
- •Бухгалтердің есебін ұйымдастыру. Субьектінің есеп саясаты.
- •1.2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
- •1.3 Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі
- •1.4 Еңбек және оның төлемінің есебі
- •1.5 Тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
- •Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеудің түрлері мен олардың сипаттамалары
- •Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері
- •2012 Жылдың 1-жарты жылдығына жшс «км» түгендеу өткізу кестесі
- •Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)
- •1.6 Қаржылық нәтеже және меншікті капитал есебі
- •Қаржылық есеп беру
- •Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
- •Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
Бухгалтердің есебін ұйымдастыру. Субьектінің есеп саясаты.
................ 2002 жыл жаупкершілігі шектеулі серіктектік болып құрылған, директоры .............................. ЖШС ......................... автобөлшектер сату, автокөлікті жуу, автокөлікті жөндеу, машина сату жұмыстарымен айналысады. Әр адамға ыңғайлы болу үшін автокөліктерді шет елдерден тапсырыс беру арқылы алып келу жұмыстарымен айналысады. ЖШС ................... 43 адам жұмыс істейді. Болашақта компанияның алға қойған мақсатты тағы да адамдарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету, қазіргі жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және Астана қаласында орналасқан басқа компаниялармен бірігіп жұмыс істеу болып табылады. Автокөлікті шет елдерден алып келу уақытын мейлінше қысқарту, шет елдерде орналасқан компаниялармен ары қарай жұмысты жандандыру болып табылады. Өздерінің жұмыскерлерінің біліктігін арттыру мақсатында соңғы шығарылған автокөлік саласындағы құралдарды өздеріне енгізуде. Мен ЖШС ........................ өндірістік тәжірбиемді өту барысында: субьектінің есеп саясаты, ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі, негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі, еңбек және оның төлемінің есебі, тауарлы-материалдық қорлар және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі, қаржылық есеп берумен таныстым.
Бухгалтерияның құрылымы.
Директор
Кассир
Директордың орынбасары
ор
Бухгалтер
Бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды (қызметінен босатады) және оған бағынады. Бухгадтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есеп шоттарда шаруашылық әрекеттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды, кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді қамтамасыө етеді. Бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісім-шарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды. Аталған құжаттар бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды.
Бухгалтермен материалды жауапты тұлғаларды (кассир, қойма меңгерушісі және т.б.) қызметке тағайындау, босату және ауыстыру келісіледі.
Бухгалтерді орнынан босатқан кезде қайтадан тағайындалған бухгалтерге істерді тапсыру жүргізіледі. Сонымен бір уақытта кәсіпорын басшысымен бекітілген актінің құрылуымен бухгалтерлік есептің жағдайы мен дұрыс ақпараттарды тексеру жүргізіледі.
Субьект есеп саясаты. Есеп саясаты бұл – субьект басшысының бухгалтерлік есепті жүргізіп қаржылық есепппен оның принциптеріне сүйену үшін қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Есеп саясаты бұл ұйымның есептік нұсқасын нұсқалар рұқсат ететін обьектілерді бағалаудың сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және бухгалтерлік есептің жүргізумен ұйымдастырудың нысандарын таңдау.
Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған белгілі бір негіздерге жинақталады. Есеп саясатының қалыптасу тәртібі оның қызметімен аясы мақсаты ашылуы “№1 есеп саясаты және оның ашылуы” стандарттында белгіленеді. Бұл стандарт есеп саясатының ашылуы жағынан меншіктің қай түріне байланыссыз барлық субьектілерде қолданылады. Ал ашылуы жағынан өздерінің қаржылық есебін заңдылыққа, құрылтайшылыққа және өз ынтасы бойынша жария ететін барлық субьектілерде қолданылады. Бухгалтерлік есеп жүргізу принциптеріне сәйкес салық тәртібімен өзгеше жүргізіледі.
Есеп саясатына келесідей талаптар қойылады:
Ұйымның жеке мүліктері болуы тиіс, яғни ұйымның баланссындағы активтермен міндеттемелері көрсетіледі. Ұйымның меншік иелерінің және басқа субьектілердің активтермен міндеттемелері дербес түрде көрсетіледі.
Ұйым қызметінің үздіксіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Есеп саясатының сабақтастығы сақталуы тиіс. Ұйым өзі қабылдаған есеп саясатын бір есепті кезеңнен, екінші есепті кезеңнің соңына дейін өзгертпеуі керек.
Шаруашылық қызметтерінің белгілі бір уақытта атқарылатыны, яғни дайын өнімнен түскен қаржы қай уақытта төленетініне қарамастан сатып алушыларға жөнелткен кездегі уақытында табыс түрінде көрсетіледі.
Есеп саясатын қалыптастырған кезде бухгалтерлік есептің мынадай принциптері сақталады:
Үздіксіздік – субьектінің болжамды болашақта жұмыс жасайтындығын және жұмыс жасай беретінін өз қызметін тоқтату немесе ықшамдау ойы жоқ екенін білдіреді.
Түсініктілік – бухгалтерлік ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы керек.
Сенімділік- берілген ақпаратта қате болмаса оған пайдаланушылар сенімді болса бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Орындылық принципі – егер ақпаратты қолданушыларға өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға және оның бағаларын растауға көмек бере алатын болса онда ол орынды болып табылады.
Сәйкестілік принципі – пайдаланушының қаржылық есепті әр түрлі кезеңдермен сейкес келуі.