Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.99 Кб
Скачать

74. Қазақ тіліндегі космонимдер мен астронимдер

Ономастикада ғарыш денелерін атау космонимдер, астронимдер деп бөлінеді. Космоним деген, ғарыш кеңістігі, галактика, жұлдыздар жүйесі немесе оның бөлшектерін, жұлдыздар шоғырының атаулауларынан тұратын жалқы есімдердің бір түрі. Астроним дегеніміз, жеке бір нүктедегі аспан денелерінің (планета, комета, т.б.) жалқы есімдері.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары ғарыш объектілерінің атаулары бірыңғай зерттеле бастады. Н.В.Подольская сөздігінде космоним (космонимика) және астроним (астронимика), селеноним (айдағы кез келген бобъект атауы), марсоним (Марстағы объект), Меркуроним (Меркурийдағы объект) т.б. терминдеріне анықтама берілген.

Құралсыз көзге көрінетін ғарыш денелерінің атауы халықтық атау деп аталады. Қазақ космонимдерінің халық атаулары: Іңір жұлдыз, Сары жұлдыз, Ұшарқар, Темірқазық, т.б. Қазақ халық космонимдерін ашып зерттеген К.Аронов.

Ғылыми атаулар құралсыз көзге көрінетін, сол сияқты арнайы құралдар арқылы көрінетін объектілерге тағылған. 1922 жылы бастап Халықаралық астрономиялық кеңесі жаңа ғылыми атаулар бекітіліп, түзетілді.

Космонимдер мен астронимдер құрылымдық құрамы бойынша негізінен бір немесе екі компонентті құрылым болып келеді.

75. Қазақ тіліндегі ойконимдер

Ойконим- тұрақты халық тұрақтарының атауы, мысалы: қала, ауыл, хутор, қалашық т.б.

Жалпы өздерің білетін елді мекен атауларын жазып, мағынасын ашасыздар! (бұл туралы мәлімет бұдан артық табылмады)

76. Трансонимизация құбылысы

Трансонимизация – белгілі бір ономастикалық класқа жататын жалқы есімнің екінші бір ономастикалық класқа көшуі арқылы жаңа атау жасау тәсілі.

Қазақ топонимиясында трансонимизация құбылысының негізінде адам аттарынан жасалған топонимдер ретінде қарастырылатын Нарынбайсай (өзен, Жезқазған жерінде), Долинғар (төбе, Қарағанды өңіріңде), Маханжон (бастау, Жезқазған жерінде) атауларын жатқызуға болады.

77. Қазақ тіліндегі гидронимдер

Ономастиканың үлкен бір бөлімі - гидронимия саласы болып табылады. Гидроним грек тілінен аударғанда "hydor - су + onyma, onoma - ат, атау, есім" кез келген су объектісін білдіретін жалқы есім, топонимнің бір түрі. Әр тілде қолданылатын гидронимдер өзіне тән гидрографиялық терминдер арқылы жасалады. Гидрографиялық терминдер күрделі топонимдер құрамына еніп қана қоймайды, түбір күйінде жалқы есімге өтіп, апеллятив атаулар да жасайды. Топонимикада гидронимдер ең көне атаулар деп есептеледі, сондықтан олардың мағынасын ашып жеткізу маңызды іс болып саналады. Гидронимия топонимиканың ең өзекті де ірі бөлімі болып табылады.

Гидронимдерге ғалымдар түрлі анықтамалар берген: Т.Жанұзақ "Қазақ ономастикасы" атты еңбегінде гидронимдерді топонимиканың бір бөлімі ретінде қарастырып, "өзен, су, көл аттары" деп анықтама береді.

Ғалымдардың тағы бір тобы "Гидронимия - өзендер мен көлдер, көлшіктер, бастау мен қайнарлар, бұлақ, құдықтардың жиынтық аты болып табылады" деп, жоғарыдағы берілген анықтаманы толықтыра кетеді.

78. Қазақ тіліндегі менсонимдер

Жалпы тіл білімінде жалқы есімдерді зерттеу объектісі ұлғайып, дамумен байланысты оның терминдік атауына да ерекше мән беріледі. Осыған орай зерттелген объектілердің атауларын тағамхана атаулары деп алып (тағамхана — пищеблок) синоним ретінде менсоним термині алынады.

Менсоним (латын тілінде тепsа «тамақ, түстену, асхана, науа (лоток), дүкеншік (лавка)» + грек тілінен опута, опота «ат, атау, есім») — азық-түлік сату, тамақтану орындарын атайтын жалкы есім, эргонимнің бір түрі, яғни тағамхана атаулары. Бұл терминді ономастикалық терминдерді зерттеген көптеген ғалымдардың шығарған төмендегі объективті критерийлеріне сәйкес келеді:

-термин көбінесе бір сөзді болуы керек:

-терминнің негізін грек және латын терминоэлементтері кұрағаны дұрыс, себебі терминнің халықаралық түсінігі болуы қажет.

Тамақтану, азық-түлік сату орындары атауларын жеке қарастырудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, қызмет көрсету үлгісі жағынан басым, себебі адамның күнделікті ең бірінші қажет ететіні — ас. Екіншіден, көпшілік тамақтану, азык-түлік сату орындарына атау беру уәжі әр қилы.

Менсонимдерді төмендегідей төрт түрге бөлу сирек кездеседі:

1.Хабарламалық - "Балык", "Ет", "Нан"

2.Нұсқаушы - "Есть что съесть"

3.Комиссивті - "Уют"

4.Экпрессивті - "Гиацинт", "Солнышко".

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]