
- •Қарағанды 2013
- •Қарағанды 2013 мазмұны
- •1 Үнді-будда мәдениетіне сипаттама
- •1.1 Үнді философиясының алты классикалық мектебі
- •2 Будда діні
- •2.1 Будда дінінің уағыздары мен қағидалары
- •2.2 Будда дінінің тармағы мен таралуы
- •2.3 Дзэн-буддизм ағымы
- •2.4 Будда құдайлары мен наным - сенімдері
- •2.5 Буддизмнің негізгі ағымдары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
- •2.6 Діни — реформаторлық козғалыс
- •2.7 Көне үнді-будда әдебиеті, мәдениеті, ғылымы
2.5 Буддизмнің негізгі ағымдары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Егер біздің заманымыздың мыңыншы жылында Будда діні барлық Азия материгіне тараған болса, келе-келе Будда діні басқа діндермен араласып жойыла бастайды. Әсіресе, буддизмді христиан және ислам діні ығыстырды. XV ғ. көшпенді елдердің арасында буддалық шіркеулер (ламаизм) шыға бастады. XIX ғ. Европаның шығыс мәдениетімен шұғылданатын ғалымдар Будда дінінің әдебиетін ашып елдерге танытты. Осыдан бастап буддизм дініне деген көзқарас мүлдем өзгеріп, көптеген будда мектептері Европада, США-да, Ресейде де ашылды. Осымен қатар XIX ғ. Азия халыктарының ұлт-азаттық қозғалыстары дамып, осыған орай, будда дінінің қайта өрлеуі басталды. 60-жылдары XX ғ. буддизм Азия елдерінде «қайта жанды». Европада, Америкада және Австралияда көптеген будда ұйымдары, монастырьлер пайда болды. Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айырмашылығы өте зор десек те болады. Бұл ағымдар: 1. Үнді-буддизмі - Тхеравада, немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстікті буддизм. 2. Дао-буддизмі - махаяна, немесе хинояна (кіші күйме), киыр шығыс буддизмі. 3. Тантриқалық буддизм - ваджраяна, немесе ортаазиялық буддизм.
1. Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Үстаздың бейнесін жай күрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде, Гаута-манын жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жұмыс, жаксы жиған еңбегі бойынша ба-ғалайды. Сол себептен Оңтүстік жэне Шығыс-Оңтүстік Азия даты монастырьлердің рольдері биік болды. Осыған байланысгы Тхеравада ағымы үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ. Буддадан бастау алған дәстүрлі бағыттағы-хинояда (Тхеравада), адамды күнәдан арылту тәнірінің рақымына тәуелді етіледі, оның рақымына касиетті сутраларды қайталау арқылы бөленуге болады. Нирванаға тек будда жолына түскен адамдар ғана жетеді. Мүмкін сол себептен, хинояна (кіші күйме) тек үнді мемлекетінен шықпай калды. Үнді мемлекетерінде Тхаравада ағымы биік дамыған дін есебінде, халыктарды қанағаттандыратын идеология есебінде карастырылды. Орта ғасырдан бастап, Бира, Камбоджа, Лаос, Таиланд, Индонезия, Ланка деген мемлекеттерде қазіргі кезге дейін де будда идеологиясы билікке жету жолында саяси күш есебінде қолданылады.
2. Екінші агым, Махаяна (үлкен күме, ұлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сақтау мен будда жолы жэне ботхисаттвтардың жәрдем! керек дейді. Сол себептен, бұл ағым бодхисаттарды пip тұтып, данышпандық рольдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды. Олар жалпының бір бөлігі бола түра, өздерінің мәдени орталығы, идеологиялары болды. Сол себептен махаяналық буддизм қиыр шығыс халықтардың діни сана-сезімі болы. Әрбір мемлекетте ұлттық тұрғыда буддизмнің түрлері болды. Мысалы, Жапонияда 160 буддалық секта бар, алты мектебі бар. Олардың біреулері де ертедегі буддизм көзқарасын ұста-майды, себебі, әр секта немесе мектеп өздерінің канондық текстерін дұрыс деп, сол қауым басындағы оқытушыны құрметтейді. Кейбіреулері монах та бола алады, бірақ олар ерекше ешбір беделге ие бола алмайды.
Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шыгыс Азияга таралған, жаңартылған түрі. Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатка жетуді, саториді, уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шындығына жетуге болады дейді. Дзен - буддизмнің иррационализмі мен интуитивизме онын экзотикалық ғұрпы, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және америка философтарының назарын аударуда. Жапонияда көптеген будда атындағы ұйымдар, мекемелер бар.
Үшінші агым - ваджраяна немесе тантраяна - (айрықша салт күймесі) - II мың ж.б.ғ. шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шұғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен йога системасын қолданады. Йога деп адамның ойын кірден тазарту, ұялту деп түсіндіреді. Цзян хавай (1357 - 1419 ж.ж.) құрастырган Ламаизм ағымында, әрбір гуру немесе басшы тірі қүдай есебінде қабылданады. Ламаизм иерархиялық шіркеу системасы мемлекет системасына ұқсас, Шыңғысхан жасап кеткен система.
Ламаизм будда дінінен бөлініп шыккын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады. Ламаизмнің сырткы табыну практикасы тхеравадаға ұқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек әртүрлі структурадан тұрады, ваджарамен теңестіріле отырып, мәңгілік символы - тұ-рақтылық және бұзылмайтындығы.
Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарастырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына және Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жоғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизмнің алғашкы шықкан жері VIII-ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы), немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлген соң да олардың бал ал ары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды. Ламаизмге шаман дінінің мистикалық «тантр» ілімі және «сиқырлык» салттары енді. Рухтарга эсер етудің шамандық әдістері сақталды. Сондықтан Тибеттік будда философиясында «сенім деасырын, киелі магиямен араласып жетті. Ал Ламдар болса, ең жоғаргы әулие адамдар, құдай мен адам арасындағы делдалда есебінде қабылданады.
XIII ғасырда Монголия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жастары лам етіп тағайындалды. «Пазел» - Қытай, Монголия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылді XV ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын құдай есебінде, әулиеле деп жариялады және олар қоғам жэне мемлекет жұмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ берілі ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жыл Тибет астанасында Лхаста діни ұлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-Лама және 100 мындай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Казіргі кездегі Банди хамо - лама Индия мемлекетінде түрады.
XVII ғасырда лама діні Монголия арқылы Бурятияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, қалм және туенстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілден 10-нан 31-не дейін, Үлан-Удэде ламаизмнің Россияға тарағаны 250 жыл толғандығын тойлады.
Соңғы жылдары Буддизмнің необуддизм және метабудди: түрлері Батыс Европаға тарай бастады. Дүниежүзілік буддист коғамдар құрылды. Буддизмнің Қытайға ең кең таралған «Дзэ: түрі, Будда шіркеулерінің бірлігі жоқ, олар бір-біріне бағынбайды, әр елде өзінің шіркеуі болады да, тек өздерінің мәртебелі бастығына ғана бағынады (12-76).