- •24. Көнерген фразеологизм
- •26. Авторлық фразеологизм
- •29. Қарсы мәнді фразеологизмдер
- •56. Қазақ тілінде әйел ұғымына лексико-фразеологиялық бірлік тұлғалар
- •61. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •62. Қазақ ономастикасы зерттелуінің і кезеңі
- •63. Кісі аттарындағы табу мен эвфемизм мәселелері
- •64. Қазақ ономастикасы зерттелуінің ііі кезеңі
- •65. Қазақ ономастикасы зерттелуінің іv кезеңі
- •66. Қазақ антропонимдері дамуының бірінші дәуірі
- •67. Қазақ антропонимдерінің құрамындағы еркелету, құрметтеу аффикстері
- •68. Қазақ антропонимдері дамуының екінші дәуірі
- •69. Лақап есімдер
- •70. Қазақ антропонимдері дамуының үшінші дәуірі
- •71. Географиялық нысандардың сипатына қарай қойылған жер су атаулары
- •72. Қазақ тіліндегі жануарлар атауының шығу уәжділігі
- •73. Қазақ тіліндегі гидрографиялық терминдер
- •74. Қазақ тіліндегі космонимдер мен астронимдер
- •75. Қазақ тіліндегі ойконимдер
- •76. Трансонимизация құбылысы
- •77. Қазақ тіліндегі гидронимдер
- •78. Қазақ тіліндегі менсонимдер
- •79. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы
- •80. Қазақ антропонимдерінің лексикалық құрамы
- •81. Оронимдердің лингвистикалық табиғаты
79. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы
Тіл білімінде жалқы есімнің жалпы есімге ауысуы қоғамның қолданысынан, яғни жаңа ұғымдарды атаудың қажеттілігінен туған. Жалқы есімдердің жалпы есімдерден өзгешелігі – табиғаты жағынан жалпы есімнен жасалатындықтан екінші болуында. Өйткені жалқы есімдердің қай-қайсысы болмасын шығу, қойылу тегі жағынан жалқы есім тілдегі жалпы есім сөздерден. Жалқы және жалпы есім арасында болатын ауысу заңдылық – тілге тән құбылыс. Бұл құбылысты лингвистикада деонимдену (бейонимдену) деп аталады.
Деонимдену (лат. De – қашықтау, өзгерту, жоғалту мағынасындағы приставка) – онимнің апеллятивке айналу процесі. Бұл жердегі оним дегеніміз жалқы есім, апеллятив жалпы есімнің ғылыми тілдегі атауы.
Жалпы есім 1. Объект түрлеріне беріледі; 2. Нақты объектті атамайды, оның белгілі заттық түрі мен ұғымымен байланысты; 3. Ұғыммен тығыз байланысты; ұғыммен байланыс тікелей, затты ұғым тұрғысынан атайды; 4.Нақты затпен байланысы жоқ; 5. Генетика тұрғысынан бірінші; 6.Қызметі жағынан бірінші;7.Жалпы есім міндетті түрде коннотация жасайды; 8. Жалпы есім тіл нормаларына қатаң түрде бағынышты (ережелерге кірмейтінін есептемегенде); 9. Жалпы есімдер басқа тілге сол тілдің сол құралдары арқылы аударыла береді; 10. Жалпы есімдерге көпмағыналық тән.
Жалқы есім 1. жеке объектіге тағылады; 2. біртектес заттар ішінен нақты, белгілі бір объектіні атайды; 3. ұғыммен әлсіз байланысады; ұғыммен объект, зат, құбылыс арқылы байланыс болады; атау кезінде атау мен зат арасында тікелей байланыс болады;4. нақты затпен байланысты; 5. генетика тұрғысынан екіншілік атау (жалқы есім көпшілігі жалпы есім негізінде жасалған); 6. қызметі жағынан екінші (жалқы есім әрқашанда екінші, себебі, объект алдын ала жалпы есіммен аталған); 7. жалқы есім коннотациясы факультативті; 8. жалқы есім тіл нормаларымен реттелмейді; 9. жалқы есім, негізінен, басқа тілге аударылмайды; 10. жалқы есім бір мағыналы.
80. Қазақ антропонимдерінің лексикалық құрамы
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Соған орай олардың шығу себебін дәлелдейтін алуан түрлі тарихи жайлар мен сан қилы оқиғалар бары аян.
Халқымыздың ғасырлар бойы басынан кешірген өмір жолында табиғат пен аңға , құсқа сыйыну, ай мен күге табыну, хайуандардан ит, қасқыр, бұқа сияқтыларды тотем ету – бәрі кісі аттарының қойылуына әсер еттпей қоймады. Осымен қатар, көрші-қоңсы елдермен араласу, шет елдермен байланыс жасау нәтижесінде тілімізге мыңдаған сөздермен қатар, кісі аттарының да еніп отырғаны мәлім. Қазақ халқының құрамына енген бөлек тайпалар мен рулардағы кісі аттарының сіңіп кетуінен болған субстрат, суперстрат құбылысы да антропонимдер құрамын едәуір байытқан.
Қазақ антропонимдерінің байи түсуі ислам дінінің тарауымен де байланысты болды. Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түпкір-түпкіріне тарап, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып, тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді. Бұл кездерде тілімізге мыңдаған сөздер мен сөз тіркестері, кісі аттары мен этнонимдер енді. Араб тілінен енген есімдердің көбеюі төл есімдеріміздің дамуына белгілі дәрежеде тежеу жасап, кедергі болды. Бірақ, халық арасында төл сөзімізден есім қою дәстүрі кеңінен қолдау тауып отырғаны аян. Ал араб-иран тілдерінен енген есімдер болса, халық тілінде бастапқы тұлғасында айтылмай, аса қатты дыбысттық өзгеріске ұшырап, жаңа формаға ие болып отырады. Қазақ есімдері әсіресе ХV – ХVІІІ ғасырда құрамы жағынан байып, толыса түсті. Мұның өзі әлеуметтік қоғамның дамуымен байланысты құбылыс еді. Бұл дәуірлерде , алдымен , қазақ тайпаларының негізінде біртұтас қазақ халқы қалыптасқан, нығайған кезі еді. Осымен байланысты жер мен жер , ел мен ел байланысы нығайып, жалпы халықтық әдет-ғұрып, тіл бірлігі күшейе түсті. Бұрын Қазақстаның бір ғана жерінде айтылатын өлең-жыр, ертектер, алуан түрлі сөздер мен кісі аттары енді басқа жерлерге де тарап, барып жатады.
Қазақ антопонимдерінің құрылысы жағынан жетіліп , құрамының байып отырған кезі – Кеңестік дәуір. Қазіргі тіліміздегі антропонимдер құрамында барлық дәуірге тән антрополекскмалар бар. Әсіресе бұл дәуірде жасалған антропонимдер жаңа форма, мазмұнға ие болып отыр. Бұл күнде дәстүрлі есімдермен қатар, жарқын дәуірімізге лайықты мыңдаған антропонимдер пайда болды. Олардың өскен, өркендеген заманымыздың мәдениеті мен өнерінің , ғылымы мен техникасының негізінде жасалғаны мәлім.
