
- •«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» Ерекше бөлім пәні бойынша емтихан сұрақтары.
- •2012-2013 Оқу жылы.
- •Адам өлтіру. Абайсызда кісі өлтірумен адам өлтірудің айырмашылығы.
- •Несиені заңсыз алу және мақсатынсыз пайдалану, оның несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтарудан айырмашылығы.
- •Адамды ұрлау. Оның бас бостандығынан заңсыз айырудан айырмашылығы.
- •Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру.
- •Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету.
- •Жала жабудың қорлаудан айырмашылығы.
Адамды ұрлау. Оның бас бостандығынан заңсыз айырудан айырмашылығы.
Адамды ұрлау (125-бап)
Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстаудың адам ұрлау деп айтамыз.
Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі. Қылмыстың жәбірленушісі-жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына қарамастан ұрланған адам. Өз баласын басқа ата-анасынан, туыстарынан ұрлап алып кету бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асыру арқылы көрініс табады: тірі адамды оның еркінен тыс жағдайда жасырып, ашық түрде немесе алдау жолымен қолға түсіру, оны тұрғылықты мекен-жайынан немесе уақытша тұрып жатқан жерінен басқа жерге апару; ұрланған адамды бас бостандығынан айырып ұстау. Қылмыс адамды оның еркінен тыс жағдайда қолға түсірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады, қылмыс формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.
Бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап)
Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады.Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Объективтік жағынан қылмыс адамды, оны ұрлауға байланысты емес жағдайда бас бостандығынан айырумен сипатталады.Яғни жәбірленушінің еркін- қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады немесе оны бір тұрғын жайға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады. Қылмыстың жасалу тәсілі жәбірленушіні күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып қорқыту болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық. Адам бас бостандығынан заңсыз айырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңсыз бас бостандығынан айыру мерзімі қылмысты саралауға әсер етпейді. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі: қызғаныш, кек алу, бұзақылық т.с.с. болуы мүмкін.Қылмыстың субъектісі-16-ға толған жай адам.Лауаазым адамдарының мұндай әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті басқа баптары бойынша саралануға жатады.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап)
Қылмыстық кодекстің 193-бабында «Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге де мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану» қылмысының анықтамасы көрсетілген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деп аталады. Қылмыстың тікелей объектісі экономикалық қызмет аясындағы ақша қаражат айналымын реттеудің қоғамдық қатынастары болып табылады. Осы қылмыс құрамының міндетті белгісі-оның заты болып табылады. Қылмыстың затына ақша қаражаты немесе заңсыз жолмен алынған өзге мүліктер жатады. Ақша қаражаты теңгелік немесе валюталық көріністе болады. Мүлік қозғалатын немесе қозғалмайтын (ғимараттар, құрылыстар, кешендер), сондай-ақ меншікке немесе жалға алынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қылмыстың объективтік жағы-заңда белгіленген мынандай нысандар арқылы:
1)ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау;
2)басқа да мәмілелер жасау;
3)қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану.
Ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау деп заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын пайдаланып банктік есеп ашу немесе жүргізуді, оны төлем қаражаты ретінде пайдалануды, осы қаражатқа акция, вексель, облигация, басқадай бағалы қағаздарды алуды немесе оларды басқадай айырбас құралы ретінде пайдалануды айтамыз. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті одан әрі дамытуға жұмылдыру, жарғылық қорға айналдыру кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті заңсыз жүзеге асыру үшін пайдалану деп танылады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік жақтың осы белгілерінің біреуі жасалған уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам көрінеу заңсыз жолмен аталған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды ұғынады және соны тілейді. Қылмыстық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі болып табылғанымен, ол сөз жоқ соттың жаза тағайындау барысында есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі-16-ға толған есі дұрыс кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 193-бабының 2-тармағында мынадай ауырлататын белгілер көрсетілген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
2) әлденеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер.
Егер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды бірлесіп жасау туралы күні бұрын-қылмыс істелгенге дейін уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады. Талданып отырған қылмыстың объективтік жағынан белгілерін екі немесе одан көп жасау, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, не соттылығы жойылмаса немесе қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтпесе онда қылмыс әлденеше рет істелген деп танылады. Осы бап бойынша қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекетке мемлекеттік органның, коммерциялық немесе өзге де ұйымның заң бойынша лауазымды адамы деп танылғандардың қылмыстары жатады.