- •24. Көнерген фразеологизм
- •26. Авторлық фразеологизм
- •29. Қарсы мәнді фразеологизмдер
- •56. Қазақ тілінде әйел ұғымына лексико-фразеологиялық бірлік тұлғалар
- •61. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •62. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •63. Кісі аттарындағы табу мен эвфемизм мәселелері
- •64. Қазақ ономастикасы зерттелуінің ііі кезеңі
- •65. Қазақ ономастикасы зерттелуінің іv кезеңі
- •66. Қазақ антропонимдері дамуының бірінші дәуірі
- •67. Қазақ антропонимдерінің құрамындағы еркелету, құрметтеу аффикстері
- •68. Қазақ антропонимдері дамуының екінші дәуірі
- •69. Лақап есімдер
- •70. Қазақ антропонимдері дамуының үшінші дәуірі
- •71. Географиялық нысандардың сипатына қарай қойылған жер су атаулары
- •72. Қазақ тіліндегі жануарлар атауының шығу уәжділігі
- •73. Қазақ тіліндегі гидрографиялық терминдер
- •74. Қазақ тіліндегі космонимдер мен астронимдер
- •75. Қазақ тіліндегі ойконимдер
- •76. Трансонимизация құбылысы
- •77. Қазақ тіліндегі гидронимдер
- •78. Қазақ тіліндегі менсонимдер
- •79. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы
- •80. Қазақ антропонимдерінің лексикалық құрамы
- •81. Оронимдердің лингвистикалық табиғаты
72. Қазақ тіліндегі жануарлар атауының шығу уәжділігі
Тіл білімінде зооним термині («грек тілінен енген) 60-жылдары пайда болды. Тіл білімі сөздігінде: «зооним» сөзіне (грек. zoon-жануар+ onуma, onoma-ат, атау, есім), яғни жан-жануарлардың лақап, бүркеншік аттарын зерттейді деген түсініктеме берілген. Зоонимика – ономастиканың ең жас салаларының бірі ретінде, зоонимдер, жануарлардың жеке аттары туралы зерттейтін ғылым. Қазақ ономастигі, ғалым Т.Жанұзақтың еңбегінде былай деп атап көрсетеді: « ... қазақ тіліндегі зоонимдер, басқа халықтық зоонимдері секілді, жүз жылдар бойында жасалған. Олардың дамуы, онамастиканың басқа бөлігі, атап айтқанда антропонимика мен топонимиканың эволюциясымен тығыз байланысты. Көптеген зоонимдер лексикалық материалы мен морфоқұрылымы бойынша ғасырлардың тереңінен нәр алады. Ғалымдардың пайымдауынша, зоонимдер – жануарлар атаулары жеке және топтық болуы мүмкін. Қазақ тілінде жеке атаулар (лақап) негізінде үй жануарлары мен құс атауларына тән болса, ал топтық атаулар жеке атаулармен қоса, жабайы жануарлар мен құстардың жалпы атауларына тән. Жануарлар, құстардың топтық жалпы атаулары антропонимика, топоним, этнонимдер жасауда ерекше маңызды. Қазіргі таңда жануарлардың лақап аттары жеке шаруашылық қожалықтарында өте кең қолданыс тапқан.
Антропонимдерге қарағанда зоонимдерді жинақтау, қиынға түседі, себебі олар ресми құжаттарда көбінесе берілмейді және де жануардың жойылып кетуіне байланысты олардың да аттары қолданыстан түсіп қалады деген. Және де зоонимдер аймақтық және диалектілік сипаттағы сөздер болып қалады. Сол себептен олар өздерінің денотаттарының жиі алмасуына байланысты бір ауылдан шеңберінде ғана қолданылады. Олардың әдеби тілде қолданылуы тұрақсыз. Сонымен қатар асыл тұқымды зоонимдердің қолданыс ерекшеліктері де бар.
Көптеген зоонимдерде Аккорд, Зенит, Гравюра, Рапсодия, Элегия, Флейта деген атаулар ұшырасады, тіпті ғарышты игеруге байланысты туындаған зоонимдер де баршылық: Вертолет, Комета, Орбита, Ракета, Спутник.
Жан-жануарлар атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді этнолингвистика тұрғысынан зерттеу, яғни олардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, халықтың өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани-мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде сипаттау болып саналады. Төрт түлік малға қатысты тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер басқа түркі тілдерінде де молынан ұшырасады.
Жануарға атау тағудың уәжділігі: 1) Жануарлар түсі (Бозат, Торат); 2) Жанарларлың сыртқы кейпі (Ұзынүқұйрық, Ақмойын); 3) Жүріс, мінез ерекшелігі (Алыпсоқ, Жорға); 4) Туу мезгілі (Ночка, Вечерка); 5) Адамның жануарға қатысы (Құттыжол, Құттөбет); 6) Дыбысқа еліктеуіштігі (Урчик, Рыдало)
73. Қазақ тіліндегі гидрографиялық терминдер
Гидрографиялық, яғни су нысандарының физикалық сипаттары орографиялық, яғни жер бедері нысандарынан мүлдем бөлек болатыны белгілі, сол айырма, ерекше аталатын денотаттарға ғана тән сипаттар дыбыстық деңгейде қалай символданады, белгіленеді, осы және де басқа мәселелер фоносемантикалық талдау барысында анықталуы тиіс.
Қазақ топонимиясында топонимдер (гидронимдер) құрамында жиі кездесетін гидрографиялық халықтық апеллятив – су: Ақсу, Қарасу, т.б. Түркі тілдерінде бұл географиялық термин «бұлақ», «су», «өзен» (кішігірім), көл (кішкентай) деген ұғымдарды береді.
Түркі тілдерінің географиялық терминологиясында у//су –дан туындаған, өрбіген географиялық (гидрографиялық) апеллятивтер тізімін және мағынасын атақты географ, топонимист Э.М.Мурзаев келтірген: «Түркі тілдеріндегі: сөз (“су”) бірқатар туынды терминдерді қалыптастырады: суат - құдық түбінде, өзеннің, көлдің жағасында мал суғаратын орын, суат - “алды бөгелген су айдыны”, өзбек тіліндегі учарсув - “сарқырама”, сөзбе - сөз аударғанда “ұшатын су”, субойи - “жағалау”, “су бойы”,субаши - “көл басталуы”, “ағыстың басы, суғаруға арналған суда бөлетін лауазым”, суак - “суландыратын, су жүретін ор”, “арық” әзірбайжанша субасма - “тасқын су”, “сел”, суайрычи - “суайрық”, сулу - “су басқай”, сузус - “сусыз”, суамбар - “су айдыны”, “су қоймасы”. Жалпы түркілік карасу, хакастық - харасуг - “қайнар көз”, “бұлақ”, “бастау”; алтай тіліндегі талайсу - “теңіз” (моңғол тілінде далай - “көз жетпес”, “орасан зор”); хакас тіліндегі суглыг - “сулы”; агынсу - “ағын су” және т.б. Еуропа мен Азияның ұлан байтақ даласында су терминімен келетін гидронимдердің саны шексіз (басым мөлшерде сөздің екінші бөлігінде келеді): Қарасу, Сарысу, Ақсу, Қызылсу, Тугтусу, Қашқасу, Көксу, Ұлысу, Қайсу, Адылсу.
Қазақ топонимиясында (гидронимиясында) осы гидрографиялық термин негізінде жасалған географиялық жалқы есімдер бар. Соның бірі, біздің пікірімізше, Ойыл. Ойыл – Қазақстанның батыс өңірінде орналасқан, ұзындығы 628 км өзеннің аты. Ә. Абдрахманов, Е. Қойшыбаевтардың пікірінше, бұл атау екі компоненттен құралған: ой (Ә. Абдрахманов осы компонентті “етістік” десе, Е. Қойшыбаев “зат есім” дейді) + ыл (зат есім жасайтын жұрнақ). Ойыл гидронимнің этимологиясын көрсеткен.
