- •24. Көнерген фразеологизм
- •26. Авторлық фразеологизм
- •29. Қарсы мәнді фразеологизмдер
- •56. Қазақ тілінде әйел ұғымына лексико-фразеологиялық бірлік тұлғалар
- •61. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •62. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •63. Кісі аттарындағы табу мен эвфемизм мәселелері
- •64. Қазақ ономастикасы зерттелуінің ііі кезеңі
- •65. Қазақ ономастикасы зерттелуінің іv кезеңі
- •66. Қазақ антропонимдері дамуының бірінші дәуірі
- •67. Қазақ антропонимдерінің құрамындағы еркелету, құрметтеу аффикстері
- •68. Қазақ антропонимдері дамуының екінші дәуірі
- •69. Лақап есімдер
- •70. Қазақ антропонимдері дамуының үшінші дәуірі
- •71. Географиялық нысандардың сипатына қарай қойылған жер су атаулары
- •72. Қазақ тіліндегі жануарлар атауының шығу уәжділігі
- •73. Қазақ тіліндегі гидрографиялық терминдер
- •74. Қазақ тіліндегі космонимдер мен астронимдер
- •75. Қазақ тіліндегі ойконимдер
- •76. Трансонимизация құбылысы
- •77. Қазақ тіліндегі гидронимдер
- •78. Қазақ тіліндегі менсонимдер
- •79. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы
- •80. Қазақ антропонимдерінің лексикалық құрамы
- •81. Оронимдердің лингвистикалық табиғаты
67. Қазақ антропонимдерінің құрамындағы еркелету, құрметтеу аффикстері
Поэмада кісі аттарына еркелету, құрметтеу қосымшаларымен жиі кездеседі: Қозыке, Қозыжан, Қозыекең, Баянжан т.б. Кейде контекске байланысты кейпкерлердің атына жағымсыз анықтама теңеулер, жағымсыздарының есіміне жағымды теңеулер, экспрессив форманттарда да кездеседі. Мысалы: сұм Баян, сұмырай Баян, қу Баян, Қодар батыр, Қодар мырза, Қодаржан, Қодеке немесе Баян сұлу, Баянжан, Ақ Баян, Қодар құл, Қодар мұндар, Қодар сұм, Қодар кәпір т.б.
Егер де көне түркі тілдерінде аталмыш мағыналарды білдіретін "күн" сөзі болмаған болса, онда К. Гренбичтің "күн" сөзіне еркелету формасындағы чүк аффиксінің жалғануы нәтижесінде «досым» немесе «достым» мағынасындағы күнічүк сөзі пайда болған дейтін пікірі бар.
Орыс жылнамаларындағы Кюнячюк есімі, половецтер тілінде Күнічүк немесе Күңічүк болып айтылған. Күнічүк немесе Күңічүк есімі орыс тілінде Кюнячюк болып айтылған. Осы себепті жоғарыда аталған зерттеушілер орыс жылнамаларындағы Кюнячюк есімінің төркінін күн дейтін түбір сөз бен чүк деген қосымшадан шығарады.
Әдетте қазақ, қарақалпақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының бұл есіміне сүйіспеншілік, еркелету сезімдерін аңғартатыны -аш, -еш қосымшалары жалғанады. Сөйтіп, негізгі «нар» түбірінен Нарыш сөзі сәл өзгеріске ұшырап пайда болды. Мысалы, жұма+аш - Жұмаш, ерке+еш - Еркеш, нұр+аш - Нұрыш деген есімдер осындай туынды сөздерге жатады.
68. Қазақ антропонимдері дамуының екінші дәуірі
Тіліміздегі антропонимдердің тарихын, шығу, пайда болу кезеңдерін талдағанда, бір заманға тән телімей, бірнеше дәуірге бөліп қарауымыз керек. Қазақ антропонимиясының даму тарихынан төрт дәуірдің көрінісі байқалады.
Екінші дәуір - екінші дәуірде шыққан антропонимдердің өмірінде елеулі өзгешіліктер әкелді. Х– ХVІІ ғасырлардағы қазақтың тайпалық одақ болып тұрғандағы, одан кейін халық болып қалыпасу кездеріндегі әдебиеті мен мәдениетін, фольклор мен тіл тарихын, дін мен білімнің дамуын тиек ете отырып, антропонимдердің шығу, даму кезеңдерін қамтиды.
Бұл дәуірде қазіргі Қазақстан территориясында карлук қағандығы (766-940ж.) , қараханидтер мемлекеті (Х-ХІғ.), қыпшақ бірлестігі (Х-ХІІғ.), монғол үстемдігі (ХІІІ- ХІV ғ.), қазақ хандықтары (ХV – ХVІІІғ.), сияқты әлеуметтік қоғамдардың болып өткені мәлім. Сол ХІ – ХІV ғасырлардағы қазіргі қазақ тіліне тән сөздер мен энонимдерді, көптеген ономастикалық материалдары Махмуд Қашқаридің «Девону луғотит турк» (1072-1074) және кумандар тілінің сөздігі «Кодекс Куманикус» сияқты еңбектерден мол кездестіреміз. Қазақ антропонимдерінің шығуына, даму кезеңіне моңғол үстемдігінің (ХІІІ – ХV ғ.) аз да болса әсері тиді.
Бұл кісі аттары тіліміздің дыбыстық заңына бағынып, халықтық тілдің айтылу нормасына сай бейімделіп, өзгеріп кеткен. Оның үстіне ол сөздерден кісі аттарын жасауда бай, бек сөздерін қосып, біріктіретін тәсілін қолданған.
Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген антропонимдер: Жұбан, Қайп, Тоқтамыс, Едіге, Асан, Жүсіп, Бекболат, Бекқажы, Дәуіт, Махмұт, Темірболат, Рүстем, Зухра, Жамал, Бану, Ордабек типтес есімдер – ХІ – ХV ғасырларға тән жазба немесе архитектуралық ескерткіштерде кездеседі. ХV – ХVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті бұрынғы дәуірлерге қарағанда ерекше дамып, өрлей түсті. Бұл кезде материалдық мәдениет, сәулет өнері, ауыз әдебиеті саласында елеулі өзгешеліктер болды. Бұның барлығы халық тілінің дамуына, сөздік қорының толысып баюына игі әсер жасады. Осымен байланысты халық есімдерінің де құрамы өсіп, өзгеріп отырды. Көшпелі халықтың тұрмысы мен өмір тіршілігіне қажет заттардың бастылары - киіз үй жабдықтары мен тағам, мал шаруашылығы еді. Зергерлік істер мен шеберлік өнерге байланысты сөздерден де кісі аттары қойылып отырған. ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ халқының ауыз әдебиеті кеңінен дамыған еді. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады.
