Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттер ажтн.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
287.66 Кб
Скачать

5 Билет

1. SCADA-жүйелер. Шынайы уақыт жүйелеріндегі ақпаратты жинауды функционалды ұйымдастыру. SCADA-жүйелер – бұл мәліметтерді әртүрлі датчиктерден және енгізу/шығару құрылғыларынан алумен, жиналған ақпаратты көруге және оны архивтеумен байланысты өндірістік автоматтандыру деңгейі. Жалпы өндірісті талдау үшін, оның бөлек кезеңдерін модельдеу үшін, сыналатын бөліктерін және әлсіз түйіндерін анықтау үшін, өндірістің барлық процесін бейнелейтін мәліметтерге рұқсат алуды оған әсер ету мүмкіндігімен ұйымдастыру, соның ішінде ағымдағы уақытта да маңызды. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды автоматтандырудың осындай есептерін іске асыру, жалпы SCADA-жүйелерінің, ERP-жүйелерінің және жалпы алғанда, MES-жүйелердің функцияларын іске асыратын интегралданған автоматтандыру жүйелерін құру әрекеті үшін негізгі бағытпен шынайы уақытта цифрлы формада жиналған және өңделген технологиялық ақпаратқа негізделген бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру анықталады (2.1 суретті қара).

2.1 сурет - SCADA типті жүйелердің жалпы құрылымы

Шынайы уақыт жүйелері. Real-time system шынайы уақыт жүйесі (ШУЖ) бұл шығыс сигналын генерациялау уақыты айтарлықтай роль ойнайтын кез келген жүйе. Әдетте бұл кіріс сигналы физикалық процестегі өзгерулерге сәйкес болумен және шығыс сигналы осы өзгерулермен байланысты болуымен байланысты.Кіріс сигналды алудан шығыс сигналды беруге дейінгі уақыттық кешігу қолайлы реакция уақытын қамтамасыз ету үшін үлкен емес болуы керек. Реакция уақыты жүйелік сипаттама болып табылады: ракетаны басқару кезінде бірнеше миллисекунд, ал пароходтардың қозғалуын диспетчерлік басқару үшін күндермен есептелетін реакция уақыты қажет. Әдетте жүйелер, егер олардың уақыт реакциясының реті миллисекундты құраса шынайы уақыт жүйелері деп есептеледі; диалогты деп уақыт реакциясының реті бірнеше секундтармен жүйелер есептеледі, ал пакеттік өңдеу жүйелерінде уақыт реакциясы сағаттармен немесе күндермен есептеледі. Шынайы уақыт жүйелерінің мысалдары болып есептеу машиналарын қолданумен физикалық процестерді басқару жүйелері, сауда автоматтарының жүйелері, бақылаудың автоматтандырылған жүйелері және автоматтандырылған сынақ кешендері болып табылады.

Шынайы уақыт режімі [real time processing] Есептеу жүйесінің оған қатысты сыртқы процестермен, бұл процестердің өту жылдамдығымен өлшенетін қарқынмен әрекетті қамтамасыз ететін мәліметтерді өңдеу режімі.

PI System – бұл өнеркәсіптік кәсіпорын үшін шынайы уақыт өндірісінің ақпараттық жүйесін құру аспабы. PI System әртүрлі SCADA-жүйелерден, DCS, ПЛК, қолмен енгізу құрылғыларынан, зауыт зертханаларынан және т.с.с. мәліметтерді жинау, сақтау және бірыңғай форматта беруді ең жақсы түрде қамтамасыз етеді. 2.2 суретте шынайы уақыт жүйесінің функционалды құрамы берілген.

2.2 сурет - Шынайы уақыт жүйесінің функционалды құрамы           

2.Кодтаушы құрылғылар . Жылжыту регистрлерінде орындалған кез келген типті циклдық код үшін кодтаушы құрылғыларды екі типті сұлбаларға бөлуге болады. Бірінші типті сұлбалар тексеруші символдардың мәнін а(х)хm көпмүшесін g(x) түзуші көпмүшесіне бөлу арқылы есептейді. Бұл n-k разряды бар жылжыту регистрі көмегімен жасалады (1 сурет). Бұл сұлбада кодталатын көпмүшенің коэффициенттері кері байланыста n-k жылжудан кейін емес, бірінші тактіден басталады. Бұл ақпараттық және тексеруші символдар арасында бөлінуге жол бермейді. Бастапқы жағдайда K1 кілті 1 жағдайында болады.

Ақпараттық символдар к такт ішінде қалдық түзілетін байланыс линияларына және жылжу регистріне түседі. Одан кейін К1 кілті 2 жағдайына көшеді және қалдық байланыс линиясына түседі.

а(х)хm= (x+1)x мүшесін g(x) = x3+x2+ 1 көпмүшесіне k такт ішінде бөлуді қарастырайық.

Берілген g(x) үшін кодтаушы құрылғының сұлбасы 2-суретте көрсетілген:

Кодты комбинацияны қалыптастыру процесі 3-кестеде берілген, мұнда жаңа ақпараттық символдармен босаған ұяшықтар сызықшалармен белгіленген. Екінші типті сұлбалар тексерілетін символдар мәнін ақпараттық символдардың сызықты комбинациясы ретінде есептейді, демек олар жүйелік кодтардың негізгі қасиеттерін қолдану арқылы жасалған. Кодтаушы құрылғы к разрядты жылжыту регистрі негізінде құрылады (3- сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]