Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Raihan fizika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.37 Кб
Скачать

Откамен только в агент

30. Электр кернеуі. Вольтметр

Ток көзінде пйда болатын электр өрісінің әрекетінен зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы, яғни электр тогы пайда болады. Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын токтың жұмысы деп атап, оны А әрпімен белгілейді.Тізбектің бөліктері үшін бұл жұмыс әр түрлі болғанменбсол бөліктерден өтетін зарядтардың шамасына тура пропорционал.

Тізбектің берілген бөлігіндегі заряд бірлігінің орын ауыстыруы үшін токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шаманы осы бөліктің электр кернеуі деп аталады.

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.

U=A/q

SI жүйесінде кернеудің өлшем бірлігі тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальяндық ғалым А. Вольтаның құрметіне вольт (В) деп аталады.

1B=1Дж/1Кл

Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құралды вольтметр деп атайды.

31. Электр кедергісі. Ом заңы

Меншікті кедергі

Тізбектің бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:

I=U/R

SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді. Ом заңына сәйкес R=U/I.

Бұл өрнектен кедергінің бірлігін анықтайды:

1Ом=1В/1А.

Кедергінің 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1В болғанда, бойымен 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылданған.

Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның l ұзындығына тура пропорционал, S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатыны тағайынталды.

Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергіні p әрпімен белгілейді:

Р=RS/l.

SI жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі 1Ом*м.

32. Өткізгіштерді жалғау тәсілдері

1) Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, ондай мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, U=IR. U=U1+U2.

Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері бірдей, ал тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

I=I1=I2=…=In;

U=U1+U2+…Un;

R=R1+R2+…Rn;

2) Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді паралель жалғау деп аталады. Тізбекті паралель жалғағанда, екі паралель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді ток өткізгіштер бойымен тармақталады.

U/R=U/R1+U/R2 н/е 1/R=1/R1+1/R2.

өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктеріндегікернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күшерінің қосындысына тең. Жалпы кедергі кемиді:

U=U1=U2=…=Un; I=I1+I2+…+In; 1/R=1/R1+1/R2+…+1/Rn.

Тізбекті паралель жалғағанда, өткізгіштердің саны артқан сайын тізбектегі жалпы кедергі кемиді, оның себебі, паралель жалғанған өткізгіштердің көлденең қимасының жалпы ауданы артады, яғни өткізгіштердің көлденең қимасының ауданы артқан сайын оның кедергісі кеми түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]