
- •24. Көнерген фразеологизм
- •26. Авторлық фразеологизм
- •29. Қарсы мәнді фразеологизмдер
- •56. Қазақ тілінде әйел ұғымына лексико-фразеологиялық бірлік тұлғалар
- •61. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •62. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •63. Кісі аттарындағы табу мен эвфемизм мәселелері
- •64. Қазақ ономастикасы зерттелуінің ііі кезеңі
- •65. Қазақ ономастикасы зерттелуінің іv кезеңі
- •66. Қазақ антропонимдері дамуының бірінші дәуірі
- •67. Қазақ антропонимдерінің құрамындағы еркелету, құрметтеу аффикстері
- •68. Қазақ антропонимдері дамуының екінші дәуірі
- •69. Лақап есімдер
- •70. Қазақ антропонимдері дамуының үшінші дәуірі
- •71. Географиялық нысандардың сипатына қарай қойылған жер су атаулары
- •72. Қазақ тіліндегі жануарлар атауының шығу уәжділігі
- •73. Қазақ тіліндегі гидрографиялық терминдер
- •74. Қазақ тіліндегі космонимдер мен астронимдер
- •75. Қазақ тіліндегі ойконимдер
- •76. Трансонимизация құбылысы
- •77. Қазақ тіліндегі гидронимдер
- •78. Қазақ тіліндегі менсонимдер
- •79. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы
- •80. Қазақ антропонимдерінің лексикалық құрамы
- •81. Оронимдердің лингвистикалық табиғаты
66. Қазақ антропонимдері дамуының бірінші дәуірі
Антропонимика – кісі аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топттары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді.
Тіліміздегі антропонимдердің тарихын, шығу, пайда болу кезеңдерін талдағанда, бір заманға тән телімей, бірнеше дәуірге бөліп қарауымыз керек. Қазақ антропонимиясының даму тарихынан төрт дәуірдің көрінісі байқалады.
Бірінші дәуір – көне түркі заманын, яғни V – VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қамтиды. Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаулары мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Мысалы: Айкүн, Айжарық, Айтолық, Айтолды, Күнай, Күнсұлу, Күнтуар, Бөрі, Барысбек, Арыстан, Бұқа, Түлкібай, Қоянбай, Алтын, Күміс, Қаршыға, Сұңқар т.б. Ол кезде ай мен күнге табыну, табиғатты, аңды, құстарды ерекше күш санау, кейбір хайуандарды ( мәселен, бөрі, ит, бұқа) шыққан тегіміз , біздің ата-бабамыз деп, тотем ету жайлары басым болғаны мәлім.
V – VІІІ ғасырларға тән жазба ескерткіштерде кездесетін күрделі тұлғалы кісі аттары және кісі аттарын жасауға арқау болған компоненттер қазіргі түркі тілдерінде түгелдей сақталмаған. Өйткені олрады тудырған, тиісті дәрежеде қолданған қоғамдық қатынас, дәуір түбірімен өзгерді. Дегенмен, ол антрополексемалардың кейбіреулері біздің заманымызға жетіп отыр. Сол замандағы кісі аттарының жасалу үлгісі, принципі мен лексикалық номинациясы тіпті кейбір компоненттері қазіргі антропонимдер системасында сақталып қалған. Ескерткіштердің мәтінін оқып, талдауда, лексикалық құрамы мен граматикалық құрылымын, синтксистік конструкциясын зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, И.А.Батманов, В.И.Насилов, Ғ.Айдаров, т.б. көп еңбек етті. Бұл Орхон-Енисей жазбаларындағы жалқы есімдерді талдауда тарихшылар мен лингвистер арасында әр түрлі болжам, пайымдаулар мен көзқарастар болды. Сондықтан Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі ономастиканы талдау тарихшылар Я.Бичурин, П.М.Грумм-Гржимайло, В.В.Бартольд, А.Бернштам, Л.Н.Гумилев еңбектерінен де көрініс тапты.
Бұл күнде тілімізде сирек болса да кездесіп, қолданылып жүрген антропоним Бүке, Бөке, Бөкебай көне түркі тілінде көбіне кісі аты емес, лақап ат ретінде «батыр, ер» мағанасында қолданылған. Мұны қарапайым адамдар емес, хандар иемденген. V – VІІІ ғ. тән ескерткіштердегі көптеген сөз тудырушы аффикстер қазіргі жалқы есімдердің нормативті аффикстерімен сәйкес. Есімше тұлғаның –ған, -ген қосымшалары көне ескерткіштегі кісі аттарын жасауда белсенді роль атқарған. Мысалы: Қатаған, Қашаған, Ауғанбай, Туғанбай, Сұраған т.б. Антропонимдердегі лексика-сематикалық ұқсастықтан басқа грамматикалық формалардағы ортақ жайлар қазақ тілінің шығу тарихын айқындауға қатысы бар.