Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Raihan fizika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.37 Кб
Скачать

75.Ньютонның 1 заңы. Инерциялық санақ жүйелері.

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырды. Бұл-инерция заңы. И.Ньютон инерция заңын механика негізінде енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп аталады.

Денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүцесі ретінде алынады.

Сонымен Ньютонның бірінші заңы инерциялық санақ жүйесі деген жаңа ұғым шығады.

76.Ньютонның 2, 3 заңы.Масса.

1.Дененің өзінің алатын үдеуін ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса физикалық шамасы қолданылады.

Дененің массасы-оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.

2.Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасы кері пропорционал:

a= одан F=ma

3.Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

77.78. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Жасанды серіктердің қозғалысы.

Жерде кез келген денелердің арасында әрекет ететін өзара тартылыс күшін бүкіләлемдік тартылыс күштері немесе гравитациялық күштер деп атайды. Бүкіләлемдік тартылыс-әлемде өз билігін жүргізетін әмбепап күш.

И.Ньютон 1687ж. Бүкіләлемдік тартылыс заңын былайша тұжырымдайды:

Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады:

G-гравитациялық тұрақты деп аталатын тұрақты шама. Ол сандық мәні жағынан бір-бірінен 1м қашықтықта массасы 1кг болатын екі дененің тартылыс күшіне тең.

Масса бір мезгілде денелердің әрі инерттілік, әрі гравитациялық қасиеттерінің сандық сипаттамасы болып табылады.

2.Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық бірінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.

1.

2. немесе

Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық екінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.

79.Дененің салмағы. Салмақсыздық.

ДененіңЖерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспанға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады. Үдеу болмаған жағдайда горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық күшіне тең.

P=m(g+a)

Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді.

Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.

80.Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

1.Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама дене импульсі деп аталады:

p=mv бұл формуланы

Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

2. Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқыл ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денлер импульстерінің қосындысы өзгермейді:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]