Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Raihan fizika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.37 Кб
Скачать

62.Жарықтың шағылуы. Айналық бет.Жарықтың шағылу заңы.

Жарық сәулелері қандай да бір бетке түскен кезде сол өзі шыққан ортада,одан жартылай немесе толық шағылады.Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын,яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.

Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.

63.Жазық айна.

Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің қалай пайда болатынын түсіндіруге болады.Жазық айнадағы нәрсе кескінінің мынадай ерекшеліктері бар:кескін жалған,тура,өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең,нәрсе а на алдында қандай қашықтықта тұрса,кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.Жазық айналар «қол жетпейтін» объектілерді бақылау үшін,мысалы,тіс емдеуде қолданылуы мүмкін.Жазық айнаның көмегімен айнаны жарық көзі алдында бұра отырып,шағылған жарық шоғын басқаруға болады.Телескоптар,перископтар,кинопроекторлар сияқты оптикалық құралдарда нәрсенің кескінін ыңғайлы орынға ауыстыру үшін жазық айналар қолданылады.

65.Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.

Егер жарық шоғы екі ортаны бөлетін шекара арқылы өтетін болса,мысалы,ауадан суға,онда жарық ағынының бір бөлігі шағылады,екігші бөлігі нәрседен өтеді,тағы бір бөлігі жұтылады.

Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде,жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы д.а.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арамындағы бұрышты сыну бұрышы д.а.

Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады.

68.Линзалар. Линзаның оптикалық күші.

Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді айтады. Линзалардың екі түрі бар:өзінен өткен жарықты жинағыш және шашыратқыш. Жинағыш линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалыңдау,ал шашыратқыш линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқалау болып келеді.Сыну беттерінің пішініне қарай линзаларды жазықдөңес, қосдөңес, қосойыс, жазықойыс және т.б. деп бөлінеді.Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1 және С2 центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі д.а. Оптикалық остьің бойында линзаның оптикалық центрі д.а.Линзаның центрінен, фокусқа дейінгі OF арақашықтықты линзаның F фокустық қашықтығы д.а. 2F нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық д.а.Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокальдық жазықтық орналасқан.Қосдөңес линзаның әр жағында бір-бірден фокусы бар.

Линзаның негізгі сипаттамаларына оның F фокустық қашықтығы мен фокустық қашықтығына кері шама-линзаның D оптикалық күші жатады:

Оптикалық күш D линзаның сыну қабілетінің өлшемі болып табылады.Оптикалық күштің бірлігі үшін бір диоптрия(1дптр.) алынған. Бұл-фокустық қашықтығы 1м-ге тең линзаның оптикалық күші.

Шашыратқыш линзалардың фокустық қашықтығы мен оптикалық күші теріс сандармен өрнектеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]