- •37. Жұмыссыздық: себептері мен түрлері
- •36. Экономиканың циклдары
- •31. Амортизация жөне амортизациялық қор.
- •30. Физикалық жене моралдық тозу.
- •33. Шығындардың түрлері және олардың жіктелуі.Тұрақты және өзгермелі шығындар
- •40. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы
- •34. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •35. Инфляция және жұмыссыздық. Инфляцияның себептері, керсеткіштері мен түрлері.
- •28. Бәсекенің мәні, оның экономикальгқ рөлі.
- •27. Икемділік түсінігі. Икемділік теориясының тәжірибеде қолданылуы.
- •29. Жетілген және жетілмеген бәсеке теориясы. Монополия теориясы. Монополиялық бесеке.
- •39. Ақша-несие жүйесі және Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаты. Мемлекеттік бюджет.
- •38. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, атқаратын қызметтері, құралдары.
- •32. Инвестициялар өндірістік қорларды қаржьшандырудың кезі ретінде. Инвестициялық климат . Инвестициялық жоба және фазалары
- •40. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы
- •14. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру
- •15. Экономикалық жүйе және оның жіктелімі
- •16. Экономикалық жүйе және оның жіктелімі
- •17. Натуралды шаруашылық, оның белгілері мен ерекшеліктері.
- •18. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары мен себептері, негізгі белгілері.
- •19. Тауар. Тауардың қасиеттері: айырбас құны және тұтыну құны. Құнның еңбектік теориясы.
- •20. Ақшаның мәні. Ақшаның атқаратын қызметтері. Ақша формаларының эволюциясы: тауарлық-ақша, металл, қағаз, несиелік, «электрондық» ақшалар.
- •21. Ақша айналысының заңы. Ақша реформалары.
- •22. Нарықтың мәні мен атқаратын қызметтері
- •23. Нарықтың түрлері мен олардың жіктелуі
- •24. Нарықтық қатынастардың субъектілері
- •1) Экономикалық теорияның мақсаттары, мектептері және әдістері
- •6)Ресурстардың түрлері.
- •7) Өндіріс. Өндірістің сатылары.
- •8)Өндірістің негізгі факторлары: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қызмет.
- •9) Өндірістің мақсаттары мен нәтижелері. Өндірістің тиімділігі.
- •11)Меншік экономикалық, заңи және тарихи категория ретінде.
- •13)Меншіктің түрлері.
19. Тауар. Тауардың қасиеттері: айырбас құны және тұтыну құны. Құнның еңбектік теориясы.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар: адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты: Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы. Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарады. Құнның еңбектік теориясын классикалық саяси экономиканың кейінгі өкілдерінің бірі, пролетарлық саяси экономиканың қалаушысы К.Маркс биік тұғырға шығарды. Оның «Капитал» деген еңбегі экономикалық ойдың тарихына өшпес әріппен жазылып қалды.
Құнның еңбектік теориясын қысқаша төмендегідей түсіндіруге болады.
Біріншіден, әртүрлі тауарлардың ұқсас ортақ ішкі артық мазмұны — құны бар. Сондықтан тауарлар бір-бірімен салыстырылып, теңдестіріліп, айырбас пропорциясы арқылы айырбасталады.
20. Ақшаның мәні. Ақшаның атқаратын қызметтері. Ақша формаларының эволюциясы: тауарлық-ақша, металл, қағаз, несиелік, «электрондық» ақшалар.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады: жалпыға тікелей айырбасталу;айырбас құнының дербес формасы;еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі,айналыс құралы,төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
21. Ақша айналысының заңы. Ақша реформалары.
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.
Ақша реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша айналысын реттеу мақсатында елдің ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру; ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау; ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация — ұлттық валютаның бағамын төмендету; ревальвация — ұлттық валютаның бағамын көтеру. Ақша реформасын мемлекет айналысқа жаңа ақша белгілерін шығару және ескі ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады. Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел- тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді).
