Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Raihan fizika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.37 Кб
Скачать

36. Шалаөткізгіштегі электр тогы

Шалаөткізгіштегі электр тогы деп – электр өрісі әрекетінен электрондар мен кемтіктердің қарама-қарсы бағытталған реттелген қозғалысын айтады. Таза шалаөткізгіштерді қыздырғанда немесе жарықтандырғанда пайда болатын олардың өткізгіштігі меншікті өткізгіштік деп аталады. Ол терморезисторлар мен фоторезисторларда қолданылады.

Шалаөткізгішке аз мөлшердегі қоспаны енгізген кезде оның өткізгіштігі артады. Бұл қоспадағы заряд тасушылардың-электрондар мен кемтіктердің саны өзгертетін көрсетеді, ал бұл шалаөткізгіш кедергісінің азаюына әкеледі. Қоспа атомдардың электрондарынан туындаған шалаөткізгіштердің өткізгіштегі қоспалық өткізгіштік деп аталады. Ол өз кезегінде электрондық қоспалық өткізгіштік және кемтіктік қоспалық өткізгіштік деп ажыратылады.

Кемтікті қоспалық өткізгіштігі бар шалаөткізгіштер р-типті1 шалаөткізгіштер деп аталады. Электронды-қоспалық өткізгішті шалаөткізгіштер п-типті2 шалаөткізгіштер деп аталады.

37. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі

Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады. Тек электр тогы мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады. Оның басты қасиетіне магнит өрісінің электр тогына әрекет етуі жатады. Сонымен, егер қозғалмайтын электр зарядтарының төңірегінде электр өрісі болса, онда қозғалыстағы зарядтардың, яғни электр тогынығ төңірегінде электр өрісі де, магнит өрісі де пайда болады.

Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісініңкүш сызықтары деп аталады. Магнит өрісі график түрінде магнит күш сызықтарының көмегімен кескінделеді. Күш сызықтары магнит тілшесінің солтүстік полюсін көрсететін жағына қарай бағытталған деп есептеледі. Кеңістіктің әр нүктесі арқылы тек бір ғана күш сызығы өтеді, сондықтан магнит өрісінің сызықтары бір-бірімен қиылыспайды. Магнит өрісі магнит тілшесіне тогы бар өткізгіш жанында-күштірек, ал одан алыстаған сайын әлсіздеу әрекет етеді. Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған. Олардың басы да, аяғы да жоқ. Күш сызықтары әрқашан тогы бар түзу өткізгішті айнала қоршап тұрады. Магнит сызықтарының тұйықталған болуы – олардың электр өрісінің кернеулік сызықтарынан елеулі ерекшелігін көрсетеді.

38.Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі.Электр өрісінің күш сызықтары

Кез-келген зарядталған дененің айналасында заттан ерекшеленетін,электр өрісі деп аталатын кеңістіктің бар екенін көрсетеді.Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары М.Фарадей және Дж.Максвелл еңгізді.Заряд бірлігіне әрекет ететінткүшке тең F/q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.Кернеулік Е арқылы белгіленеді. E=F/q Электр өрісінің күш сызықтары деп өрістегі оң зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтарды айтады.Күш сызықтардың міндетті түрде басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді.

39.Потенциял және потенциялдар айырымы.

Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. EN/q қатынасы зарядтың шамасына тәуелді емес,оны өрістің энергетикалық сипаттамасы деп қабылдап, берілген нүктедегі өрістіңпотенциялы деп атайды En1/q-En2/q шамасы бірлік оң зарядтың потенциялдық энергиясының өзгеруі болып табылады.Оны өрістің нүктелерінің арасындағы потенциялдар айырымы дейді,оны U деп белгілейді.Электр өрісі күштерінің атқаратын жұмысы мынаған тең A=q(f1-f2)=qU Оң зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда,өріс атқаратын жұмыстың осы зарядтың шамасына қатынасын потенциялдар айырымы немесе кернеу деп атайды. Потенциялдар айырымы электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]