Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Унди мадениети.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

2 Будда діні

Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты – Сиддахартха. Сиддахартханың анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бұл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.

Будда діні – философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар шататында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өзені бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-нанымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Бұл дін фәни өмірдің азаптары – ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті – нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін 4 хақиқатты білу қажет: 1. өмір-азап; 2. азап нәпсіден туады; 3. нәпсіні ауыздықтаса-азаптан құтылады; 4. нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл-ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аһимса-адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі) (6-429). Аһимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. «Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу-өлу айналымынан құтылады, яғни фәни өмірдің азабынан құтылады» деді. Мұны «шуньявади» (бос кеңістік, яғни өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атады. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяка, әркімді туу-өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б 5 ғ-б.з басы); екінші, бодхисаттва – құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-на дейінгі кезең) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздады. Ол ваджраяна деп аталды (7).

Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы-Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бұл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм-брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық - саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен - саудагерлер болды.