинетикалық теория көзқарасынан туатын жабық ыдыстың қабырғасына молекулалардың бейберекет қозғалысының әсерінен болатын соққылардың орташа нәтижесін айтады және де ол сол бетке тік түсетін күштің Рп беттің ауданына F қатынасын бейнелейді.
(1.4)
Бұл өлшемділік Па (Паскаль) деп белгіленеді (1Па=1н/м2).
Қысым абсолюттік , атмосфералық а, артық ар және вакуум (сиретілулік) в болып бөлінеді.
Олардың арасында мынадай қатынастар бар:
=а+ар (1.5)
=а- в (1.6)
Қысымды барометр, манометр, вакууметр және әртүрлі түрлендіргіш аспаптар арқылы өлшейді.
3.Идеал газдардың күй теңдеуі
Идеал газдар деп Бойль-Мариотт және Гей-Люссак заңдарына толық бағынатын газдарды айтады. Идеал газдарда молекулалардың арасында тартылыс және тебіліс күштері болмайды, сонымен бірге молекулалардың өзіндік көлемі газдың көлеміне қарағанда шексіз аз болады.
Бойль-Мариотт заңы бойынша температура тұрақты болғанда газдың берілген массасының қысымы оның көлеміне кері пропорционал болады:
(1.10)
Гей-Люссак заңы бойынша қысым тұрақты болғанда газдың берілген массасының көлемі оның абсолюттік температурасына тура пропорционал болады:
(1.11)
Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясына сәйкес газдың бірлік көлеміндегі абсолюттік қысым сан жағынан алғанда молекулалардың ілгерілмелі қозғалысының кинетикалық энергиясының 2/3 бөлігіне тең болады:
;
(1.12)
мұндағы
-меншікті
көлемдегі молекулалар саны;
-газдың
меншікті көлемі;
-молекулалар
массасы;
-молекулалардың
ілгерілмелі қозғалысының орта квадратты
жылдамдығы,
/2-молекуланың
орташа кинетикалық энергиясы.
Молекулалық-кинетикалық теориясы молекуланың орташа кинетикалық энергиясы мен абсолюттік температурасының арасындағы тура пропорционалдықты анықтайды:
/2=ВТ (1.13)
мұндағы Т-абсолюттік температура, В-пропорционалдық коэффициент.
(1.13) теңдігіне байланысты (1.12) теңдеуін былай жазуға болады:
(1.14)
Егер (1.14) теңдеуін газдың екі күйіне арнап жазса, онда
Екі теңдеуді бір-біріне мүшелеп бөлсек
(1.15)
немесе
(1.16)
Тұрақты шаманы R деп белгілесек, ол меншікті газ тұрақтысы деп аталады
немесе
(1.17)
(1.17) теңдеуін идеал газдар күйінің теңдеуі деп атайды. Бұл теңдеуге оны 1834 жылы бірінші рет қорытқан француз физигі Клапейрон есімі берілген.