
- •Бухгалтердің есебін ұйымдастыру. Субьектінің есеп саясаты.
- •1.2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
- •1.3 Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі
- •1.4 Еңбек және оның төлемінің есебі
- •1.5 Тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
- •Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеудің түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері
- •2012 Жылдың 1-жарты жылдығына жшс «км» түгендеу өткізу кестесі
- •Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)
- •1.6 Қаржылық нәтеже және меншікті капитал есебі
- •Қаржылық есеп беру
- •Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
- •Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
1.4 Еңбек және оның төлемінің есебі
Кәсіпорында еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. Еңбек және еңбек ақы төлем жүйесі Қазақстан Республикасында Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының конститутциясымен және басқа да заңнамалы актілері немесе құжаттармен реттеледі.
Еңбек кодексінің қалыптасу принципіне негізделген:
Бостандық еңбек;
Жасы жетпеген балалар еңбегіне, зорлық немесе мәжбүрлі еңбекке және еңбекке қатысты кемсітушілікке тыйым салу;
Еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай жағдайды туғызуды қамтамасыз ету;
Істеген жұмысқа төленетін ақыны ең төмен мөлшерден кемітпеу;
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйақы жүйесі белгіленеді. Әрбір жұмысқа қабылдааған жұмысшы мен қызметкерлерге ұйым еңбек кітапшасы ашылады.
Жұмыс істеу түріне қарай кәсіпорында қызметкерлер мен жұмысшылар болып бөлінеді. Жұмысшылар – материалды берекені құрумен шұғылданатын тұлғалар. Ал, қызметкерлер:
Басшылар – бастық және басқарушылар;
Бас мамандар – бас бухгалтер, бастықтың орынбасалары, бөлім бастықтары;
Мамандар – салалар бойынша жұмыс орындаушылар;
Жұмысшының еңбегі кәсіпорында еңбекақымен бағаланады және ол оның материалдық берекесін қамтамасыз етеді. Еңбекақы ол – жұмыс істегені үшін алатын ақы, әр жұмысшыға жұмыс беруші міндетті істеген жұмысына еңбекақы төлеуге.
Табельге бес күндік апта жұмыс істелінгенде бес жұмыс күні, сегіз сағаттан, екі демалыс күні болып табылады. Ал алты күндік апта жұмыс істелінгенде алты жұмыс күні, жеті сағаттан, бір демалыс күні болады. Табель бір дана болып бөлім меңгерушісімен немесе мастермен жасалады, бастықпен бекітіліп бухгалтерияға тапсырады. Жұмыста болған, болмаған жағдайлары табельмен тексеріліп отырады.
Еңбек есептемелері есептік – төлем ведомостінде жасалады, жқмысқа шығу табельмен тарифтік ставкалар бойынша.
Кезекті демалысқа шыққан қызметкерге кадр бөлімі өтініш бойынша бұйрық шығарып, онда демалысқа шығатын мерзімдерін, демалыста болатын уақытын және жұмысқа шығатын мерзімі көрсетіледі. Жұмыскер іс-сапарда болған мерзімдеріне кадр бөлімі бұйрық шығарып, іс-сапарлық куәлік береді.
Еңбекақы есептеу және төлеу нысанына қарай негізгі еңбекақы және қосымша еңбекақы түрлеріне бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға нақты жұмыс істеген уақытқа, істелген жұмыстың саны мен сапасына, тарифтік сетка бойынша немесе лауазымдық ақы төлемдер, ставкалар, сыйақылар, түнгі мезгіл үшін т.б. жатады.
Қосымша еңбекақы – заң бойынша жұмыс істелінген уақытқа есептелген еңбекақы: негізгі және қосымша демалыс күндергі ақы т.б. жатады.
Еңбекақы нысандары:
Мерзімдік еңбекақыға тарифтік мөлшерлемебойынша немесе жұмыс істелінген уақыт үшін лауазымды ақы болып төленеді.
Мерзімдік-жәй ақы –қызметкердің лауазымды ақысы немесе қызметкердің лауазымына қарай нақты жұмыс істеген уақытына белгіленген тарифтік ставка ьойынша тарифтік мөлшерлеме.
Мерзімдік сыйлықақы – жәй мерзімді ақыға сыйлықақы қосылады, қызметкердің сапалық және сандық көрсеткіштеріне.
Кесімді еңбекақы – яғни өндірілген өнімнің көлемі мен санына байланысты белгіленген тариф бойынша есептелінеді кесімді жұмыс наряды бойынша.
Тікелей кесімді – шығарылған өнімнің бір бөлігі үшін белгіленген тариф бойынша есептеледі.
Кесімді сыйлықақы – орындалған көрсеткіштер үшін үстеме сыйлық есептеледі.
Аккордты ақы – белгіленген мерзімге біркелкі тарифпен жалпы жұмыс көлемі орындалғаннан кейін есептелінеді.
Жұмысшыларға әрбір жұмыс беруші міндетті түрде жыл сайын кезекті демалыс беруі керек. Заңға сәйкес демалыс 24-28 күн, мемлекеттік ұйымдарда 30 күн болуы керек. Демалыс күндердің ақысын есептеу үшін өткен 12 айдағы есептелінген еңбекақы алынады. Осы 12 айдың еңбек ақысын 12-ге бөліп орташасын шығарады, осыдан шыққан соманы жылдың орташа күнтізбелік күніне бөлу жолымен анықтап демалыс күндерінің санына көбейтеді.
Уақытша жұмыссыздық бойынша жәрдемақы. Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша ақы аурухана парағының негізінде төленеді. Егер уақытша жұмысқа жарамсыздық кәсіби аурумен байланысты болса, онда әлеуметтік жәрдемақыны жұмысқа жарамсыз болып қалғанша бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанша немесе мүгедектікке белгіленгенше 100% орташа еңбекақы көлемінде төлейді.
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 29 желтоқсан №1394 орташа еңбекақыны есептеу бірыңғай ережесінде келтірілген. Есептік мерзімде есептелінген еңбекақы 12 айға бөлінеді және нақты есептелінген еңбекақы нақты жұмыс істеген мерзіміне бөлінеді.
Мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбек ақысы еңбек кодексінің 128 бабына сәйкес жүргізіледі. Әдеттегі жұмыстың еңбекақысынан 2 еседен кем болмауы керек.
Мысалы: қызметақысы 113000 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген. Айдың орташа күндік жалақысы: 113000/26 =4346,15 теңге. Менеджердің жалақысы 4346,15*20=86923 теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оның жалақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді. Керуен моторс жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық жүйені қолданады. Бұл орайда сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша жалақы қорына (К-т 681) немесе тұтыну қорына (562-шот) жүргізіледі: 1.Өндірістік тапсымаларды орындау және асыра орындау; 2.Еңбек өнімділігінің өсуі, бұымның еңбекті қежет етуін төмендету, шығарылымының жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін игеру басқалар. Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың толтарына сараланып белгіленеді. Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% – ті мөлшерінде сыйақы беру көзделеді. Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде тұрып қалуы – 3%. 1.Мерзімдік жалақы: 180*100=18000 теңгеге тең. 2.Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % – ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%. 3.Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% – 3% = 2%, 4.Сыйақының % – тік мөлшері 4%*2%=8%, 5.Сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге, 6.ай ішіндегі жалақы 18000+1440 = 19440 теңге.
Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерніде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге. 1.Тарифтік жалақы: 160*100 = 16000 теңге. 2.Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге. 3.Жалақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге. Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы көресткіштері үшін сыйақы алады.