
- •Бухгалтердің есебін ұйымдастыру. Субьектінің есеп саясаты.
- •1.2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
- •1.3 Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі
- •1.4 Еңбек және оның төлемінің есебі
- •1.5 Тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
- •Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеудің түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері
- •2012 Жылдың 1-жарты жылдығына жшс «км» түгендеу өткізу кестесі
- •Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)
- •1.6 Қаржылық нәтеже және меншікті капитал есебі
- •Қаржылық есеп беру
- •Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
- •Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
1.6 Қаржылық нәтеже және меншікті капитал есебі
Табыс – шаруашылық қызметтің есептік жылда активтерінің көбеюі немесе міндеттемелерінің азаюы құрылтайшылардың салған салымдары кәсіпорынға табыс болып есептелмейді. №2 ХҚЕС 22 бөлімінде және №18 ХҚЕС қарастырылған:
Өнімді сату;
Қызметтерді көрсеті;
Қаржыландырудан түскен кіріс;
Өзге де кірістер нәтежесінде алынатын кірісті алу кезінде қолданылады.
Кірістер – өткен оқиғалардан пайда болатын экономикалық пайданың кірістері. Кіріске алынған активтер құрылтайшылардың салымдары кіріс болып есептелмейді, олар тек активтерді көбейтеді. Ал өткізілген өнімдердің, тауарлардыңт жасалған жұмыстардың түсімдері, жылжымайтын мүліктердің түсімдері бағандық айырмашылықтан түскен кірістер кіріс болып танылады.
Негізгі қызметтің кірістері:
Кәсіпорынның жарғысында көрсетілген қызмет түрінен алынған кірістерюолып табылады. Ал бұдан басқа кәсіпкерлік ұйым басқа да табыстар жасап жатса ол табыс негізгі емес қызметтің кірісі болып табылады.
Өткізілген материалдық емес активтер
Негізгі құралдар
Құнды қағаздар түсімі
Меншікті капитал – міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капиталдың құрамы:
Жарғылық капитал
Төленбеген капитал
Эмиссиялық кіріс
Резервтік капитал
Бөлінбеген капитал
Жарғылық капитал – ұйымның жарғысында жарияланған капитал.
Төленбеген капитал – жарғылық капитал жарияланып салынбай тұрғанда, ал құрылтайшылармен салғанда осы шотты азайтады.
Эмиссиялық кіріс – шығарылған акциялардың номиналдық құнымен сатылған акциялардың арасындағы айырмашылықты айтады.
Резервтік капитал – кәсіпорында өздерінің есеп саясатында белгіленген пайыздар бойынша таза табыстарынан резерв қалаптастырып отырады.
Бөлінбеген табыс – кәсіпорын жылдың соңында қаржылық есептілікті жасау үшін қаржылық нәтежиені анықтайды.
Қаржылық есеп беру
Қаржылық есептілік дегеніміз – ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын есептіліктерді ұсынуды талап ету мүмкіндігі жоқ тұтынушылардың қажеттіліктеріне жауап беруге арналған есептілік.
Қаржылық есептілікті ұсыну №1 ХҚЕС сүйеніп жасанады. Осы стандартты қолдану барлық ұйымдарда бірдей дәрежеде таратылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты ұйымның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтежесі және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттан тұрады. Бұл мақсаттар қаржылық есептіліктің келесідей көрсеткіштерін қамтамасыз етеді:
Активтер туралы;
Міндеттемелер туралы;
Меншікті капитал туралы;
Табыстар мен шығындар туралы;
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы;
Ақша қозғалысы туралы;
Қаржылық есептілік қамтиды:
Баланс.
Пайда мен залал туралы есеп беру.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру.
Ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар бухгалтерлік баланста көрініс табады. Ұйым қызметінің нәтежесі туралы ақпараттар негізінен пайда мен залал туралы есеп беруде көрсетіледі.
Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
Талдау бағыты |
Көрсеткіштер |
1 |
2 |
1. Шаруашылық субъектісінің экономикалық потенциалын бағалау |
|
1.1. Мүліктік жағдайды жалпы бағалау |
1) активтердің жалпы құны (жалпы капитал-валюта, баланс эжиыны); 2) өндірістік мүліктің құны; 3) негізгі құралдардың құны және олардың активтердің жалпы құнындағы үлесі; 4) негізгі құралдардың тозукоэффициенті. |
1.2. Қаржылық жағдайды бағалау |
1) меншікті капитал және оның жалпы капиталдағы (тәуелсіздік коэффициенті) үлесі; 2) қатыстырылған және меншікті капиталдың арақатынасының коэффициенті 3) ағымдағы өтімділік коэффициенті; 4) ағымдағы активтердегі меншікті айналым қаражаттарының үлесі; 5) қорларды жабу (өтеу) коэффициенті. |
1.3. «Осал» баптарының болуы |
1) жабылмаған зиян; 2) қамтамасыз етілмеген несие. |
2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелігін бағалау |
|
2.1. Табыстылық бағалау |
1) жалпы, жиынтық және таза табыс; 2) таратылмаған табыс; 3) негізгі қызметтің табыстылығы. |
2.2. Өсіңкілікті бағалау |
1) Өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан және жалпы (авансталған) капиталдан алынған (ақшаның) табыстың салыстырмалы өсу қарқыны; 2) жалпы, жиынтық және таза табыстың өсу қарқыны; 3) меншікті капиталдың өсу қарқыны. |
2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау |
1) ағымдағы активтердің айналымдылығы; 2) еңбек өнімділігі; 3) қор қайтарымдылығы; 4) өнімнің материалдық сыйымдылығы; 5) меншікті капиталдың табыстылығы; 6) жалпы капиталдың табыстылығы. |
Сапалық сипаттамалар қаржылық есептілікте тұтынылатын ақпараттарды тұтыну үшін пайдалы етеді. Негізгі төрт сапалық сипаттамаларына жатады:
Түсініктілік
Орындылық
Сенімділік
Сәйкестілік
Қаржылық есептілік операциялармен оқиғаларды экономикалық сипатына сәйкес бір категорияға жинақтай отырып операциялармен оқиғалардың нәтежесін көрсетеді. Осы операциялар қаржылық есептіліктің элементтері деп аталады.
Баланстағы қаржылық жағдайды өлшеумен тікелей байланысты элементтерге активтер, міндеттемелер және меншікті капитал жатады. Пайда мен залал туралы есеп берудегі қаржылық қызмет нәтежесін өлшеумен тікелей байланысты элементтерге табыстар мен шығыстар жатады.
Активтер – бұл ұйымға пайда әкеледі деп күтілетін өткен кезеңдердегі оқиғалардың нәтежесінде бақыланатын ресурстар.
Міндеттемелер (пассив) – бұл өткен кезеңдердегі оқиғалардан туындаған экономикалық пайда әкелетін ресурстардың азаюына әкелетін қарыздар.
Меншікті капитал – ұйымның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын активтегі үлес.
Табыстар – бұл активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын негізінде есептік кезең ішінде экономикалық пайданың өсуі.
Шығыстар - бұл активтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі негізінде есептік кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы.
Бағалау дегеніміз – бұл қаржылық есептіліктің элементтері танылып балансақа немесе пайда мен залал туралы есептіліктерге енгізілуі тиіс ақша сомасын анықтау процессі.
Керуен моторс қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 “Қаржылық есептілікті ұсыну”-деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”-деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 21 маусым 2008 жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік –деп аталатын стандартында қарастырылған. ЖШС ............... қаржы шаруашылық қызметін талдап көрсету үшін оның қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері қызметін талдайық.
ЖШС ...................... қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері:
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл (2009) |
Есепті жыл (2010) |
Ауытқулар |
|
сомада |
% |
||||
1 |
Өткізуден (сатудан) түскен табыс мың.тг |
299862,2 |
382993,23 |
+83131,11 |
28,0 |
2 |
Сылық салынғанға дейін табыс |
291463,4 |
351550,29 |
+80086,9 |
27,0 |
3 |
Салық салынғанға дейін табыс мың тг |
-23667,1 |
-47237,80 |
-23570,08 |
|
4 |
Таза табыс |
-23667,1 |
-47237,80 |
-23570,08 |
|
5 |
Қор қайтарымдылығы |
1,27 |
1,56 |
0,29 |
23 |