Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.99 Кб
Скачать

81. Оронимдердің лингвистикалық табиғаты

Оронимдер – топонимиканың бір саласы. Тау, жартас, шатқал, құз, асу, шың, қырат, қаптал, жал,ибел, бөктер, дөң, жота, өр, қор, шат атауларын зерттейтін сала. Алдымен осы тау, асу, шатқалдардың не екенін біліп алсақ. Тау – жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ массалар жиынтығы. Асулар – тау жоталарының арасынан өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айтқанда тау аралық ершік деп аталады. Асулар биіктігіне қарай градусына байланысты және кездесетін кедергілерге қарай әр түрлі күрделілікке жіктеледі. Шатқал – терең, түбі тар, құлама немесе тік, кейде ойыс беткейлі және көпшілік бөлігі жартасты болып келетін аңғар. Шатқал көбінесе таулы аймақтарда кездеседі, мұнда оның тереңдігі 1500—1800 м-ге дейін барады. Шатқал көп жағдайда өзен әрекетінен (эрозиялық шатқал, кейде жердің жарылуынан, карсты опырылу әрекетінен) пайда болады. Қырат - жер бетінің төңірегімен салыстырғандағы көтеріңкі бөлігі. Қыраттың абсолюттік биіктігі 200 м немесе одан да жоғары болады. Қазақ даласындағы қыратты кейде қырқа деп те атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]