- •24. Көнерген фразеологизм
- •26. Авторлық фразеологизм
- •29. Қарсы мәнді фразеологизмдер
- •56. Қазақ тілінде әйел ұғымына лексико-фразеологиялық бірлік тұлғалар
- •61. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •62. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •63. Кісі аттарындағы табу мен эвфемизм мәселелері
- •64. Қазақ ономастикасы зерттелуінің ііі кезеңі
- •65. Қазақ ономастикасы зерттелуінің іv кезеңі
- •66. Қазақ антропонимдері дамуының бірінші дәуірі
- •67. Қазақ антропонимдерінің құрамындағы еркелету, құрметтеу аффикстері
- •68. Қазақ антропонимдері дамуының екінші дәуірі
- •69. Лақап есімдер
- •70. Қазақ антропонимдері дамуының үшінші дәуірі
- •71. Географиялық нысандардың сипатына қарай қойылған жер су атаулары
- •72. Қазақ тіліндегі жануарлар атауының шығу уәжділігі
- •73. Қазақ тіліндегі гидрографиялық терминдер
- •74. Қазақ тіліндегі космонимдер мен астронимдер
- •75. Қазақ тіліндегі ойконимдер
- •76. Трансонимизация құбылысы
- •77. Қазақ тіліндегі гидронимдер
- •78. Қазақ тіліндегі менсонимдер
- •79. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы
- •80. Қазақ антропонимдерінің лексикалық құрамы
- •81. Оронимдердің лингвистикалық табиғаты
29. Қарсы мәнді фразеологизмдер
Фразеологизмдер жүйесінде антонимдік оралымдар кездесе беретін құбылыс. Фразеологиялық антонисдердің мағыналарының арасы сәйкессіздеу болып келеді. Тілімізде қарсы мағыналы фразеологизмдердің болуы фраз-қ антонимияның дербес категория екендігін көрсетеді. Мысалы: ит арқасы қиянда – қарға адым жерде; салы суға кетті – тасы өрге домалады; тұяқсыз өтті – үбірлі шүбірлі болды;жер көкке сыйғызбады – ағаш атқа мінгізді, жерден жеті қоян тапқандай қуанды – зәресі зәр түбіне кетті т.б. Антонимия шындық өмірдегі қарама – қарсы қатынастардан туындайды, тарихи тұрғыдан адам санасында қалыптасқан қарама – қарсы құбылыстардың, заттар мен ұғымдардың қарама – қарсы мәнін тну негізінде анықталады, сондықтан антонимдес фразеологизмдердің сипаты антонимдес сөздердің сипатынан алшақ кетпейді. Көбінесе абсолют түрдегі емес, қатыстылықты сипаттағы қалыптасқан антонимдер тілімізде көп кездеседі.
30. Фразеологиялық бірлік - фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келетін тұрақты тіркестер. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасапануы я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы, ескіжараның аузын ашты деген өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды деген мағына береді. Бұл фразеологизм мағынаның жасалуына, еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалған. Мысалы, Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза біреудің қытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды деген мағынаны білдіреді. Бір қимыл-әрекетті басқа әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге айнапып кеткен. Ит байласа гүрғысыз адам түгілі ит екеш ит те тұра апмайды деген мағынада. Мұндағы фразеологизм мағынаның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) мағына тірек болып тұр. Мысалы, қарғы баудеген тұрақты тіркестің үш түрлі мағынасы бар:
иттің мойнына тағатын бау,
қалыңмалдың алдын ала берілетін жоралғысы,
тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін телем ақы. Осы сияқты тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ беру, балақбау, аяқбаут. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда, мұның соңғы екі мағынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологизм тұтастыққа жататындығын бірден танытады.
56. Қазақ тілінде әйел ұғымына лексико-фразеологиялық бірлік тұлғалар
«Жолымды кеспе» тұрақты тіркесі қазақ халқының әйелге қатысты ырымтыйымдарының бірі негізінде пайда болған «бағымды байлап, жолымды тоспа» деген мағынада қолданылады. Бүгінде ауылды жердің әйелдері ер адамның жолын кеспеуге тырысады.
Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр. Бұл ештемеге түсінбей аңырып беттеріне қараған.
Өтіп кет, қайным, – деді келіншек күлімдеп, – Жолыңды кеспейік деп тұрмыз. Білмеуші ме ең... Әйелге жолыңды кестірме.
Жәнібек күлді. Аяғын жеделірек басып өте берді. «Міне, нағыз ауыл! – деді ішінен, – қалада болса, жолыңды күніне мың әйел кесіп өтер еді... » (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолындa).
Қазақ халқының сенімі бойынша, жол жүріп бара жатқан жолаушының жолын әйел адам кессе, оның жолы болмайды деп есептелген. Этнографиялық деректерге қарағанда, жолаушы ер адам жолын әйел адамның, әсіресе айлығы келіп жүрген әйелдің жолын кесуінен қатты қорыққан. Осымен байланысты қазақ әйелдері ер адамның алыстан қарасы көрінгенненақ ол өтіп кеткенше қанша асығыс болса да, тосып тұратын болған.
«Жолымды кеспе» тұрақты сөз тіркесінің қалыптасуы мен қазіргі таңдағы мән мағынасында жұмсалуына жоғарыдағыдай наным-сенімдер негіз болғанын Қ.Ғабитханұлы атап көрсетедi [49, 118 б.].
Ал «Қабырғаммен кеңесейін» тұрақты тіркесі әдетте әйеліммен, үй ішіммен ақылдасайын деген мағынада жұмсалады. Мұнда «қабырғам» деп әйелін айтып отырғаны белгілі. Христиандардың киелі кітабы «Таураттың» ішіндегі «Жаратылыстың басталуы» атты тарауында құдай көк пен жерді жаратқан соң оларға қатысты барлық табиғат бөлшектерін толықтай жаратады да, топырақтан адам жасап, оған жан бітіріп, алдымен Адам еркекті жаратады. Содан кейін Жаратушы ие «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас, мен оған өзі сияқты біреуді жасап берейін», – дейді. Алайда, Адамға өзі сияқты ешкім де табылмайды. Сонда Құдай адамды терең ұйқыға батырады да, ол ұйықтап жатқан кезде, оның бір қабырғасын алып, орнын етімен жауып қояды. Сонан соң Жаратушы ие жаңағы алынған қабырғадан әйел жасап, оны адамға алып келеді. Сонда адам: «Бұл менің сүйегімнен шыққан ет, ол әйел («әйел» көне еврей тілінде «еркек» деген сөзден құралған) деп аталсын . Себебі, ол еркектен алып жасалған», – дейді. Сондықтан, еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі бір адам болады [103 ,51- б.]
«Байтал шауып бәйге алмас» деген мақалдың әуел бастағы шығу төркіні жоғарыдағы жайлармен байланысты болған. Уақыт өте келе келтірілген мақал ерлермен жарысып жоғары қызметке ұмтылған әйелдерге қатысты жағымсыз коннотацияда айтылған мақалға айналған. Мұнда әйелдің негізгі міндеті мен парызы – дүниеге бала әкелу, соны тәрбиелеу екені басты назарға алынып, ал еркектердің күш-қайраты да, білім-парасаты да әйелден жоғары, уақыты да жеткілікті, сол себепті билікке, жоғары лауазымға сол лайық деген ой аңғарылады. Алайда әлемдегі ауқымды өзгерістер мен қазіргі өмір ағысының әсерінен өндірістік қатынастар саласында қалыптасқан еңбек бөлінісінің дәстүрлі гендерлік жүйесі бірте-бірте өзгеруде. Бұнда қозғаушы басты күш ерлердің кәсібін тез меңгеріп, білім деңгейі бойынша еркектермен теңесе бастаған әйелдер, іскер әйелдер типі болып отыр. Бүгінгі таңда әйелдердің өздерінің табиғи функциясымен қоса қызметін де абыройлы атқарып, биік лауазымға жетуі үйреншікті жай ретінде саналады. Қазір «Байтал шауып бәйге алмас» мақалы тек ауызекі стильде ғана сирек қолданылуда.
