Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.99 Кб
Скачать

70. Қазақ антропонимдері дамуының үшінші дәуірі

Тіліміздегі антропонимдердің тарихын, шығу, пайда болу кезеңдерін талдағанда, бір заманға тән телімей, бірнеше дәуірге бөліп қарауымыз керек. Қазақ антропонимиясының даму тарихынан төрт дәуірдің көрінісі байқалады.

Үшінші дәуір – тарихта жаңа заман саналатын ХVІІ - ХІХ ғасырларда дамыған көп салалы антропонимдерді қамтиды. ХVІІ - ХІХ ғасырлардағы антропонимдердің көбі қазақ халық ауыз әдебиетнің бай саласы – ғашықтық жырларда кездеседі. Ғашықтық жырлардағы кісі аттары халық арасына жазба түрінде де, ауызша айтылу үлгісінде де тарап отырған. Түркі халықтарының көбіне тараған, ортақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы кейіпкерлер есімдері қазақ халқының ауыз әдебиетінде көрнекті орын алады.

ХVІІ - ХІХ ғасырлардағы антропонимдер шығу, пайда болу жағынан көбіне осы дәуірлерге тән саналады. Өйткені олардың кейбір топтары орта ғасырлардағы деректерде кездеспейді. Тарихи антропонимдерд шығу, пайда болуы жағынан көбіне осы дәуірлерге тән саналады.

Осымен қатар араб-иран тілдерінен енген есімдер біршама кездесіп отырады. Олар сол кездегі қазақтардың сөйлеу тілінің заңына бағынып , түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырып, бастапқы тұлғаларынан айырылған. Мысалы: Хақназар, Шахмамет , Әлімбет, Сұлтанмамбет, Досалы. Бұл дәуірдегі антропонимдердің көбі өткен замандағылардың жалғасы ретінде қайталанып қойылып отырған. Бұл дәуірде де кеңінен тараған – орта ғасырлық антропонимдердің үлгісімен жасалған - бай, сұлтан, төре, хан компонентті антропонимдік композит. Олардың бұл дәуірде қайталанып, кеңінен қолданылуының негізгі себебі – саяси құрлыстағы өзгерістерге тікелей байланысты еді.

Ерте дәуірлерде ресми түрде бір ғана есіммен аталу дәстүрі болса , ендігі жерде патроним иемдену, яғни әке атымен аталып, олар шын атпен қатар айтылатын болған. ХVІІІ ғасырдан бастап орыс құжаттарында қазақтардың әке атымен аталуы орысша –ов, -ев жұрнақтары арқылы көріне бастайды.

ХVІІІ – ХІХ ғасырларда әке атына орыс фамилияясының –ов, -ев жұрнақтарын қосу нәтижесінде фамилиялалар қалыптаса бастайды. Ресми түрде фамилия қабылдау, әсіресе, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл кезде оқып , білім алған халқымыздың тұңғыш оқымысты, ағартушы демократтары мен ақындары да ресми фамилиямен жазылғаны белгілі. Мысалы, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев .

Бұл қазақ фамилиясының шығуының, оның қалыптаса бастауының бастапқы кезеңі еді. Сонымен үшінші дәуірде – төл есім, патроним және фамилия – көп салалы антропонимдік типтің негізі болған.

71. Географиялық нысандардың сипатына қарай қойылған жер су атаулары

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos - орын + опума - есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар.

Адамзат қоғамының ілгері дамуы үшін географиялық атаулардың мәні айрықша болған, бола да бермек. Бір мемлекет ішіндегі тұтас халықтар арасындағы саяси-әлеуметтік өмір ырғағын былай қойғанда, ең елеусіз деген хабардың өзін белгілі бір мекен-жайын айтып алмаса, түсіну мүмкін емес. Демек, жер-су атауы географиялық, лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір бір өңірдің топониміне қарап, сол өңірді мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезіми-сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ең бір елеусіз деген географиялық атаудың астарында тұтас романға бергісіз шытырман тарих тұнып жатуы кәдік. Себепсіз, мән-мағынасыз кездейсоқ қойыла салатын географиялық атау болмайды. Ол жердің тілі, төсін мекен еткен ұрпақтардың ұғым-түсінігінен, тіршілік-тынысынан қалған мұра болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]