
- •1. Негізгі термодинамикалық күй параметрлері. Термодинамикалық жүйе
- •2. Қысым. Қысым өлшегіш құралдар.
- •3.Идеал газдардың күй теңдеуі
- •4. Бойль-Мариотт заны.
- •6. Газ қоспалары
- •7. Қоспаның берілу тәсілдері
- •9. Термодинамиканың бірінші заңы
- •10.Термодинамиканың екінші заңы
- •11. Iшкi энергия
- •12. Ұлғаю жұмысы
- •13. Энтальпия
- •14. Газдардың жылусыйымдылығы
- •15. Энтропия
- •16. Циклдардың термиялық пәк-і және суыту коэффициенті
- •17. Тура және кері Карно циклдары
- •18. Изохорлы процесс
- •19. Изобарлы процесс
- •20. Изотермалы процесс
- •21. Адиабатты процесс
- •22. Политропты процесс
- •23. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі
- •24. Су буы. Бу түзілу процесі
- •25.Су және су буының параметрлерін анықтау
- •26. Су буының Ts және hs- диаграммалары
- •27. Су буының негізгі термодинамикалық процестері
- •Изохорлы процесс
- •Изобаралы процесс
- •Изотермалы процесс
- •Адиабатты процесс
- •28. Ылғалды ауа
- •29. Ылғалды ауаның Нd-диаграммасы
- •30. Газдар мен булардың ағып шығуы
- •31. Тарылған саптамадан ағып шығу. Критикалық жылдамдық
- •32. Су буының ағып шығуы
- •33. Жылу беріліс әдістері
- •34. Жылуөткізгіштіктің негізгі заңы
- •35. Жылуөткізгіштік коэффициенті
- •36. Жылу беріліс әдістері
- •37. Масса алмасу жөнінде түсінік
- •38. Конвективті жылуалмасудың негізгі заңдары
- •39. Сұйықтың құбырдағы ламинарлық қозғалысындағы жылуалмасу
- •40. Сұйықтың құбырдағы турбулентті қозғалысындағы жылуалмасу
- •41. Алмасу тәртібіндегі жылуалмасу
- •42. Сұйықтың еркін қозғалысындағы жылуалмасу
- •43. Сұйықтың қайнау кезіндегі жылуалмасу
- •44. Будың сұйылу кезіндегі жылуалмасу
- •45. Күрделі жылуберіліс
- •46. Қабырға арқылы бөлінген сұйықтар арасындағы жылуберіліс
- •47. Жылуберілісті қарқындату
- •48. Термиялық жұқа денелерді қыздыру және суыту мәселелері
- •49. Жылуалмасқыш аппараттың түрлері
- •50. Жылуалмасқыштарды есептеудің түрлері
44. Будың сұйылу кезіндегі жылуалмасу
Белгілі бір жағдайларда бу сұйық немесс қатты күйге ауысуы мүмкін. Сұйылу процесі практикада жиі кездеседі - бу турбиналарының конденсаторында, теңіз суын қондырғыларында ж.б.
Будың сұйылу кезінде сұйытылған затты - конденсатты, үнемі бұрып алып отыру керек. Егер қаныққан немесе қыздырылған температурасы будың берілген қысымындағы қанығу температурасынан кем қабырғамен түйіссе, онда жылуалмасу нәтижесінде бу салкындап, одан соң сұйылады. Конденсат тамшы немесе қабықша күйінде қабырғаға тұрып калып, соның бойымен төмен қарай ағады.
Беттің күйіне карай екі сұйылу түрі бар: тамшылы және қабықшалы. Егер сұйық жылуалмасу бетіне жұқпайтын болса, онда тамшылы сұйылу, аз жұғатын жағдайда қабықшалы сұйылу пайда болады.
Тамшылы сұйылу кезіндегі жылуалмасу өте жоғары және қабықшалы сұйылуға қарағанда 15-20 есе қарқынды болады. Себебі сұйылатын бу жылуалмасу бетімен тікелей түйіседі.
Биіктігі Н қабырға бойымен будың сұйылу кезіндегі жылуалмасу зандылығын бірінші рет Нуссельт ұсынды. Жылуалмасу коэффициентінің орташа мәнін табуда практикалык есептерде мынадай формулаларды колдануға болады:
тік қабырғалар үшін
(14.46)
көлденең қабырғалар үшін
(14.47)
мұндағы g-еркін түсу үдеуі; λс - сұйықтың жылу өткізгіштік коэффициенті; r- бу түзілу жылулығы; pc- сұйықтың тығыздығы; vс- сұйықтың кинематикалық тұтқырлығы; Н- тік қабырғаның биіктігі; tқн–будың қанығу температурасы; t6 – қабырға бетінің температурасы; d- құбырдың сыртқы диаметрі.
45. Күрделі жылуберіліс
Жылуберілісті жылуөткізгіштік, конвекция және сәулеленуге бөлу осы процестерді бөліп зерттеуге қолайлы. Шын мәнінде практикада екі немесе үш түрі бойынша біруақытта берілетін күрделі жылуалмасу орын алады.
Күрделі жылуалмасудың практикада ең көп кездесетін түрі, ол қабырға бетінен газға (немесе керісінше газдан қабырға бетіне) жылуберілу. Сонымен бірге жылулық қабырғадан газға конвекция арқылы беріліп қана қоймай, ол беттен газға жылу сәулелену арқылы да беріледі. Күрделі жылуалмасудың қарқындылығы қосынды жылуберілу қарқындылығымен сипатталады
α= αк+ αс (16.1)
Әдетте, конвекция және сәулелену бір біріне әсер етпейді деп есептелінеді. Конвективті жылу беру коэффицентін αк 14-ші тараудағы берілген формулалар арқылы есептейді. Ал сәулелі жылу беру коэффиценті αс деп сәулелі жылу ағынының тығыздығының qc қабырға беті мен газдың температурасының айырмасына қатынасын бейнелейді:
αс= qc ̸(tб-tr) (16.2)
Сәулелі жылу ағының qc есептеу 15-ші тарауда келтірілген.
Кейбір жағдайларда жылуберу коэффицентінің бір құрамасын есепке алмауға болады. Мысалы, температура өскен сайын сәулелі жылу ағыны күрт артады да, бу қазанының ошақтары мен пештерде конвективті жылуберу коэффицентін αк есепке алмауға болады, сол себепті α ≈ αс . Ал тамшылы сұйықтармен жылуалмасуда, керісінше, конвективті жылу беру басым болады - α ≈ αк.