Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
подготовка к уголовному прау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
247.3 Кб
Скачать
  1. Жала жабудың қорлаудан айырмашылығы.

Жала жабу (129-бап)

Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату-деп көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі. Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер. Қылмыстың жәбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарту деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспасөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден, шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам адамның ар-намысына және қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді және соны істеуді тілейді. Шын мәнінде жанылысып айтқан мұндай мәліметтер үшін Қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т.с.с.

Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (129-баптың 2-тармағы). «Көпшілік» деген термин-қоғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мәліметтерді тарту дегенді білдіреді. Көпшілікке тартылатын шығармаға-кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына-газет, журнал, радио, теледидар, бейнекассеталар арқылы жалған мәліметтерді таратулар жатады. Жала жабу әрекетін саралағанда кінәлының пиғылының адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінәлы адам жалған мәліметтерді жәбірленушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатын көздеп таратса, онда оның әрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (351-бап) жатады. Көрінеу жалған сөз жеткізуде қылмыс жасады деген мәліметтер әдетте қылмыстық іс қозғайтын органдарға хабарланады.

Қорлау (130-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың ар-намысы, қадір-қаиеті, беделі.

Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам.Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады.

Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады. Мұндай қорлау әрекеттері нақты адам немесе бір топ адамға қатысты орын алуы мүмкін.Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау- осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. (130-баптың 2-тармағы). Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (129-бап) құрамының ауырлататын түріне ұқсас.

  1. Адамның ар-намыс, қадір қасиеті мен бостандығына қарсы қылмыстар. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

Жеке адамның ар-намысына және

адамгершілігіне қарсы қылмыстар.

Жала жабу (129-бап)

Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату-деп көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі. Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер. Қылмыстың жәбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарту деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспасөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден, шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам адамның ар-намысына және қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді және соны істеуді тілейді. Шын мәнінде жанылысып айтқан мұндай мәліметтер үшін Қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т.с.с.

Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (129-баптың 2-тармағы). «Көпшілік» деген термин-қоғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мәліметтерді тарту дегенді білдіреді. Көпшілікке тартылатын шығармаға-кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына-газет, журнал, радио, теледидар, бейнекассеталар арқылы жалған мәліметтерді таратулар жатады. Жала жабу әрекетін саралағанда кінәлының пиғылының адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінәлы адам жалған мәліметтерді жәбірленушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатын көздеп таратса, онда оның әрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (351-бап) жатады. Көрінеу жалған сөз жеткізуде қылмыс жасады деген мәліметтер әдетте қылмыстық іс қозғайтын органдарға хабарланады.

Қорлау (130-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың ар-намысы, қадір-қаиеті, беделі.

Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам.Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады.

Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады. Мұндай қорлау әрекеттері нақты адам немесе бір топ адамға қатысты орын алуы мүмкін.Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау- осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. (130-баптың 2-тармағы). Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (129-бап) құрамының ауырлататын түріне ұқсас.

  1. Сайлау құқығы мен сайлау комиссияның жұмыстарын жүзеге асыруға қарсылық білдіру. Оның сайлау құжаттарынан, референдум құжаттарынан немесе дауыстарды қате есептеуден айырмашылығы.

Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап)

Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады. Сайлауға,сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауға дауыс жасырын беріледі. Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асырауына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумға дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, сайлаушыларды сайлауға, референдумға қатысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мәліметтер таратып, оларды өткізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне түрлі кедергілер жасау, депутаттыққа кандидаттарды ұсынуға жол бермеу, дауыс беруге, оның нәтижелерін анықтауға әр түрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жазған мәліметтер беруге тырысу. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға әсері болмайды. Күш қолдану деп жәбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тартқызу немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірулерді айтамыз. Күш қолданамын деп қорқытуға, жәбірленушіні немесе оның жақынын өлтіремін, үйіне өрт қоямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау құқығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жұмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту осы қылмысты жасаудың тәсілі болып табылады. Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-тармағындағы қылмыстың субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.

Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау

немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі-сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы. Қылмыстың заты-сайлау құжаттары, сайлаушылары тізімі, дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетені және басқадай сайлау құжаттары. Объективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньде жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді ҚР Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады. Дауыс беру құпиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін аранулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықтау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тағы сол сияқты сайлауды өткізу заңына қайшы әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы формальдық. Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Аталған қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісің арнаулы- Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, бастамашы топтың, сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.

  1. Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.

  1. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту. Оның кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс әрекеттер жасауға тартудан айырмашылығы.

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап)

Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы және қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.

Қылмыстың тікелей объектісі-кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі-18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар. Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын деген әрекеттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ. Субъективтік болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады. Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қара-ниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Кінәлы адам әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әр түрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқа да зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады. Қылмыстың субъектісі - заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет-осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады. Ата-аналарды анықтау ҚР неке және отбасы туралы Заңына сәйкес шешіледі. Педагог деп тәрбие немесе оқу процесімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті қылмыстың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер етпейді. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген-жақын-туыстары, ағасы немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады. Осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру арқылы қылмыс істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлының әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп қорқыту-өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жаныңды қинаймын, өртеймін деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер ететін сөздерді кінәлының айтуы жатады.

Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап)

Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар меңдей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс. Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады. Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады. Есірткілік немесе есеңгірететін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады. Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады. Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі-қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлы адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табуға әр түрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналыскға тарту деп танылады. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (132-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам.

  1. Өмірге қарсы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы.

Өмірге қарсы қылмыстың , соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесіне бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.

Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (ҚК-тің 102-бабы)

Қылмыстың мәні-қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде. Қылмыстың объективті жағы-қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да, қорқыту сипаты барынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралына айырумен және т.б.

Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын шектеуден ж.т.б. көрінеді. Жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту, кінәлының жәбірленушімен екі жүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке басын кемсіту, оның кемшіліктерін келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тарату ж.т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен қатар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс. Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.

Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауы осы қылмыстың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәлының мінез-құлқы мен аталған зардаптың арасында себептік байланыс анықталуға тиіс.

  1. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу; қылмысты жасыру және қылмыс туралы хабарламау: заңи талдау. Олардың айырмашылықтары мен ажыратылуы және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)

Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады. Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуына да әкеп соғады.

Бұл әдіс 1937-1940 жылдары КСРО-да кең тараған айла болды, нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз жапа шекті. Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың жекелеген органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің мүдделері (ар-намысы, жеке бостандығы т.с.с.) болады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады. Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізуге құқық қорғау органдарына (полиция, прокуратура, сот, алдын ала анықтама жүргізуші органдар) істелгені жатқан немесе істелген қылмыс және оны істеген адам жөнінде жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама тиісті құқық қорғау органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға (аудандық, облыстық әкімшілікке) берілуі де мүмкін. Жалған сөз жеткізу ауызша, жазбаша, телефон немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін айтпау жолымен жүзеге асырылады. Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың негізгі шарты-шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті туралы көрінеу жалған сөз жеткізу болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген «көрінеу жалған сөз жеткізу» дегеннің өзі кінәлының хабарламасының шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс қозғау мақсатымен құқық немесе басқа органдарға өтірік хабарлайтынын біледі және соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам. Жасанды айыптау айғақтарына-жалған құрал-жабдықтар, қарулар, жалған құжаттар, өтірік заттай айғақтар, заттар, әр түрлі жасанды іздер, өтірік куәгерлер жатады. Пайдакүнемдік ниетке-жалған сөз жеткізу арқылы бейкүнә адамды жауапқа және жазаға тартқызып, оның меншігіне немесе басқадай табыстарына ие болу немесе осы әдіс арқылы оған берешек борышынан құтылу т.с.с. әрекеттер жатады.

Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап)

Мұндай әрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстың тікелей объектісі-әділ-соттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделері болады. Құрылысы жөнінен бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және қылмыс объективтік жағынан мынандай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

1)сотта, не алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде куәгердің, жәбірленушінің көрінеу жалған жауап беруі;

2) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі;

3)дәл сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрінеу қате аударма. Куәгердің, жәбірленушінің жалған жауабына олардың өздеріне мәлім болған фактілер жөнінде толық немесе ішін ара шындыққа сай келмейтін мәліметтер беруі. Егер куәгер немесе жәбірленуші және мәлім болған фактілер туралы ештеңе айтпаса, онда олардың әрекеті жауап беруден бас тарту деп танылып, олар Қылмыстық Кодекстің 353-бабы бойынша жауапты болады. Зерттелген объект бойынша саналы түрде жалған, шындыққа жатпайтын немесе сенімсіз, екі ұшты іс материалдарына негізделген қорытындыны жасауы сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі деп білеміз. Іс үшін мәні бар процеске қатысушылардың деректерін, жауаптарын саналы түрде, әдейі бұрмалап, теріс аударуды аудармашының жасаған көрінеу қате аудармасы деп білеміз. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол заңда көрсетілген әрекеттердің істелген уақытынан бастап, іске әсер еткеніне немесе әсер етпегеніне қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыстың аяқталу уақыты қылмыстық іс жүргізу сатысына тікелей байланысты. Алдын ала тергеу немесе алдын ала анықтама жүргізу сатысында куәгердің, жәбірленушінің, аудармашының жауап беру хаттамасына қол қойған, ал сарапшының жазбаша қорытынды берген сәтінен, ал істі сотта қарау сатысында-куәнің, жәбірленушінің жауап беру немесе сарапшының қорытындының мазмұнын жариялаған, аудармашының жауаптар мен қорытынды мазмұнын аударған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңда көрсетілген көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытынды беруі немесе аудармашының қате аударуы деген сөздің өзі бұл қылмыстың субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалатынын көрсетеді. Заң бұл қылмысты белгілі бір ниетпен байланыстырмайды. Қылмыстық ниет айыпкердің жағдайын жақсарту немесе қиындату, одан кек алады деп қорқу, пайдакүнемдік, қызғаныш т.с.с. болуы мүмкін. Егер куә, жәбірленуші белгілі бір факті жөнінде шын қателесіп жауап берсе, сарапшы кәсіптік деңгейінің төмендігінен қате қорытынды берсе немесе аудармашы тілді немесе терминдердің ерекшелігін жете білмеуден дұрыс аудармаса, онда оларды Қылмыстық Кодекстің 352-бабымен жауапқа тартуға негіз жоқ. Қылмыстың субъектісі арнаулы-жасы 16-ға толған куәгер, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы.

Куәнің немесе жіәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап)

Қылмыстық іс және Азаматтық іс жүргізу кодекстері куәгерге немесе жәбірленушіге сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу, сондай-ақ алдын ала тергеу жүргізу кезінде дұрыс жауап беруді міндеттейді. Куәгердің немесе жәбірленушінің шындыққа сай келетін жауабы дәлелдеменің көзі болып табылады. Бұлардың жауап беруден бас тартуы сот төрелігінің жүзеге асырылуына кедергі келтірудің нысаны ретінде қарастырылады. Қылмыстың объектісі-сот, тергеу және анықтама органдарының бірқалыпты дұрыс қызметі. Қылмыс объективтік жағынан куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы арқылы көрініс табады. Бас тарту әрекет арқылы (ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруден бас тарту) немесе әрекетсіздік арқылы (жауап беру туралы ұсынысқа үндемей қою) көрініс табады. Жалтаруға куәның немесе жәбірленушінің сотқа, тергеуге немесе анықтама органына шақыру туралы хабарлама ала тұра, себепсізден себепсіз келмеуі, жалтару мақсатымен тұратын орнын ауыстыруы, жасырынуы, бірнеше рет шақыруға мән бермеуі т.с.с. жатады. Бас тарту мен жалтарудың тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс заңда көрсетілген адамдардың жауап беруден заңсыз бас тартуы немесе жалтаруы орын алған сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам жауап беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны сезеді және соны тілеп әрекет немесе әрекетсіздік жасайды. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда есепке алынады.Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16-ға толған куә және жәбірленуші.

Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, қалыс адамдарға және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істелген мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады.(205-баптың 2-тармағы). Заң бойынша алдын ала тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар егер бұл тергеу мүшелеріне қайшы келмесе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде ғана жария етілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 205-бабының 2-тармағы)Заңның осы көрсетілген талаптарын бұзу әділсоттылықтың мүддесіне орасан зиян келтіруі мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі-тергеу және анықтама органдарының дұрыс қызметі. Қылмыстың объективтік жағы жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтау жүргізуші адамның келісімінсіз жария етуі арқылы сипатталады. Тергеу әрекеттері (мысалы тінту) жөніндегі мәліметтерді, сарапшылық тағайындап, куәларды шақыру, заттай немесе әр түрлі құжаттық дәлелдемелер жөніндегі деректерді тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, прокурордың келісімінсіз жұртқа жаю осы деректерді жария ету деп танылады. Жария етудің тәсілі сан түрлі (ауызша, жазбаша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы) болуы мүмкін.Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға қатысы жоқ. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол алдын ала анықтаудың, алдын ала тергеудің деректерін жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Жария ету қылмыстық іс жүргізу процесінің алдын ала анықтау, алдын ала тергеу сатысында ғана іске аксырылады.Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзіне деректерді жарияламау туралы ескерту жасалғанына қарамастан оны жариялаудың қоғамға қауіпті екенін сезеді, бірақ-та соны жариялауды тілейді. Қылмыстың субъектісі-қылмыстық іске қатысушы 16-ға толған арнаулы адамдар-куә, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы, қалыс адам, қорғаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ж.т.б. Егер мұндай деректерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері жария етсе, онда олар лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылады.

  1. Мемлекеттің конституциялық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар (заңи талдау). Мемлекеттік опасыздық. Шпионаж. Диверсия. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  2. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену.

  3. Кәмелетке толмағандарға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді орындамау.

  4. Меншікке қарсы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама. Ерекше құнды заттарды ұрлау.

  5. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (жалпы сипаттама). Денсаулыққа қасақана және абайсызда зиян келтіру. Денсаулыққа қарсы спецификалық қылмыстар. Денсаулыққа қарсы ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  6. Пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу: заңи талдау. Олардың айырмашылықтары мен ажыратылуы және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  7. Зорлау, өзге де нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінен ажырату. Нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету. Жас балаларды азғындату.

  8. Жеке тұлғаның бас бостандығына қарсы қылмыстар. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру.

  9. Еңбек туралы заңдарды бұзу, оның еңбекті қорғау ережелерін бұзудан айырмашылығы

  10. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар (заңдық талдау). Кәмелетке толмағандарды саудаға салу. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  11. Ұрлық. Бөтеннің мүлкін заңсыз иелену мен ысырап етуден айырмашылығы.

  12. Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше атқармау. Оның салақтықтан айырмашылығы.

  13. Адамның және азаматтың  Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (заңдық талдау). Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткiзуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi жасау. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  14. Тонау. Қарақшылық. Қылмыс құрамдарын саралау.

  15. Өкімет басшысын қорлау. Өкімет басшысына күш қолданудан айырмашылығы.

  16. Меншікке қарсы қылмыстар (заңдық талдау). Бөтеннің мүлкін ұрлаудың түсінігі, белгілері мен түрлері. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  17. Жаппай тәртiпсiздiктер; Бұзақылық және Тағылық: заңдық талдау. Олардың айырмашылықтары мен ажыратылуы және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  18. Интеллектуалдық меншік құқығын бұзу.

  19. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар (заңдық талдау). Геноцид пен экоцид. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  20. Заңсыз сыйақы алу. Ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығы.

  21. ҚР Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау.

  22. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар (заңдық талдау). Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  23. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу; Жануарларға қатыгездiк жасау: Заңдық талдау жасау. Олардың айырмашылықтары және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  24. Көрiнеу жалған жарнама беру; Тұтынушыларды алдау: заңдық талдау.

  25. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар (заңдық талдау). Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  26. Экономикалық контрабанда. Қылмыс құрамын саралау.

  27. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу мен қылмысты жасыру және қылмыс туралы хабарламау: ұқсастығы мен айырмашылықтары және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  28. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар (жалпы сипаттама). Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк гимнiн қорлау. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  29. Еңбек туралы заңдарды бұзу, оның еңбекті қорғау ережелерін бұзудан айырмашылығы.

  30. Әскери лауазымды қылмыстар. Билікті теріс пайдалану. Қызметке салақтықпен қарау.

  31. Көліктегі қылмыстар (заңдық талдау). Ұшудың халықаралық ережелерiн бұзу. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  32. Зорлау, оның белгілері және нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданудан айырмашылығы.

  33. Ұрлық, тонау және қарақшылық: заңдық талдау жасау. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

  34. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар (заңдық талдау). Терроризм. Адамды кепiлге алу. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  35. Су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу және Заңсыз аңшылық: Заңдық талдау. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  36. Қорқытып алушылыққа заңдық талдау. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  37. Әскери қылмыстарға жалпы сипаттама. Қашқындық. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету. Қылмыс құрамдарын ажырату мәселелері.

  38. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу.

  39. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету. Алаяқтық: Заңдық талдау. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

  40. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама.

  41. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану; Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану және Қызметтiк жалғандық жасау. Олардың айырмашылықтары және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату мәселелері.

  42. Тонаушылық. Қылмыс құрамын саралау және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  43. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама.

  44. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу; Бандитизм. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары және ажырату мәселелері.

  45. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы; Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару: Заңдық талдау.

  46. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама.

  47. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру; Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; Жезөкшелiкпен айналысуға тарту. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары және ажырату мәселелері.

  48. Мемлекеттік опасыздық және шпионаж. Қылмыс құрамдарын саралау.

  49. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату; Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату: заңдық талдау. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары және ажырату мәселелері.

  50. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу; Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден жалтару; Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қалыпты қызметін бұзу: қылмыс құрамдарына заңдық талдау.

  51. Пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу.

  52. Сот төрелігі мен қылмыстық ізге түсу органдарының лауазымды тұлғаларының жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық.

  53. Бұзақылық. Заңдық талдау және ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  54. Адамды ұрлау. Адамды кепілге алу. Саралау.

  55. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды  заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату; Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру: заңдық талдау жасау. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары және ажырату мәселелері.

  56. Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар.

  57. Заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік және жалған банкроттық: заңдық талдау. Ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

  58. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу; Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы: салыстырмалы заңдық талдау.

  59. Жазаны атқару тәртібіне қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу.

  60. Өмірге қарсы қылмыстар (96-102 баптар). Қылмыс құрамдарына сипаттама.