Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.99 Кб
Скачать

64. Қазақ ономастикасы зерттелуінің ііі кезеңі

Ономастика – кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала.

Отандық ономастика ғылымының жарты ғасырлық тарихын және осы аралықта жинақталып сараланған материалдар, жүргізілген зерттеулер, ой түйіндерді мазмұны мен сипатына қарай 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

I кезең: 1950-1970 жылдар аралығы;

II кезең: 1970-1990 жылдар аралығы;

III кезең: 1990-2000 жылдар арлығы;

IV кезең: XXI ғ. басы, яғни жаңа кезең.

3-кезең: Бұл кезеңде атқарылған жұмыстарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Қазақ ономастикасының теориялық, 2. практикалық мәселелері. Қазақ тіліндегі аймақтық топонимдерді зерттеуде жаңа этнолингвистикалық бағыттың әдіс-тәсілдері кеңінен, ұлттық ономастиконды жалпы әлемдік лингвистиканың күн тәртібінде тұрған жаңа ғылыми бағыт – антропоцентристік парадигмаға бет бұруы үлкен жетістік. Қазақ топонимиясын регионалдық бағытта зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер: 1)Қазақстан территориясындағы топонимдік бірліктер толық дерлік жинақталды; 2) әр аймақтың топонимдік жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи, географиялық т.б. факторлар толық сипатталды; 3) қазақ мифотопонимдері, діни мазмұндағы онимдік бірліктер кешені қазақ ономастикасының лексикалық репертуарын байыта түсті; 4) ұлттық ономастиконның бет-бейнесін қалыптастыруға қатысатын тарихи, этномәдени және қоршаған табиғи орта ерекшелігі ұйытқы болатындығы дәлелденді; 5) қазақ елі бастан кешкен түрлі тарихи дәуірлер мен оқиғалар әсерінен, іргелес жатқан өзге ұлыс, халықтармен ғасырлар бойы мәдени, экономикалық қарым-қатынас нәтижесінде, өзге тілдерден енген атаулар мен өзге тілдердің әсерінен қалыптасқан атаулар кездеседі, сол жалқы есімдердің семантикасының құрылымына тән ерекшеліктері, денотатпен байланыс ерекшелігі айқындалды.

65. Қазақ ономастикасы зерттелуінің іv кезеңі

Ономастика – кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала.

Отандық ономастика ғылымының жарты ғасырлық тарихын және осы аралықта жинақталып сараланған материалдар, жүргізілген зерттеулер, ой түйіндерді мазмұны мен сипатына қарай 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

I кезең: 1950-1970 жылдар аралығы;

II кезең: 1970-1990 жылдар аралығы;

III кезең: 1990-2000 жылдар арлығы;

IV кезең: XXI ғ. басы, яғни жаңа кезең.

4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б.Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001ж; Б.Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003ж; Д.Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», 2004ж; Г.Аубакирова «Идиоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А.Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ).

ХХІ ғасырдың басынан бастап қазірге дейінгі кезеңде қазақ ономастикасының мақсаты, міндеті, нысаны айқын анықталып, ір түрлі бағытта зеттеліп келеді. Қазақ ономастика зерттеушілері көптеген мәселелерді қолға алып, сөздіктер жарыққа шықты. Жер-су, кісі, жануар, т.б. атауларына түсінік беріліп, қазақ тілі мен басұа түркі тілдерінің байланысы, айырмашылығы мен ерекшелігі белгіленіп, кірме жалқы есімдер де зерттеле бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]