
- •Бухгалтердің есебін ұйымдастыру. Субьектінің есеп саясаты.
- •1.2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
- •1.3 Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі
- •1.4 Еңбек және оның төлемінің есебі
- •1.5 Тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
- •Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеудің түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері
- •2012 Жылдың 1-жарты жылдығына жшс «км» түгендеу өткізу кестесі
- •Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)
- •1.6 Қаржылық нәтеже және меншікті капитал есебі
- •Қаржылық есеп беру
- •Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
- •Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
1.3 Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі
Негігі құралдар - кәсіпорында бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ете алатын өндіріс процесінде бірте-бірте тозатын активтер. Негізгі құралдардың есебі №16 Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер, машиналар мен жабдықтар, станоктар, өлшеу және реттеу аспаптары, көп жылғы екпе ағаш және өнім беретін мал жатады. Негізгі құралдардың есебін ойдағыдай жүргізу ұшін оларды жүйелеп топтастыру қажет. Негізгі құралдар өндіріске қатысуына байланысты өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар деп – өндірісте пайдаланатын құралдар. Оларға станоктар, машиналар, өткізгіш тетіктер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдарға шаруашылықтың басқа салаларында қолданылатын негізгі құралдар жатады. Оларға: білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, коммуналдық қызмет көрсету салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар: - негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы; - негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы; - қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі; - негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негізгі құралдар пайдалану қызметімен мақсатына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
3) Ғимараттар - іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер. 4) Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. 5) Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары. 6) Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары. 7) Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
Негізгі құралдар иеленуіне байланысты: меншікті және жалданған болып екіге бөлінеді.
Меншікті негізгі құралдар – сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар. Жалданған негізгі құралдар - бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланған негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Негізгі құралдарды мойындауы үш бағытқа негізделген, олар материалдық формасы болуы, кәсіпорын шаруашылығына қажеттілігі (сатуға арналмағандығы), ұзақ мерзімді пайдалануы. Негізгі құралдарды мойындауы – ол аталып өткендей осы активтен келешекте экономикалық пайда табуды көздеу және өзіндік құнның бағалануының кепілдігі. Егер актив кәсіпорынға табыс әкеле алмаса бұған жасалған шығындар кәсіпорынның есептік кезең шығындарына апарылады. Сондықтан активті мойындау барысында (кіріске алу) анықтап алу қажет: кіріске алардағы немесе айырбас барысындағы шығындарды немесе активті өз күшімен жасалғандағы шығындар сомасын (бағалануын).
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу - бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу. Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады. Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді. Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар: 1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру); 2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес); 3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз); 4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы; 5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін; 6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім. Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы. Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады. Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі: • салалар бойынша; • бағыты бойынша:
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар: • құнды біркелкі есептеп шығару әдісі; • өндірістік әдіс; • кумулятивтік әдіс; • кемімелі-қалдық әдісі.
Негізгі құралдар келіп түсуінің негізгі шоттар корреспонденциясы.
№ |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
||
1 |
Негізгі құралдарды кәсіпорын ішінде ауыстыру |
2411-2415 |
2411-2415 |
2 |
Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынды:
|
2411 2414 1420 |
4110 4110 |
3 |
Тегін алынған негізгі құралдар кіріске алынды:
|
2411-2414 2411-2414 |
6130 2421-2423 |
4 |
Кәсіпорын өзі дайындаған негізгі құралдары
|
2411-2414 2411-2414
|
8011 8031 |